Өндірістік жарықтандыру, желдету, жылыту жүйелерін гигиеналық бағалау


Артық жылу мөлшерімен күресуге арналған ауа алмасуды есептеу және баға беру



бет7/7
Дата22.11.2022
өлшемі84.2 Kb.
#465438
1   2   3   4   5   6   7
5.Табиғи және жасанды жарықтандыру гигиеналық бағалау (копия)

Артық жылу мөлшерімен күресуге арналған ауа алмасуды есептеу және баға беру

  • Артық жылу мөлшерімен күресуге арналған ауа алмасуды есептеу және баға беру
  • Бөлмедегі артығымен жылытылған ауаны, жылудың артық мөлшерін жұтуға қабілетті суық ауамен сұйылту қажеттілігіне негізделеді. Сұйылтылатын ауаның мөлшері бөлмеден бөлінетін жылу мөлшерімен және осы бөлменің қабырғалары арқылы жоғалтылатын жылу мөлшерінің арасындағы айырма болып табылады.
  • Өндірістердегі жылу бөлу көздеріне жұмыс істеп жатқан адамдар, қозғалмалы механизмдер, сонымен қатар пештердің, жабдықтардың қыздырылған беттері, қыздырылған металл және т.б. жатады. Сұйылтылатын артық жылу мөлшерін есептеу үшін барлық жылу көздерінен бөлінетін жылудың қосынды жалпы мөлшерін есептеу керек.
  • Ауа шығынын жылдың жылы және суық мезгілдеріне және өтпелі кезеңдерге айқын артық жылудың артық мөлшерімен алынатын үлкен шамасын қабылдай отырып жеке-жеке анықтау керек.

Еңбек гигиенасының санитариялық-гигиеналық зертханасының жұмысын ұйымдастыру қағидаттары.

Өнеркәсіп орындарының, объектілердің, мекемелер жұмысшыларының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, ең алдымен адам денсаулығы мен көңіл күйіне еңбек жағдайының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу, анықтау және жою МСЭҚ Орталығы еңбек гигиенасы бөлімінің іс-әрекетінің негізін құрайды.

  • Өнеркәсіп орындарының, объектілердің, мекемелер жұмысшыларының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, ең алдымен адам денсаулығы мен көңіл күйіне еңбек жағдайының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу, анықтау және жою МСЭҚ Орталығы еңбек гигиенасы бөлімінің іс-әрекетінің негізін құрайды.
  • Бөлім МСЭҚБ-ның басқа да бөлімдерімен және зертханаларымен бірлесіп жұмыс істейді, сонымен қатар (қажеттілік туғанда) кәсіподақ ұйымдарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, ҚР еңбек Министрлігі органдарымен және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен кешенді жұмыс жасайды. Бөлімнің құрамы, метериалдық-техникалық жабдықталуы шаруашылықтық-экономикалық іс-әрекетінің мүмкіншіліктерін пайдалану дәрежесімен және міндеттерімен анықталынады.
  • Еңбек гигиенасы дәрігерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барлық түрлерін шартты түрде сақтық және күнделікті санитарлық қадағалау деп бөлу қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет