Орындаған: Қансейт Е. Ш. Группа: дуфкис-22/2 Күні



бет2/3
Дата24.11.2022
өлшемі1.69 Mb.
#465683
1   2   3
алаш көшбасшылары
Әлихан Бөкейханов
Шәкәрім Құдайбердіұлы — 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрім 5 жасынан бастап хат таныған. Негізі оның қалыптасуына немере ағасы Абай Құнанбайұлы зор ықпал етеді.
1917 жылы Ш.Құдайбердіұлы Алаш қозғалысының бел ортасында жүреді. Ақын Алаш Орда үкіметі құрылған Орынборда өткен ІІ жалпықазақ сиезіне арнайы шақырылады. 1919-1931 жылдары ақын біраз уақыт шығармашылықпен айналысып, «Таң», «Қазақ тілі» басылымдарына мақала жазып тұрады. 1930 жылы үлкен ұлы Ғафур Семей түрмесінде қорлықпен қаза болғанда, ақын Шақпақтыдағы қыстауында өмірден баз кешіп, қайғымен жатып қалады. ОГПУ қызметкерлері мұнда да тыныштық бермей, 1931 жылы ауылға бет алып келе жатқан ақынды екі рет атып, мерт қылады. Оның құдыққа тасталған сүйегін баласы Ахат 1961 жылы аршып алып, мұсылман ғұрпымен Абай зиратының қасына қайта жерлейді.»
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мұхаметжан Тынышбай – 1879 жылы қазіргі Алматы облысының Қабанбай ауданында дүниеге келген. 1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады. 1900-1906 жылдары Санкт-Петербургтегі I Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта оқып, оны үздік бағамен бітіреді.
Мұхаметжан Тынышбай
1917 жылы Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қатар осы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалады. Аталған жылы Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланып, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек етеді. 1919 жылы Бүкілодақтық Атқару комитеті бұрынғы алашордалықтарға кешірім жариялағаннан кейін, ол әртүрлі салада еңбек етеді. Алайда 1930 жылы тұтқындалып, бес жылға Воронежге жер аударылады. Алаш ардақтысы 1937 жылы Ташкент түрмесінде «Халық жауы» деген желеумен ату жазасына кесіледі.»
Халел Досмұхамедұлы – 1883 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1894 жылы Орал әскериреалдық училищесіне түсіп, оны 1912 жылы бітіріп шығады. Сондай-ақ 1903 жылы СанктПетербор императорлық әскеримедицина академиясына түсіп, оны 1909 жылы үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді.
1917 жылы жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің Ұлт кеңесі құрамына сайланды. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды. 1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет