Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру” мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті



Дата23.02.2016
өлшемі66.84 Kb.




Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2012 жылғы “__”__________№____

қаулысымен бекітілді

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру”



мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: “Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру”.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекiтiлген “Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру” стандарты негiзiнде жүзеге асырылады (бұдан әрi - Стандарт).

4. Мемлекеттік қызмет “Ақтоғай ауданның білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі, Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Әлін көшесі, 97, телефоны (8-718-41)-21-5-97, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, демалыс күндерi – сенбi, жексенбi және мерекелік күндері, электрондық пошта мекенжайы aktogairoo3@mail.ru Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны филиалының Павлодар облысы бойынша “Халыққа қызмет көрсету орталығы” Ақтоғай ауданының бөлімі (бұдан әрі - Орталық) арқылы негізде көрсетіледі, Павлодар облысы Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72, телефон: (8-718-41) 22-1-65, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс күндері – жексенбі және мерекелік күндері, электрондық мекенжайы: aktogai.con@mail.ru, қабылдау “электронды” кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама (бұдан әрі – Анықтама) беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік бес күнді құрайды.

Өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 30 минуттан аспайды;

Өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



2. Мемлекеттiк қызмет көрсету барысында

iс-әрекет (өзара iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау
9. Берiлiп отырған мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсыруы қажет.

Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.

10. Уәкілетті орган мемлекеттiк қызметтi көрсетуден Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайларда бас тартуы мүмкiн.

11. Ақпараттық қауiпсiздiк талаптары: тұтынушының құжаттарында көрсетiлген ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялығын қамтамасыз ету.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - ҚФБ):

Уәкілетті орган өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) Уәкілетті органның маманы;

2) Уәкілетті органның бастығы.

13. Осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің қарапайым реттілігі мен әкімшілік іс-әрекет (рәсімі) әрекеттестігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы белгіленген.
2
14. Осы регламенттің 3 қосымшасында КФБ және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік іс-әрекеттің логикалық реттілігінің өзара байланысы кестесі сипатталған.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн

лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледі.





“Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру”мемлекеттік қызмет Регламентіне

1-қосымша





1-Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктерi (ҚФБ)

iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы


Негiзгi үдiрiстiң (жұмыс барысының, ағымның) iс-әрекетi

1

Іс-әрекеттің № (жұмыс ағымы, жолы)

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

3

Iс-әрекеттер (үдерiстiң, рәсімнің, операция-ның) атауы және олардың сипаттамасы

Орталыққтаң

түскен құжаттарды қабылдау және тiркеу




Құжаттарды қарастыру

Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын дайындау

Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын қарастыру

Журналда тіркеу


4

Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушы-иеленушi шешiмдер)

Құжаттарды қабылдағаны туралы талон

Резолюция


Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасы

Хабарлама немесе бас  тарту себептері көрсетілген жауапқа қол қою

Анықтама немесе бас  тарту себептері көрсетілген жауапты Орталыққа жіберу

5

Орындау уақыттары

20 минуттан артық емес

1 күн


2 күн


1 күн


20 минуттан артық емес

6

Келесi iс-әрекеттiң нөмірi

2-баған

3-баған

4-баған

5-баған









“Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру”мемлекеттік қызмет Регламентіне

2-қосымша





Уәкілетті органға өтiнген жағдайда мемлекеттiк

қызметтi көрсету сызбанұсқасы


Тұтынушы







Уәкілетті органның бас маманы

Орталыққтаң түскен құжаттарды қабылдау және тiркеу. Құжаттарды қабылдағаны туралы талон

(20 минуттан артық емес)

Уәкілетті органның бас маманы

Журналда тіркеу. Анықтама немесе бас тарту себептері көрсетілген жауапты Орталыққа жіберу

(20 минуттан артық емес)







Уәкілетті органның бастығы

Құжаттарды қарастыру. Резолюцияға қол қою

(1 күн)

Уәкілетті органның бастығы

Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын қарастыру. Хабарлама немесе бас тарту себептері көрсетілген жауапқа қол қою

(1 күн)






Уәкілетті органның бас маманы

Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын дайындау. Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасы



(2 күн)


Каталог: upload -> files -> Reglam uslug
Reglam uslug -> Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің
Reglam uslug -> Регламенті Жалпы ережелер Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
Reglam uslug -> Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру” мемлекеттік қызметінің регламенті
Reglam uslug -> Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №1637/26
Reglam uslug -> Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру” мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
Reglam uslug -> Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру” мемлекеттiк қызмет Регламенті
Reglam uslug -> Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою” мемлекеттік қызмет регламенті
Reglam uslug -> Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну” мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Reglam uslug -> Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру” мемлекеттік қызмет регламенті
Reglam uslug -> Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту” мемлекеттік қызметінің регламенті


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет