Орындаған: Жұмабай Ақжан



Дата11.05.2023
өлшемі18.54 Kb.
#473535
сезім


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:


Орындаған:Жұмабай Ақжан


Қабылдаған:Оралымбетова Гүлжанар

2022-2023 оқу жылы


Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі.
Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы.
Сезiмдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Сезiм мәндi эмоционалды бастан кешiрулердiң жалпылау аккумуляциялау механизiмi негiзiнде пайда болады. Сәйкес эмоциялар формасында оларды адам саналайды. Мысалы, егер бiр адамның әрекеттерi ылғи да бiзде жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын (ол өзiн дұрыс немесе дұрыс емес ұстаса да) әркез тұрақты жек көру сезiмiнiң пайда болатынына алып келедi. Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған.
Сезiм қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан сезiмдер ылғи да өз-өзiнiң мәнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Сезiмдердiң эмоционалды боялуы бастан кешулердiң сапалық боялуымен анықталады. Сезiмдердiң эмоционалды боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар да сонша көп. Сезiмнiң күшi мен тұратылығы сезiм бағытталған сәйкес объектiнiң адам үшiн маңыздылығымен, онда жиналған эмоционалды бастан кешулердiң санымен анықталады. Сезiм объектiсi қаншалықты маңызды болса және онда бастан кешулер қаншалықты көбiрек жинақталған болса, ол яғни сезiм соншалықты күштi және тұрақты болады. Ең күштi және тұрақты сезiмдер оның көзқарастарын, құндылық бағыттарын, пiкiрлерiн, яғни тұлға негізін құрайды.
Сезімнің негізгі функциялары

Сезім функциялары:

  • мотивациялық- мінез-құлықты ынталандыратын сезімдер, мәселенің шешімін қанағаттандыра алатын іздеу бағытын анықтайды

  • сигнал - сезімдер адамға объектілердің қажеттілік маңыздылығын білдіреді және оларға іс-әрекеттерді бағыттауға шақырады, тәжірибе қоршаған ортада немесе адам ағзасында болып жатқан өзгерістерге байланысты пайда болады және өзгереді

  • бағалау-сезімдер болып жатқанның маңыздылығын анықтауға көмектеседі;

  • кескін негізін синтездейтін функция-бүтін және құрылымдық түзілімдер түрінде қоздырғыштардың алуан түрлілігін көрсетеді;

  • экспрессивті функция-ауызша емес қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.


Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің субьектив элементін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субьекті қажеттілігі және сол қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі – қажет заттардың обьектив мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп- түрткісіне айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй серпінісі қажеттікпен үйлесе келе іс-әрекеттің бастауын береді, оған ынталандырады, және бағыт- бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай іс-әрекетпен сәйкестікке түседі. Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталған.
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына – жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза), жетіскен нәтижелерге (қуаныш, өкініш), немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға (қатерлену, сенімді болу), субьектінің қатынасын сипаттайды. Мұндай сезімдік тоғаныстар жетекші ниеттерге негізделгеніне әдейі немесе ырықты деп аталады. Осыдан көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір түрлі сезім туындатса, енді сол кедергі жаудан құтылуда пайдалы болуымен екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға, сол сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мән алады.
Қорыта айтсақ, сезім бүкіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге бөлейді. Барша дене қызметтерінің басын бір сәтте біріктірумен сезім өздігінен организмге пайдалы не зиян әсердің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жетуі мүмкін.
Сезімдердің және бір маңызды ерекшелігі – олардың денедегі тіршілік әрекеттермен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, дем алыс, асқорыту, ішкі және сыртқы секреция бездері. Шектен тыс ұзақ уақыт және қарқынды болған көңіл-күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш-жүрек ауруларына соқтырып, ашу-бауырды, жабырқау мен мұң – асқазанды бұзады.
Пайдаланылған әдебиеттер: http://engime.org/download/emociya-degenimiz-ne.doc


https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%B7%D1%96%D0%BC

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет