Өндіріс технологиясы мен көлік техникасын жөндеу негіздері



Дата09.06.2016
өлшемі300.04 Kb.
#124744
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Көліктік техника және логистика кафедрасы


ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН КӨЛІК ТЕХНИКАСЫН ЖӨНДЕУ НЕГІЗДЕРІ
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Павлодар
УДК 629.3/4 (07)

ББК 39.1/2я7

Ө-46


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
Рецензент: техникалық ғылымдар кандидаты, профессор
Балтабекова А.Н.

¤ндірістіњ технологиялыќ негіздері жєне кµліктік техниканы жµндеу. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Павлодар, 2010.

Әдістемелік нұсқауларда «¤ндірістіњ технологиялыќ негіздері жєне кµліктік техниканы жµндеу» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға дайындық, орындау тәртібі және есепті тапсыру бойынша ұсыныстар келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулар ҚР МЖБС 3.08.341-2006 жалпыға міндетті білім стандартына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленіп, 050713 – Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығының студенттеріне арналған.


Балтабекова А.Н., 2010.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010

Мазмұны





Кіріспе

4

1


Зертханалық жұмыстарды орындаудың және техника

қауіпсіздігінің негізгі ережелері



5

2

Зертханалық жұмыстар




2.1

Зертханалық жұмыс №1. Білдек құралдарын әрекетке келтіру принципін оқып білу, дайындаманы қысу күшін анықтау




2.2

Зертханалық жұмыс №2. Токарлы-револьверлық операцияны жобалап жасау және револьверлық білдекті баптау




2.3

Зертханалық жұмыс №3. Жөндеуге түскен көліктік техника тетіктерінің техникалық жағдайын зерттеу және олардың ақауларын анықтау




2.4

Зертханалық жұмыс №4. Керіліспен жылжымайтын цилиндрлік және бұрандалы қосылыстарды құрастыру




2.5

Зертханалық жұмыс №5. Іштен жанатын қозғағыштар клапанының ершігін қалпына келтіру




2.6

Зертханалық жұмыс №6. Көліктік техниканы жөндеу кезіндегі тораптар мен тетіктерді теңгеру үрдісін зерттеу







Әдебиеттер





Кіріспе

Әдістемелік нұсқаулар құрамына зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі және өзін-өзі ұстау ережелері, зертханалық жұмыстарды өткізу технологиясы және есепті дайындау бойынша қысқаша нұсқаулықтар кіреді. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер теориялық білімді тереңдетеді және көліктік техника тораптарының ақауларын анықтау, жөндеу бойынша тәжірибелік дағды алады.

Нақты бір зертханалық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау келесі бөлімдерден тұрады: жалпы мәліметтер, зертханалық жұмысқа дайындыққа арналған тапсырма, зертханалық жұмысты орындау тәртібі, есепті дайындауға қойылатын талаптар және бақылау сұрақтары.

Әрбір зертханалық жұмысты орындау келесі кезеңдерден тұрады:



  • Студенттердің зертханылық жұмысқа дайындалу бойынша

өздік жұмысы;

  • оқытушының студентті зертханалық жұмысқа дайындығын

тексеру;

  • зертханалық жұмысты орындау;

  • жұмыс орнына ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсету,

есепті дайындау және жұмыстың нәтижелерін қорғау.

Әдістемелік нұсқауларда келтірілген әрбір зертханалық жұмыс боынша бақылау сұрақтары оқытушының барлық студенттерге деген әділ көзқарасын көрсетеді. Өйткені әрбір студенттің зертханалық жұмысқа өздігінен дайындалған және есепті тапсырған кезде сұрақтар тізімімен танысу мүмкіндігі бар.

Қолдануға ұсынылып отырған әдебиеттер тізімі студенттердің зертханалық жұмыстарды орындауға өздігінен дайындалуға мүмкіндік береді.

1 Зертханалық жұмыстарды орындаудың және техника

қауіпсіздігінің негізгі ережелері

1.1 Зертханаларда жұмыс істеу тәртібі
1.1.1 Зертханалық жұмыстарды өткізу алдында студенттер осы ережелермен танысу керек, ал оқытушы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауды жүргізуге міндетті. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаудан өткен студент кафедра журналына және зертханалық жұмыстар журналына қол қою керек. Нұсқаудан өтпеген және журналға қол қоймаған студент зертханалық жұмыстарды орындауға жіберілмейді.

1.1.2 Студенттерге тыйым салынады:

– сабаққа сыртқы киіммен келуге;

– зертханадан тетіктерді, аспаптарды шығаруға және сырттан заттарды кіргізуге, темекі тартуға;

– сабақ үстінде зертханада жүріп тұруға немесе зертханалық жұмыспен қарастырылмаған әрекеттерді жасауға (басқа жұмыс орнына, қосылған аспаптар мен аппаратураларға жақындауға, қолмен тисуге);

– үстелдер мен плакаттарға жазуға, зертхана заттарын бұзуға, қағаздарды немесе қоқысты қалдыруға;

– техника қауіпсіздігі ережелеріне қарсы келетін әрекет жасауға.

1.2 Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
1.2.1 Зертханалық жұмыстарды орындаған кезде аспаптарды, қондырғыларды немесе басқа жабдықтарды тек қана оқытушының немесе оқу шеберінің рұқсатымен, олардың құрылысын және техника қауіпсіздігі талаптарын оқып білгеннен кейін ғана қосуға болады.

1.2.2 Агрегаттарды бөлшектеуді, құрастыруды, реттеуді және оларды іске қосуды әдістемелік нұсқауларға сәйкес іске асыру керек.

1.2.3 Жұмыстарды орындау үрдісінде ақаулы аспапты қолдануға болмайды.

1.2.4 Аспапты немесе машинадан шешіліп алынған тетікті үстелдің шетіне қоюға немесе бөлшектеліп жатқан машинада қалдыруға болмайды;

1.2.5 Өрт болған кезде оқытушы топ старостасымен және кезекшімен бірге өртті сөндіру бойынша шараларды іске асырады:

– топтың старостасы жалпы рубильникті қосады;

– оқытушы студенттерді зертханадан шығару және өртті сөндіру бойынша шараларды қабылдайды, ал қажет болған жағдайда өрт туралы 101 телефон нөмірі бойынша хабарлайды.


1.3 Зертханалық жұмыстарды орындау және есепті тапсыру

тәртібі
Зертханалық жұмыстардың тақырыбы және орындау кезегі курстың бағдарламасымен анықталады және бірінші сабақты оқытушымен хабарланады.

Зертханалық жұмыстар сабақтардың кестесіне сәйкес орындалады. Жұмыс орындарын дайындайды оқытушының нұсқауымен оқу шебері орындайды.

Студент кезекті зертханалық жұмысты орындауға қажетті оқу және әдістемелік құралдарды оқып, дайын болу керек. Зертханалық жұмыстарды орындауға дайындығының деңгейін студент әдістемелік нұсқауларда келтірілген сұрақтар бойынша тексереді.

Зертханалық жұмыс бойынша есепті әрбір студент жеке орындайды. Зертханалық жұмыстардың нұсқасы бар тапсырмалары сынақ кітапшасының соңғы екі санына сәйкес орындалады. Есеп қолдан сиямен жазылады; жұмыстағы ықшамсызбалар мен графиктер сызба аспаптарын қолдана отырып, қарындашпен сызылады.

Зертханалық жұмыстар бақылау іс-шараларының календарлық графигіне сәйкес тапсырылады. Осы графикке сәйкес балдар қойылады.


2 Зертханалық жұмыстар

Осы бөлімде «¤ндірістіњ технологиялыќ негіздері жєне кµліктік техниканы жµндеу» пәні бойынша зертханалық жұмыстардың мазмұны келтірілген. Зертханалық жұмыстар технологиялық жабдықтарды оқып білуді және тетіктерін ақауларын анықтау, оларды қалпына келтіру, құрастыру және теңгеру бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындауды қарастырады.



2.1 Зертханалық жұмыс №1. Білдек құралдарын әрекетке келтіру принципін оқып білу, дайындаманы қысу күшін анықтау
Жұмыс мақсаты – білдек құралының құрылысын, оны әрекетке келтіру принципін оқып білу және осының негізінде күштердің әсер ету ықшамсызбасын құрау, құралда дайындаманы қысу күштерін есептеу әдістемесін тәжірибеде меңгеру.
Жалпы мәліметтер

Жобаланған технологиялық үрдісті іске асыру үшін сәйкес технологиялық жабдықтау, соның ішінде білдек құралдары қажет. Білдек құралдары деп білдекте орнатылатын және өңделетін дайындаманы орнату мен бекітуге арналған құрылғыларды атайды.

Барлық құралдарды негізгі үш топқа бөлуге болады: әмбебап, мамандандырылған және арнайы. Әмбебап құралдар баптауды қажет етпейтін, жалпы тағайындамалы болып табылады және әртүрлі тетіктерді өңдеу үшін қолданылады. Мамандандырылған құралдар пішіндері және өлшемдері бойынша әртүрлі тетіктерді өңдеу үшін қайта баптауды қажет ететін, әмбебап құралдарға жатады. Арнайы құралдар берілген тетікті өңдеу бойынша белгілі бір операция үшін арналған.

Құралдардың элеметтері болып белгілі бір ролді орындайтын тетіктер немесе күрделі емес тораптар табылады. Құралдардың негізгі элементтері: қыспақтардың жетегіне арналған орнату, қыспақты, күштік құрылғылар, кескіш аспаптарға арналған бағыттауыштар, бөлгіш, тұлғалық, қосалқы және бекіткіш.

Дайындаманың құралда орнатылған жағдайын, оның өңдеу үрдісінде дірілдеуі мен ығысуын болдырмауды қамтамасыз ететін қыспақты элементтер маңызды орын алады.

Қыспақты құрылғылар қарапайым және қиыстырылған болады. Қарапайым қыспақтарға бұрамалы, эксцентрикті, сыналы, иінтіректі жатады. Ұстатқыштар деп аталатын, қиыстырылған қыспақты құрылғылар бірнеше қарапайым қыспақтардан тұрады. Бұрамалы қыспақтар ең қарапайым және әмбебап болып табылады.

Жетек түрі бойынша қыспақты құрылғылар қолмен іске асатын, механикаландырылған және автоматтандырылған болып бөлінеді.

Пневмогидравликалық, гидравликалық және пневматикалық жетекті механикаландырылған қыспақты құрылғылар кеңінен қолданылады.


Зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған тапсырмалар

1) Білдек құралдарының тағайындамасын және топтастырмасын оқып білу [1, 49...50б.]

2) Білдек құралдарының элементтерін оқып білу [1, 50...59б.]

3) Құралдардың қыспақты құрылғыларын және олардың жетектерін оқып білу [2, 34...57б.; 5, 52...59б.]

4) Дайындаманы қыспақты құрылғылардың әртүрлі түрлерінде қысу күштерін есептеу әдістемесін оқып білу [2, 32...56б.]
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі

1) Жабдықтар және бастапқы материалдар: білдек құралының үлгісі және құрастыру сызбаларының көшірмесі; аспап жинағы, сүртетін материалдар.

2) Білдек құралының құрылысын қарастырып, келесі мәліметтерді айқындау керек: құралдың атауын, оның тағайындамасын, дайындаманы орнықтандырудың қабылданған ықшамсызбасын, бір уақытта өңделетін дайындамалар санын. Қыспақты құрылғыны, құрал тұлғасының түрін және құралды білдекте бекіту тәсілін, орнату, бағыттауыш, центрлегіш элементтерді белгілеу және суреттеу қажет.

3) Қыспақты құрылғының жұмысын толық оқып білу керек.

Жетектен орындайтын буынға дейін барлық аралық буындарды қосып, құралдың қыспақты механизмінің ықшамсызбасын сызу керек.

4) Құралдың қыспақты механизмінің күшінің жалпы беріліс қатынасын анықтау теңдеуі:


(1)
(2)
Бұл жерде – сыналы берілістің беріліс саны;

– сыналы берілістің ПӘК-і, =0,96;

– сына бұрышы, =;

– дайындаманы қысқан кездегі ұстатқыштың

бұрылу бұрышы, ,;



– ұстатқыштың беріліс саны, ;

-дайындаманы қысу нүктесінен тартқыш өсіне дейінгі қашықтық, -дайындаманы қысу нүктесінен ұстатқыш таянышы өсіне дейінгі қашықтық.

1-сурет – Іскенже типті жоңғылау құралы


2-сурет – Құралдың қыспақты құрылғысының элементіне әсер ететін күштер ықшамсызбасы

Цилиндр өзегіндегі ақиқат күшті және қысу күшін анықтау формуласы:


(3)
Бұл жерде – жетек цилиндрі поршеньнің диаметрі, ;

– цилиндрдегі ауа қысымы, ;

– пневможетек ПӘК-і, .
(4)
5) Бүйіржақтан жоңғылау үрдісінде әсер ететін күштер ықшамсызбасын тұрғызу керек:

3-сурет – Жоңғылау үрдісінде әсер ететін күштер ықшамсызбасы


6) Бүйіржақтан жоңғылау үрдісінде әсер ететін күштерді анықтау керек:

– үстел жазықтығына параллель көлденең күш

– үстел жазықтығына перпендикуляр тік күш

– дайындаманы таянышқа қысатын өстік тік күш

Кесудің жанама күші:
(5)
Бұл жерде , .
Есептің мазмұны

1) Жоңғылау құралының қыспақты элементіне әсер ететін күштер ықшамсызбасы.

2) Бүйіржақтан жоңғылау үрдісінде дайындамаға әсер ететін күштер ықшамсызбасы.

3) Дайындаманы қысу және кесу режімдерін есептеу.

4) Қорытынды және құралдың құрылысын жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Бақылау сұрақтары

1) Білдек құралдары дегеніміз не? Олардың тағайындамасы.

2) Білдек құралдарының топтастырмасы.

3) Білдек құралдарының негізгі элементтері, олардың тағайындамасы.

4) Қыспақты құрылғылардың түрлері және олардың жетектері.

2.2 Зертханалық жұмыс №2. Токарлы-револьверлық операцияны жобалап жасау және револьверлық білдекті баптау
Жұмыс мақсаты – тапсырылған тетікті өңдеу бойынша токарлы-револьверлық операцияны жобалап жасау және осы тетіктерді дайындау үшін білдекті баптау дағдысын алу.
Жалпы мәліметтер

Токарлы-револьверлық операциялар қиықжиек алу, бүйіржақты өңдеу, ішкі және сыртқы бұрандаларды кесу, тетіктерді сыртқы және ішкі айналу беттері бойынша кешенді өңдеуді қамтамасыз етеді. Токарлы-револьверлық білдектерде тетіктерді шыбықтардан және даналанып жасалатын дайындамалардан дайындауға болады. Токарлы-револьверлық білдектер қолмен басқарылатын, жартылай автоматты және автоматты болып шығарылады. Осыған байланысты олар сериялық және жаппай өндірісте кеңінен қолданылады. Бұл білдектердің токарлы және токарлы-бұранда кескіш білдектер алдында келесі артықшылықтары бар: өнімділігі жоғары, бұйымның өзіндік құны төмен, жұмысшылардың жұмыс істеу жағдайы жақсырақ.

Токарлы-револьверлық білдектерді тиімді пайдалану үшін операцияларды жобалаған кезде операцияларда ауысымдарды қатар атқарып, суппорттар жұмысын қатар атқарып, топтап өңдеу және басқа да тетіктерді өнімді өңдеу тәсілдерін мақсималды түрде қолданып, баптау ықшамсызбаларын жобалап жасау қажет.
Зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған тапсырмалар

1) Тетіктерді токарлы-револьверлық білдектерде өңдеу технологиясын, оларды баптау және осы білдектерде тетіктерді өңдеуді интенсифтендіру әдістерін оқып білу керек [3, т.1, 263...272б.].


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі

1) Жабдықтар және бастапқы материалдар: токарлы-револьверлық білдек және оның паспорттық мәліметтері, шыбықты немесе даналанып жасалған дайындаманы бекітуге арналған құралдар, кескіш аспаптарды бекітуге арналған қосалқы асапаптар, кескіш және өлшегіш аспаптар, тетіктің нобайы немесе сызбасы.

2) 4-суретте келтірілген тетіктің контрутивтік-технологиялық сипаттамасын оқып білу керек:

– атауы: арнайы төлке, конструкторлық коды АБВГ 40 3251, 016 және жабық кемер, бұранда, ойық науаша, қасқалша жоқ сыртқы тегіс цилиндрлік бетті, ортасынан бір жағынан екінші жағына өтетін сатылы тесігінде бір жақты кемер және бұранда бар L>2D (L=35мм, D=40мм) айналу денесі болып табылады.

– тетік материалы: болат А12 ГОСТ 1414-82, НВ 203, в=500Мпа

– тетік массасы – 0,23 кг.

4-сурет – Арнайы төлке нобайы
3) 1-кесте формасы бойынша тетікті өңдеу ықшамсызбасын құру керек.
1-кесте

Беттің нөмірі (4-сурет)

Беттің пішіні және сипаттамасы

Механикалық өңдеу









4) 2-кесте формасы бойынша технологиялық үрдістің ықшамсызбасын құрау керек.


2-кесте

Тұрғы нөмірі

Ауысым нөмірі

Ауысым мазмұны









5) Баптау ықшамсызбасын жобалап жасау керек.

6) Анықтамалықтар және МЕСТ бойынша кескіш аспаптарды таңдау керек.

7) Әрбір ауысым үшін кесу режімдерін анықтау керек.

8) Барлық ауысымдар үшін техникалық мөлшерлерді есептеу және операциялық карталарды толтыру керек.

9) Токарлы-револьверлық білдекті баптауды іске асыру керек.

10) Бірінші тетікті өңдеу және барлық айқындауыштарды тексере отырып, өлшемдерді 3-кестеге толтыру.
3-кесте

Тетік нөмірі

Диаметр, мм

Ұзындығы , мм



















1



















2



















3




















Есептің мазмұны

1) Тетік нобайы.

2) Технологиялық үрдістің ықшамсызбасы.

3) Білдекті баптау ықшамсызбасы.

4) Кесу режімдерін және техникалық мөлшерлерді есептеу.

5) Операциялық карта (өңдеу тұрғыны оқытушы анықтайды).

6) Тетікті өлшеу кестесі.

7) Қорытынды және ұсыныстар.


Бақылау сұрақтары

  1. Қандай тетіктерді токарлы-револьверлық білдектерде

өңдейді?

2) Токарлы-револьверлық білдектердің түрлері.

3) Токарлы-револьверлық білдектердің токарлы және токарлы-

бұранда кескіш білдектер алдындағы артықшылықтары қандай?

4) Токарлы-револьверлық білдектерді баптау ерекшеліктері.

5) Токарлы-револьверлық білдектерде өңдеуді интенсифтендіру

әдістері.


3.3 Зертханалық жұмыс №3. Жөндеуге түскен көліктік техника тетіктерінің техникалық жағдайын зерттеу және олардың ақауларын анықтау
Жұмыс мақсаты – ақауларды және олардың әртүрлі кластағы тетіктердегі байланысын анықтау дағдысын алу, техникалық бақылау құралдарын пайдалану.
Жалпы мәліметтер

Ұзақ уақыт жұмыс істеу нәтижесінде және көліктік техника тораптарының пайдалану және техникалық сипатты себептері бойынша әртүрлі ақаулар пайда болады. Тетік ақауларын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: тозулар, тотығу және механикалық зақымдану, ескіру.

Тозу – бұл үйкеліс немесе сыртқы ортамен контакті кезінде пайда болатын және өлшемдердің немесе физика-механикалық қасиеттердің өзгеруімен сипатталатын, тетіктердің немесе олардың жабындарының біртіндеп бұзылу үрдісі. Тозудың түріне байланысты тетіктің зақымданулары әртүрлі болуы мүкін. Абразивті тозу кезінде тетіктердің жұмыс беттерінде көптеген сызықіздер мен тырнықіздер болады. Молекулярлы-механикалық тозу бір уақытта молекулярлық немесе атомдық күштердің әсері және механикалық әсерлер нәтижесінде пайда болады.

Тотты қирау тотығу түріне байланысты қаяу түрінде пайда болады.

Механикалық зақымданулар көптеген зиянды үрдістер әсерінен пайда болады: шыңдық жүктемелер, соққылар, дірілдер, ішкі кернеулер, шаршау. Жоғарыда аталған ақаулар тетіктерде көбінесе жынтық түрінде кездеседі және пайда болу шамасы мен түріне байланысты техниканың жарым-жарты немесе толық тоқырауын тудырады.

Ажыратып бөлшектелгеннен кейін тетіктер тазалау мен жуудан өтеді. Осыдан кейін тетіктер қалпына келтірусіз жарамды, қалпына келтіруге жататын және жарамсыз болып сұрыпталады. Бақылау тетіктерді бақылау мен сұрыптауға қойылатын техникалық шарттарға сәйкес іске асырылады.

Қалпына келтірусіз жарамды тетіктерге тозуы мүмкіндік шамалар шегінде жатқан тетіктер жатады. Тозуы мүмкіндік шама шегінен асқан, бірақ жарамсыз тетіктер тобына жатпайтын тетіктер қалпына келтіріліп, ары қарай пайдалануға жатады. Әртүрлі ақаулар салдарынан жарамсыз болып қалған тетіктер жарамсыз тетіктер қоймасына жіберіледі.

Бақылау операциялары көзбен байқап және аспаптардың көмегімен, ал кейбір жағдайда құралдармен іске асырылады. Көзбен байқап тетіктердің жалпы техникалық жағдайы тексереді және сыртқы ақаулары анықталады. Аспаптар көмегімен тетіктердің өлшемдері және геометриялық пішіннен ауытқуы тексеріледі. Жасырын ақауларды анықтау ақаукөргіштер көмегімен іске асырылады.


Зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған тапсырмалар

1) Тетіктер ақауларының пайда болу себептерін оқып білу [1, 141...143б.].

2) Күрделі жөндеуге түскен тетіктерді бақылау және сұрыптау технологиясын оқып білу [1, 175...184б.].

3) Серіппелерді ақауларын анықтау картасын және айқындауыштар кестесін дайындау.


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі

1) Жабдықтар және бастапқы материалдар: зертханалық үстел, бақылау-тексеру тақтасы, 0,6 Мпа қысымды қысылған ауа көзі, серіппелер серпімдігін анықтауға арналған аспап, төрт есе ұлғайтатын ұлғайтқыш, ШЦ-11-200-0,05 штангенциркуль (ГОСТ 4381-87), металдан жасалған сызғыш (ГОСТ 427-75), бұрыштық, сүңгіш жиыны, серіппелер жиынтығы, серіппелер айқындауыштары.

2) 4-кестеде көрсетілген серіппелер айқындауыштарының шамаларын өлшеу керек.
4-кесте

Серіппелер айқындауыштары

Серіппе нөмірі және айқындауыш шамасы

1

2

3

4

Еркін күйдегі ұзындығы, , мм













Орамдар саны,













Сымның диаметрі, , мм













Сыртқы диаметрі, , мм













Таяныш орамдары бойынша ішкі диаметр, , мм













Серіппе түрі













Қайда орнатылған












3) Серіппелер күйін анықтау керек:

– төрт есе ұлғайтатын ұлғайтқыш көмегімен серіппенің жұмыс және таяныш орамдарын қарап тексеру керек, ақаулық белгілерінің бар екендігін анықтау керек. Ал егер олар болмаса, тозу, тотығу және зақымдану сипаттамаларын және орналасу орындарын анықтау керек.

– тапсырылған ұзындық бойынша аспапта серіппенің күшін анықтау керек.

4) Қарап тексеру, өлшеу және серіппелер серпімдігін бақылау нәтижелерін ақауларды анықтау картасына енгіземіз (5-кесте).

5) Серіппелердің жарамдылығы туралы шешім қабылданады.


Есептің мазмұны

1) Серіппенің нобайы және техникалық сипаттамасы.

2) Серіппенің ақауларын анықтау картасы.

3) Қорытынды және ұсыныстар.


Бақылау сұрақтары

1) Көліктік техника тетіктерінің ақауларының пайда болуының

негізгі себептері.


  1. Тетіктердің ақауларын бақылау әдістеріне қысқаша

сипаттама.

3) Серіппелер серпімдігін жоғалту себебін атаңыздар.

4) Күрделі жөндеу кезіндегі серіппелердің техникалық

жағдайын бақылау тізбектілігі.


5-кесте

Конструктивтік элементтер

Жұмыс сызбасының талаптары

Ақиқат күйі

Қорытынды

1Жұмыс орамдары

1.1 Сымның диаметрі

1.2 Бет сапасы: жарықшалар, қаяулар жіберілмейді

1.3 Қадам тұрақты








2Таяныш орамдары

2.1 Ішкі диаметр

2.2 Орам соңының қалыңдығы

2.3

2.4 Жазықтық: орамның иінде тербелуі жіберілмейді









3 Серіппе

3.1 Еркін күйдегі ұзындығы

3.2 жүктемемен ұзындығы

3.3 Орамдар саны,

3.4 Таяныш орамының серіппе өсіне перпендикуляр еместігі >

3.5 Таяныш және жұмыс орамдары арасындағы саңылау <0,03









3.4 Зертханалық жұмыс №4. Керіліспен жылжымайтын цилиндрлік және бұрандалы қосылыстарды құрастыру
Жұмыс мақсаты – керіліспен жылжымайтын цилиндрлік және бұрандалы қосылыстарды құрастыру ерекшеліктерін оқып білу; баспақтармен, қолмен атқарылатын және механикаландырылған аспаптармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдысын алу; сомынбұрағыштар және сомын мен динамометрлік кілттердің ерекшеліктерін оқып білу.
Жалпы мәліметтер

Жалпы алғанда агрегатты және машинаны құрастыру үрдісі әртүрлі өзара байланысты тетіктерді қосу және түйіндестіру операцияларынан тұрады. Құрастыру үрдісінің еңбексыйымдылығының 25...30%-на дейін бұрандалы қосылыстарды құрастыру алады. Бұрандалы қосылыстар қосылатын тетіктердің сенімділігін, беріктігін, дұрыс орнатылуын қаматамасыз етеді және олардың өзара орналасуын реттеуге мүмкіндік береді.

Бұрандалы қосылыстардың сенімді жұмысы үшін құрастыру кезінде келесіні қамтамасыз ету керек: тартып қысудың қажетті шамасын; сомындар мен бұрандамаларды тартып қысу тізбектілігін және біркелкілігін; сомын кесігі мен қысылатын тетіктің таяныш бетінің бұранда өсіне перпендикулярлығын; тартып қысуды бірнеше амалда орындау: алдымен қажетті күштің жартысына тең күшпен, ал содан кейін толық күшпен; қажетті тәсілмен өздігінен бұрап босатудан сақтау; тартып қысу күшін бақылау. Осы қосылыстарды құрастыру үшін әмбебап және арнайы электрлік, пневматикалық, гидравликалық және пневмогидравликалық жетекті механикаландырылған аспаптар қолданылады.

Кепілді керіліспен қосылыстарды құрастыру әртүрлі гидравликалық және пневматикалық баспақтардың, құралдардың көмегімен іске асады.


Зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған тапсырмалар

1) Көліктік техниканың тетіктерінің, тораптарының және агрегаттарының қосылу түрлерін және оларды іске асыру тәсілдерін оқып білу [1,76...80б.].

2) Бұрандалы қосылыстарды құрастыру ерекшеліктерін оқып білу [1,421...422б.].

3) Керіліспен қосылыстарды құрастыру технологиясын және баспалау күшін анықтау әдістемесін оқып білу [1,411...419б.].



Зертханалық жұмысты орындау тәртібі

1) Жабдықтар және бастапқы материалдар: слесарлық шеберүстел, тораптарды құрастыруға арналған үстел, гидравликалық баспа, пневматикалық сомынбұрағыш (ГОСТ 10210-83), кесіктік сомын кілттері (ГОСТ 24372-80), динамометрлік кілт ДК-15, штангенциркуль ШЦ-11-160-0,05 (ГОСТ 166-80).

2) Беріліс қорабы қақпағының бұрандамаларын әртүрлі кілттермен тартып қысуды іске асыру керек. Тартып қысудың оперативтік уақытын анықтау керек.

3) Аспаптың әрбір түрімен бұрандамаларды тартып қысу моментін динамометрлік кілтпен анықтау керек. Қосылыс тетіктерін жүктейтін күш келесі формула бойынша анықталады:


(6)
Бұл жерде – қолданылған аспап түрімен тартып қысу моменті, ;

– бұранданың нақтылы диаметрі, м.
4) Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін 6-кестеге толтыру керек.
6-кесте



Аспап түрі

Тартып қысу уақыты, с

Тартып қысу моменті, Нм

Жүктейтін күш, Н

1

2

3

4

5

5) Беріліс қорабы білігінің мойынағы диаметрін және подшипниктің ішкі сақинасы тесігінің диаметрін анықтау керек.

6) Керілісті қондырманы , мкм келесі формула бойынша анықталады:
(7)
Бұл жерде – білік мойынағының диаметрі, мм;

– сақина тесігінің диаметрі, мм.
7) Подшипниктің ішкі сақинасының білікпен қосылуының ақиқат керілісін келесі формула бойынша анықтау керек:
(8)
Бұл жерде және – түйіндесетін беттердің микротегіс еместіктерінің биіктігі, .
8) Баспалау күшін келесі формула бойынша анықтау керек:
(9)

Бұл жерде – баспалау кезіндегі үйкеліс коэффициенті, болаттан жасалған тетіктерді баспалау кезінде ;



– беттің нақтылы диаметрі, мм;

– баспалау ұзындығы, мм;

– контактік беттегі қысылу кернеуі, Мпа,
(10)
Бұл жерде – есептік керіліс, мкм;

және – коэффициенттер, 17-кестеден [1, 412 б.] алынады;

және – түйіндесетін тетіктерге арналған серпімділік модулі, Мпа; болат үшін .
9) Зертханада бар жабдықтар көмегімен берілген қосылысты құрастыруды іске асыру керек.
Есептің мазмұны

1) Бұрандамаларды тартып қысу уақытын және моменттерін өлшеу және жүктеуші күштердің есептік мәндері нәтижелерінің кестесі.

2) Қондырма керілісін және подшипникті білікке баспалау күшін есептеу.

3) Подшипникті білікке баспалау кезінде қолданылатын жабдықтар сипаттамасы.


Бақылау сұрақтары

1) Топтық бұрандалы қосылыстың құрастыру сапасын және сенімділігін қамтамасыз ететін шарттар.

2) Керіліспен қосылу сенімділігін және құрастыру сапасын қамтамасыз ететін шарттар.

3) Бұрандалар көмегімен қосылатын беріліс қорабының тетіктері.

4) Керіліспен қосылатын беріліс қорабының тетіктері.

5) Керіліс және бұранда көмегімен тетіктерді құрастыру кезіндегі жұмыстарды механикаландыру құралдары.


3.5 Зертханалық жұмыс №5. Іштен жанатын қозғағыштар клапанының ершігін қалпына келтіру.
Жұмыс мақсаты – Слесарлық жөндеу операциясының әдісін меңгеру, қолмен атқарылатын және механикаландырылған аспаптардың көмегімен қозғағыш клапанының ершігін жөндеу, жөндеу сапасын бақылау құралдары бойынша тәжірибелік дағды алу.
Жалпы мәліметтер

Жұмыс істеу үрдісінде клапан ершіктері жұмыс қоспасының, жанар-жағармайдың, жоғары температураның, клапанды ершікке отырғызған кезде соққылар мен үйкеліс әсеріне ұшырайды. Бұл сызықіз, қаяқ, диаметрінің ұлғаюы және пішінінің өзгеруі түрінде байқалатын тозулар мен тотығу зақымдануларының пайда болуына әкеп соғады.

Ершіктің жұмыс қиықжиегінің мүмкіндік шектегі тозуы, бақылау мөлшерлегіштің төмендеуі, сондай-ақ қаяулар, сызықіздер, күйік шөгінділері және бағыттауыш төлкедегі тесікке қатысты жұмыс қиықжиегінің өстес еместігі слесарлық-механикалық өңдеумен жойылады. Ол үшін жұмыс қиықжиегін үңгіштейді немесе ажарлайды, содан кейін ысқылайды.

Ұңғылауды клапанның бағыттауыш төлкесінің тесігін өңдеу үшін қолданады. Ұңғылаудан кейінгі беттің кедір-бұдырлығы R=1,25…0,63мкм, өлшемнің және пішіннің дәлдігі IT5-IT7.

Үңгіштеуді тістері ВК-6 қатты қорытпадан жасалған конусты үңгішпен орындайды. Өңделген беттің кедір-бұдырлығы R=2,5…0,63мкм.

Клапан ершігінің қиықжиектерін үңгіштеуді (ажарлауды) келесі тізбекпен орындайды: таза, тегіс бетті алғанға дейін жұмыс қиықжиегін; жұмыс қиықжиегінің диаметрін (үлкен конустың диаметрі) сақтай отырып, төменгі қосалқы қиықжиекті (75); жұмыс қиықжиегінің қажетті енін алғанға дейін жоғарғы қосалғы қиықжиекті (15).

Ажарлауды пневматикалық немесе электр бәрбі көмегімен, түйіршіктілігі 16...20 арлығындағы конусты шарықтаспен іске асырады. Өңделген беттің кедір-бұдырлығы R=1,25…0,08 мкм.

Ысқылауды бір, екі, ал кейбір жағдайларда үш ауысымда орындайды. Сонымен бірге диаметрге 0,02...0,005 мм әдіп алынады. Ысқылау еркін қажақты түйіршіктермен іске асады. Олар байланыстыратын сұйықтықпен (минералды май, дизель майы және жанар-жағармайы) ысқыш бетіне жағылады. Қолмен ысқылау кезіндегі жылдамдық 2,6 м/мин, механикалық ысқылау кезінде – 10...30 м/мин.


Зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған тапсырмалар

1) Тетіктердің тотығудан болатын зақымдануларын оқып білу керек [1, 135...141б.].

2) Қозғағыш клапанының ершігін қалпына келтірудің технологиялық үрдісін оқып білу керек [4, 283б.; 5, 108...114б.].
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі

1) Жабдықтар және бастапқы материалдар: слесарлық шеберүстел, ЦБК-2447 ажарлау машинасы; цилиндр бірікпесі бастиегін орнатуға арналған құрал; құралбілік және пневматикалық бәрбімен ажарлағыш шарықтастар 15,3045,75; тістері ВК-6 қатты қорытпадан жасалған 15,3045,75 үңгіштер жинағы; жұмыс қиықжиегінің центрлестігін тексеруге арналған аспап; конусты мөлшерлегіштер 3045; штангенциркуль ШЦ-11-250-0,05 (ГОСТ 166-80); төрт есе ұлғайтатын ұлғайтқыш; клапандарды ысқылауға арналған қолмен атқарылатын және пневматикалық бәрбілер; қосалқы серіппе; ысқылауға арналған майұнтақ.

2) Клапан ершігі (цилиндр бірікпесі бастиегі шеберүстелде орнатылған) ақауының түрі және сипаты қарау арқылы анықталады.

3) Қиықжиекті өңдеу әдісі таңдалады: үңгіштеу немесе ажарлау.

4) Технологиялық карта-есепке (7-кесте) өңдеу тізбектілігі және қолданылатын аспап жазылады.
7-кесте

Ауысым №

Ауысым мазмұны

Технологиялық режім

Құрал

Аспап















5) Клапандарды ысқылау қолмен атқарылатын немесе механикаландырылған аспаппен іске асырылады. Алдан-ала астына серіппе орнатып, клапанды ершікке қондырады да, оң және сол жаққа айналдырады. Айналдыру бағытын ауыстырған сайын клапанды серіппе көмегімен көтереді. Клапанды орнатқан кезде оның өзектемірін майлайды, ал клапанның жұмыс қиықжиегіне ысқылау майұнтағын жағады.

6) Операцияны бақылауды іске асыру керек: ысқыланатын беттер технологиялық ластанулардан тазаланады, беттер тексеріледі (қиықжиек беті тегіс, дақтар мен сызықіздерсіз болу керек), «ершік-клапан» түйіндесуінің жақсы қымталғандығы керосинмен тексеріледі.
Есептің мазмұны

1) Технологиялық карта-есеп.

2) «Клапандарды ысқылау» операциясын орындау сипаттамасы.
Бақылау сұрақтары

1) Клапан ершігінің мүмкіндік ақаулары және олардың пайда болу себептері?

2) Клапан ершігін жөндеу тәсілдері және қолданылатын жабдықтар.

3) Қозғағыш клапаны ершігін қалпына келтіру бойынша операцияның құрамы, операцияда қолданылатын аспаптар мен материалдар.

4) Клапандарды ысқылау сапасын бақылау тәсілдері және құралдары.

3.6 Зертханалық жұмыс №6. Көліктік техниканы жөндеу кезіндегі тораптар мен тетіктерді теңгеру үрдісін зерттеу.
Жұмыс мақсаты – тетіктердің теңгерілмегендігінің мәні және көліктік техниканың сенімділігі мен ұзақ уақыттығына айналатын тетіктердің теңгерілмеген массаларының әсері туралы білімді тереңдету; тіркестің жетектегі делегейінің статикалық теңгеруін орындаудың тәжірибелік дағдысын алу.
Жалпы мәліметтер

Көліктік техниканың сенімділігі мен ұзақ уақыттығы айтарлықтай мөлшерде айналатын тетіктердің (иінді және карданды біліктер, маховиктер, тіркес делегейлері, доңғалақтар) теңгерілмегендігі салдарынан болатын дірілдер шамасынан тәуелді. Тетіктер мен тораптардың теңгерілмегендігінің пайда болу себептері: өңделмеген беттер өлшемдерінің дәл еместігі; материал тығыздығының біркелкі еместігі; құрастыру қателіктері.

Теңгерілмегендікті механикалық өңдеу немесе құрастыру кезінде теңгеру арқылы жояды. Делегейлер класындағы тетіктерді статикалық теңгеруге ұшыратады, ал білік класындағы тетіктерді – динамикалық теңгеруге. Сонымен қатар теңгерілмегендікті металл артықшылығын алып тастау арқылы, металдан жасалған салмақша немесе тілімшелерді пісіріп қосу алқылы жояды.

Статикалық теңгеру призмаларда немесе аунақшаларда іске асырылады. Динамикалық теңгеруді тетікті айналдырған кезде теңгергіш білдектерде іске асырады.


Зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған тапсырмалар

1) Айналатын тетіктерің теңгерілмегендігінің көліктік техниканың ұзақ уақыттығына әсер етуін оқып білу және тетіктердің теңгерілмегендігін жою әдістері [1, 404...411б.].

2) Динамикалық теңгеруге арналған білдектің жұмыс істеу принципін оқып білу [1, 409б.].
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі

1) Жабдықтар және бастапқы материалдар: шеберүстел; теңгергіш салмақшалар жиыны бар тіркестің жетектегі делегейлерін статикалық теңгеруге арналған құрал; электр бәрбі; штангенциркуль ШЦ-1-160-0,1 (ГОСТ 166-80); аспаптар (балға, атауыз, бұрғы жиыны), деңгей; ермексаз; тіркестің жетектегі делегейлері (6 дана); зертханалық таразы.

2) Деңгей көмегімен статикалық теңгеруге арналған құралдың призмалық бағыттауыштарының (пышақтарының) көлденеңдігін анықтау керек. Қажет болған жағдайда реттеу жұмыстарын атқарамыз.

3) Құралбілік құралдың бағыттауыштарына перпендикуляр болатындай етіп, делегей бар құралбілікті құралдың бағыттауыштарына орнатату керек. Теңгерілмеген масса моменті әсерінен делегей бар құралбілік бұрылып, бағыттауыштар бойынша ауырлық центрі құралбілік өсі астында болғанға дейін домалайды. Теңгерілмеген масса жағына диаметральды қарама-қарсы делегейдің жеңіл жағын бормен таңбалау керек. Делегейді бағыттауыштарға орнатуды әртүрлі жағдайда үш рет қайталаймыз.

4) Ермексаз кесегін (теңгергіш салмақша) делегейдің жеңіл жағына бекітеміз. Ермексаз массасын ұлғайтып немесе азайтып, призмадағы делегейдің кез келген жағдайдан домаламауына қол жеткізу керек.

5) Ермексаз массасын өлшеп, түзетуші салмақшаны таңдап, оны делегейге бекіту керек.

6) Теңгерілмеген масса айналуынан центрден тепкіш күштің шамасын анықтак керек:
(11)

Бұл жерде – делегейдің салмағы;



– ауырлық күшінің үдеуі, ;

– айналу өсінен делегейдің ауырлық күшінің ығысуы, м;

– тетіктің айналу жиілігі, айн/мин.
(12)

Бұл жерде – ермексаз салмағы, кг;



– түзетуші салмақшаны бекітуге арналған делегейде тесіктердің орналасу радиусы, м.
Есептің мазмұны

1) Тіркестің жетектегі делегейін теңгеру операциясын орындау тізбектілігін суреттеу.

2) Теңгерілмеген массаның айналуынан центрден тепкіш күштің есебі.
Бақылау сұрақтары

1) Тетіктер мен тораптардың теңгерілмегендігінің пайда болу себептері қандай?

2) Тетіктердің теңгерілмеген массамен айналуы механизмнің жұмысына қалай әсер етеді?

3) Қандай тетіктер статикалық теңгеруге ұшырайды?

4) Қандай тетіктер динамикалық теңгеруге ұшырайды?

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Шадричев В.А. Основы технологии автостроения и ремонт автомобилей: Учебник для ВУЗов. – Л.: Машиностроение, 1976.-560 с.

2. Болотин Х.Л., Костромин Ф.П. Станочные приспособления. Изд. 5-е, перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1973.-344 с.

3. Справочник технолога-машиностроителя. В 2-х т. Т.1 / Под ред. А.Г. Косиловой Р.К. Мещерякова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1985.-656 с.



4. Дехтяринский Л.В. и др. Капитальный ремонт автомобилей. Справочник / Под ред. Р.Е. Есенберлина. – М.: Транспорт,1989.-334 с.

5. Боднев А.Г., Шаверин Н.Н. Лабораторный практикум по ремонту автомобилей: Учебное пособие. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Транспорт, 1989.-142 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет