Барлық преэклампсия даму қаупі жоғары жүкті әйелдерге ацетилсалицил қышқылын 75-150 мг/тәул дозада (Қосымша 3) ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады (Дәлел деңгейі - В), 12 аптадан бастап (оптималды 16 аптаға дейін) 36 аптаға дейін (Дәлел деңгейі - С). (Қосымша №3 қараңыз). - Барлық преэклампсия даму қаупі жоғары жүкті әйелдерге ацетилсалицил қышқылын 75-150 мг/тәул дозада (Қосымша 3) ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады (Дәлел деңгейі - В), 12 аптадан бастап (оптималды 16 аптаға дейін) 36 аптаға дейін (Дәлел деңгейі - С). (Қосымша №3 қараңыз).
- Кальций препараттары (кемінде 1 г/тәул, ішке) тағаммен кальцийді аз мөлшерде тұтынатын әйелдерге (<600 мг/тәул) преэклампсияның алдын алу үшін ұсынылады (Дәлел деңгейі - А).
- Келесі ұсыныстар жүктіліктің өтуіне оң әсер етеді:
- Алкогольден бас тарту (Дәлел деңгейі - D),
- Физикалық белсенділік (Дәлел деңгейі - A),
- Жүктілікке дейін фолий қышқылын қолдану жүйке түтігінің ақауларының алдын алу үшін (Дәлел деңгейі - A),
- Шылым шегуді тоқтату мерзімінен бұрын босанудың және салмағы төмен баланың туылуының алдын алу үшін (Дәлел деңгейі - D).
- Жүктілікке дейін және тұрақты түрде фолий қышқылын қолдану преэклампсияның алдын алу үшін тиімді (Дәлел деңгейі - С).
- Магний немесе мырыш қоспалары преэклампсияның алдын алу үшін ұсынылмайды (Дәлел деңгейі - С).
- Жүктілік кезінде диеталық тұздарды шектеу (Дәлел деңгейі - D), артық салмағы бар әйелдер үшін жүктілік кезінде калорияларды шектеу (Дәлел деңгейі - D), С және Е витаминдері (қазіргі деректер негізінде) (Дәлел деңгейі - D) және тиазидті диуретиктер (Дәлел деңгейі - D) ұсынылмайды.
- Дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстарға қатысты жеткілікті дәлелдер жоқ (Дәлел деңгейі - D); жұмыс жүктемесін азайту немесе стрессті азайту (төсекке демалу қоса алғанда) (Дәлел деңгейі - D); темір қоспаларын фолатпен немесе фолатсыз қосу (Дәлел деңгейі - I-L); D витамині (Дәлел деңгейі - D); пиридоксин (Дәлел деңгейі - D); немесе флавоноидтарға бай тағамдар (Дәлел деңгейі - D).
600>
Достарыңызбен бөлісу: |