Тегістеуіштер - Жұмыс беттері әртүрлі тегістеуіштердің көмегімен топырақты тығыздауды жүргізеді. Топырақта ылғалды сақтау және өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар жасау нығыздаудың мақсаты болып табыла- ды. Егуге дейін және кейін топырақты тегістеуіштармен тығыздайды.Егуге дейін нығыздау кезінде егістік бетін тегістеуді, үйінділерді бұзуды, топырақты тығыздауды жүзеге асырады. Егуден кейін топы- рақты нығыздау тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, бұл олардың тез өсуіне ықпал етеді.ЗККШ-6 сақиналы-тепкілі тіркемелі катогы топырақты егу алдында және кейін нығыздауға, топырақтың жоғарғы қабаттарын қопсытуға және беткі қабатын тығыздауға, кесектерді бөлшектеуге,топырақ қабыршағын бұзуға және жыртылған егістіктің бетін ішіна- ра тегістеуге арналған.Тегістеуіш өзара мүшеленген үш секциядан (алдыңғы және екі артқы), тіркемелі құрылғыдан және балластық жәшіктен тұрады.Тегістеуіштың жұмыс органдары – тоғынының айналасына екі жағында сына тәрізді тепкіштер бар шойын дискілер. Әр секция осындай он үш дискіден тұрады. Дискілер білікке еркін кигізілген (шеткісінен басқасы) және біліке және бір-біріне тәуелсіз айнала ала- ды; тасымалдау кезінде қозғалғыш дөңгелектер рөлін атқарады.Дискілер шахматты тәртіппен орналасқан, ол ылғалды топырақта жұмыс істеген кезде олардың өздігінен тазаруына ықпал етеді.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |