Күні: 30.12.2021
Орындаған : Әшірбай Орынбасар
Тақырыбы : 2 аралық бақылау
Тобы : ИНФ-21-31
9.Қазақстандық SMM нарығы
2019 жылдың 15 наурызында Алматы қаласында "Қазақстандағы SMM және МММ мамандарының алғашқы конгресі" өтті. Конгресте аталмыш салалардың трендтері мен даму бағыттары сөз болды.Конгресс – бұл Қазақстан нарығындағы SMM (Social Media Marketing) және МММ (Messenger Media Marketing) қатысушыларын біріктіретін әлеуметтік орган. Тұңғыш ұйымдастырылып отырған конгрестің тақырыптық аясы кең. Соған орай бірнеше тақырыпты қамтитын сессиялық талқылар ұйымдастырылды. Негізгі өзек тақырып – "Әлеуметтік желілердегі шынайы Қазақстан".Конгрестің алғашқы отырысына қонақ және сарапшы ретінде ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Жоғарғы соты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, "Атамекен" ҰКП, "Алаш Медиа Групп" медиахолдингі, "Қазақстанның Азаматтық Альянсі", "G-Global", "Қазақинвест" ҰК, Халықаралық ақпараттық ғылымдар академиясы, Қазақстан туристік қауымдастығы өкілдері және танымал блогерлер қатысты.
Конгрес барысында "Мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілер арқылы халықпен өзара әрекеттесуінің түрлері", "Троллинг және SММ және МММ желілеріндегі жалған жаңалықтар", "SММ және МММ қызметін қылмыс деп танымау", "SММ және МММ нарығындағы қатысушыларды қылмыстық қудалаудан қорғаудың құқықтық тетіктерін қалыптастыру", "Қазақстан экспортын дамытудағы SММ және МММ рөлі", "SMM және МММ қызметтерін кәсіби жеткізушілердің нарығын өздігінен реттеу", "SMM және МММ мамандарына қойылатын білікті талаптарды және олардың құзыреттерін бағалау жүйелерін енгізу", "Қазақстандағы SMM және МММ мамандарының күні” кәсіби мерекесін белгілеу" сынды тақырыптар қозғалды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы "Қазақстан Республикасындағы SMM және МММ қызметтерін кәсіби жеткізушілердің ұлттық қауымдастығы" аталмыш шара кешенді құрылымның кіріспесі екендігін алға тартады. Бұл бастамадан кейін түрлі өкілетті органдар мен SMM, MMM мамандары тығыз байланыс орнатып, салалардың әлеуметтік деңгейіне ықпал етпек.
Достарыңызбен бөлісу: |