Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте



бет1/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Кітапшалар




Авторы: Құмарық ауылдық балалар кітапханасы.
Мекен – жайы: Жамбыл облысы,
Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы,
Жібек жолы №74.
E-mail: bazarbaeva.gulnora@mail.ru
Құрастырушы:
Базарбаева Гулнора
Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі


Құмарық ауылдық балалар кітапханасы





Әйтеке би Бәйбекұлы
380 жыл (1644 – 1700 жж.)
/библиографиялық көрсеткіш/
2024 жыл


Мазмұны

Кіріспе
1.Тұғыры биік


2.Әйтеке би өмір жолы
3. Еңбегі
4. Ұлықталуы
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Әйтеке би Бәйбекұлы (1644 – 1700 жж.) – Тәуке хан (билік құрған жылдары 1680 – 1718 жж.) тұсында Хан Кеңесінің құрамына кірген, «Орда биі», қазақтың аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ол Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би сияқты ірі жеті бидің қатарында орталықтандырылған қазақ хандығының құқықтық заңдарының жинағы «Жеті Жарғыны» құрастырушылардың бірі болды. Әйтеке би қазақ мемлекеттілігінің орнығуына, сонымен қатар жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы «Ақтабан шұбырынды» болған Ұлы апатты кезеңдерде тиімді және тәуелсіз сыртқы саясатты қалыптастыруға зор ықпал етті. 
Өмірбаяны
Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте («текті әулет» – қазақтың дәстүрлі мәдениетінде зор мәнге ие, өйткені ондай адамдардың халыққа қызмет етуде ерекше миссиясы бар деп есептелген) дүниеге келді. Ол Кіші Жүздің тайпалар одағынан Әлім, оның ішінде Төртқара руынан шыққан. Оның ру шежіресінде қазақ тарихындағы атақты тимуридттер мемлекетінің негізін қалап, Самарқанды өзінің астанасы еткен Әмір Темірдің ең жақын кеңесшілерінің бірі Ораз би (1299–1385 жж.), Қоқан ханы Ақша (1622-1635 жж.), Самарқанды басқарған Жалаңтөс (1576-1656 жж.) қатарлы адамдар болды. Әйтеке би жастайынан Жалаңтөс баһадүр басқарған Самарқанның бұқар хандары сарайларында тәрбиеленді. Ол Ұлықбек медресесінен, одан кейін
1
Самарқандағы «Шер-дор» (кейбір дерекөздерде Бұқарада) білім алды. Осылайша ол тарихи тағдыр тәлейіне орай талғампаз аристократтық ортада ержетіп қана қойған жоқ, тимуридттер сарайының маңызды шешімдеріне куә бола жүріп, сол кездегі медреселерде білім берудегі міндетті пәндер болып саналатын мұсылмандық құқық, логика, тарих, астрономия, математика мен риторика салаларынан жоғарғы білім де алды. Ол араб, парсы және шағатай тілдерін жетік түрде игерді. Осылардың барлығынан бұрын ол өз бойына көшпелі қазақ қоғамының құндылықтары мен мәдени дәстүрлерін сіңіре білді. Әйтеке бидің өмірлік ұстанымы – отаншылдық, өзіндік еркін ой мен өз халқына жанкешті қызмет ету болды. Ол 25 жасында-ақ өзбектер мен қарақалпақтардың бір бөлігі мен Кіші жүздің бас биі болып сайланды.
Қазақтар тайпалардың ортақ істері жөніндегі маңызды мәселелерді талқылау және қазақ мемлекеттілігін орнықтыру үшін Ордабасы, Күлтөбе мен Ұлытауда жүйелі түрде жиналыстар өткізіп тұрған. Бұл жиындарға барлық рулардың сұлтандары, беделді билер, жыраулар мен батырлар шақырылды. Олар сол кездегі қазақ қоғамының өмірі жайлы шешімдер қабылдады. Тәуке хан тұсында халық арасында: «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген сөз айтылған. Әйтеке би Тәуке ханның Хандық Кеңесіне Кіші Жүздің бас биі ретінде тартылды. Тәуке хан сол кездегі Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтке билер қатарлы жеті ірі биге орталықтандырылған қазақ хандығының құқықтық негізі – «Жеті Жарғыны» дайындауды тапсырды. Ол Тәуке ханның Хан Кеңесінде кеңесшілік қызметпен ғана шектелген жоқ, жоңғарларға қарсы жорықтарға тікелей қатысты. Оның жоңғарлардың Сайрам қаласына шабуылын тойтаруға қатысқаны белгілі. Ал 1683 жылы ол өзі Кіші Жүздің әскери жасағын басқара отырып, бес мың әскерімен жоңғар әскербасы Ғалдан-Бошақтыға қарсы соғыста жеңіске жетті. Әйтеке би өзінің Хан Кеңесінде сөйлеген әйгілі сөздерінде қылыштың жүзіндей өткірлік қағидатын ұстанды. Көптеген айғақтарға қарағанда оның сөздері «қара қылды қақ жарып», руластары арасындағы небір даулы мәселелерді шешуге көмектесіп, дұрыс мемлекеттік шешімдерді болжай білді.
2

Қазақстан Республикасында Ақтөбе қаласында орналасқан Әйтеке би ескерткіші



Қазақстан Республикасының астанасында Нұр-Сұлтан каласында орнатылған қазақ мемлекетінің ұлы билері – Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би ескерткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет