Opындaғaн: Әуелжан м мамандығы: география-тарих Тeкcepгeн



бет1/3
Дата10.03.2023
өлшемі92.87 Kb.
#470607
  1   2   3
8тап каз физ геог


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті




Қазақстан тауларындағы мұздықтар


Opындaғaн: Әуелжан М
Мамандығы: география-тарих
Тeкcepгeн: Киясова Л.Ш


Алматы 2022 жыл
Жоспар:


Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Қазақстан тауларында мұздықтардың таралуы (Алтай , Суырда, Жоңғар Алатауы, Солтүстік Тянь-Шань)




  1. Мұз басу ауданы жөнінен жеке тау жүйелерінің алатын үлесі (дөңгелек диаграмма)

Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі – мұздықтар. Мұздықтар-тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нəтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары: шығыс жəне оңтүстік-шығыс аймақтарындағы Алтай, Сауыр жоталары, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы 2033 км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км³. Ол – Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры. Мұздық пайда болу үшін, олардың орналасатынжер бедері болуы жəне жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар еліміздің барлық табиғат зоналарындағы тауларда орналасқан. Тау- лы аймақтарда тіпті жаздың өзінде биік шыңдарда ағарып жатқан мұз бен қар көзге түседі. Жыл бойына түскен қар еріп үлгермейтін өңір қар сызығы деп аталады. Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенталдығына байланысты бірсыпыра биікте жатыр. Мұздықтар қар сызығынан жоғарыда орналасады. Қар сызығы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едəуір төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь-Шань тауларында 3800 м, Алтай тауларында 2600 м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік жəне солтүстік беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200- 400 м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен болуы мүмкін. Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде 2300-2800 м, оңтүстікте 2500-3000 м, Сауырда 3300 м. Қар сызығы Жетісу Алатауының солтүстігінде 3300-3500 м, оңтүстік беткейде 3300-3900 м, ал Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік беткейінде 3700-3900 м биікте, оңтүстікте 3900-4200 м биікте өтеді.


Мұздықтар тауларда əркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жетісу Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км². Оның 689 км²-і солтүстік беткейде жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы 857 км² жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89 км²-ге жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан. Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің 3 түрлі негізгі тобы бар: 1. Аңғарлық мұздықтар кəдімгі Альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды. 2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі аспалы мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республикадағы мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр. 3. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар төбесінде пайда болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа тауларда сирек, бүкіл мұздықтар ауданының 1%-на тең. Қазақстан мұздықтары, əдетте, шағын болып келеді, ұзындығы 1-2 км-ден 3-4 км-ге дейін, аудандары да сол шамалы. Мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың, əдебиет жəне мəдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталады. Қазақстандағы ең үлкен мұздық – Іле Алатауындағы Корженевскиймұздығы, ұзындығы 12 км, ауданы 38 км², мұздыңқалыңдығы шамамен 300 м-дей. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50-100 м, ал тау беткейлерінің мұздықтары қалыңдығы 10-30 м

Мұздық дегеніміз атмосфералық жауын-шашыннан пайда болған мұз жиынтығы, тау беткейін және тау аңғарын бойлай төмен сырғитын мұз массалары.


Көп жылдық тоңдар температура үнемі 0°-тан төмен болғанда тоңған жер қабатында қалыптасады.
Қазақстан территориясындағы мұздықтар мен мәңгі тоңдардың көпшілігі Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тауларының 3500-4000м биіктіктерінде кездеседі. Олар орташа жылдық температураның төмендеуі мен буланудың аздығынан қыс бойы жауған қар жамылғысы ерімей, бірте-бірте жиналып, қабатталуынан пайда болады. Қазақстан тауларындағы қарлардың жиналуы негізінен ауа массасының көктемгі және жазғы циркуля-
циялық процестеріне байланысты болады. Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттардан келетін батыс желдері көптеген ылғалды ауа массаларын әкеліп, олар таулы аудандарға қар түрінде жауады. Тау басындағы мұздықтар мен қабатталған қарлар Қазақстанның табиғатына әсер ете отырып, өзендер мен көлдердің негізгі қоректену көздері болып есептеледі. Жазғы маусымдағы қарлар мен мұздықтардың еруі егістік шаруашылығында жерді қолдан суару үшін қолданылады.
Қазақстанның әрбір таулы аудандарында қар сызығы әртүрлі биіктікте орналасқан. Қар сызығы дегеніміз тау басындағы қар жататын шекара, одан әрі қарай қар жыл бойы ерімейді. Қар сызығының биіктігі таулардың географиялық ендігіне, жауын-шашынның мөлшеріне, беткейдің еңістігіне және теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты өзгеруі. Тян-Шань тауында қар сызығы 3500-3800м биіктікте жатса, Іле Алатауында 3370м биіктікте орналасқан.
Қазақстан территориясындағы мұздықтардың жалпы саны 2724, ал жалпы олардың ауданы 1673,9 км². Олардың көпшілігі еліміздің оңтүстігі мен шығысындағы абсолюттік биіктік 4000метрден асатын Тянь-Шаньның –Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей Алатауы мен Жоңғар Алатауы, Сауыр және Қазақстандық Алтай тауларында мұздық белдеуі түрінде орналасқан, Қазақстан бойыша ең мұзданған аймақ-Жоңғар Алатауы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет