2008 жылғы 25 шілдедегі № 132
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
нормативтік актілерді бекіту туралы
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Қоса тіркелгендер бекітілсін:
1) Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
2) Лифтілердің құрылғысы мен қауіпсіз пайдаланылуы туралы ережелер;
3) Илек өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
4) Болат қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
5) Мұнай және газ скважиналарын жерасты жағдайында жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
6) Мұнай базалары мен автокөліктерге жанармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
7) Балқытушы қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
8) Бериллийді, оның қоспалары мен одан жасалған бұйымдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
9) Коксохимиялық өндірістегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
10) Мұнайды дайындау қондырғыларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
11) Қорғасын мен мырышты өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері;
12) Алюминийден, магнийден жасалған опа мен ұнтақтарды, олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйекте № 141 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» бұйрығына толықтыру енгізілсін:
Жарылыс жұмыстары кезіндегі бірыңғай өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін көрсетілген бұйрықта бекітілген «Пиритқұрамды жыныстарды өндіретін жерасты кеніштерінде сульфид шаңы жарылыстарының алдын алу және қауіпсіздік шаралары» бөлімімен толықтыру.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалауы 1992 жылғы 23 сәуірде бекітілген Жаппай жарылыс кезінде пайда болатын улы газдарға қатысты қауіпсіздік шамалары бойынша үлгі нұсқау;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалауы 1992 жылғы 23 сәуірде бекітілген Жаңа жарылыс материалдарын, машиналарды, құрылғыларды және жарылыс жұмыстарына қажетті приборларды пайдалануға жіберуге рұқсат беру туралы нұсқау.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қырқүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдарлар министрі В. Божко
Енгізуші:
Төтенше жағдайларды және
өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау
комитеті төрағасы м.а. В. Веснин
Келісілді:
Төтенше жағдайлар
вице-министрі А. Сабдалин
Құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директорының м.а. М. Әмірбеков
Мыналарға: Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігіне, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті мен оның аумақтық органдарына бір данадан жіберілсін.
Жіберілді:
«___»___________ 2008 ж.
ҚҚЕБ эксперті Г. Садықова
Орынд: Ж Абайділдинов
тел: 28-25-33, 49-32-23
Достарыңызбен бөлісу: |