Орындаған: Жолдасалы Ақсезім Тобы: ббб акт 2 топ Қабылдаған


«Қазақ тілі» оқулығындағы «Оқшау сөз және оның түрлері» тақырыбына берілген жаттығуларды талдаңыз



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі136.12 Kb.
#457225
1   2   3
№ 5 СӨЖ
laboratory studies 1-15 (1), Соөж 2 Ногай Ұ
2.«Қазақ тілі» оқулығындағы «Оқшау сөз және оның түрлері» тақырыбына берілген жаттығуларды талдаңыз.
Тақтаға екі оқушы шығады да мұғалім дайындап алып келген оқшау сөздердің түрлерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.
1 - оқушы: ----------------------------- 2 - оқушы:
Пай - Пай, Әттең, Тәйт ------------- Бала, Қарағым.
Ата. Әттең.Тәйт. --------------------- Шіркін. Бәрекелді.
Балалар. Отағасы. Апа. Сірә. ---- Сонымен. Ернұрдың.
Әрине. Қысқасы. Меніңше. ------- айтуынша.

ІҮ. Бөлім Дәптермен жұмыс.
а) 68 - жаттығу
Мәтіндегі қаратпа сөздерді тауып, қолдану орнын, қызметін анықтаңдар.
ә) Өздік жұмыс
Меніңше, біріншіден, сеніңше, қорыта айтқанда, қысқасы, сіздерше, оның пікірінше, бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде, рас, бәсе, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім, олай болса, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы, бір жағынан, әуелі, ақырында қыстырмаларды қатыстырып сөйлем құрау.

Ү. Бөлім.
Деңгейлік тапсырмалар.
1. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.
а) Ойбай, Жақа ол Жоламанның дүмпуі ғой.
ә) Шынында да, хәліміз онша мәз емес.
б) Жігіттер, ойын – арзан, күлкі - қымбат.
в) Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.
2. Үлестірме қағаз. Оқшау сөздер кездескенде, сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?
а) нүкте
ә) нүктелі үтір
б) қос нүкте
в) үтір
3. Үлестірме қағаз.Оқшау сөзді көрсетіңіз.
а) Үстеу
ә) Шылау
б) Шырай
в) Қыстырма
г) Жалғаулық
4. Үлестірме қағаз.Мына оқшау сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.
Қорыта келгенде, беу шіркін, бәсе, айтпақшы, жігіттер, балам, қап.
5. Үлестірме қағаз.Қыстырма сөзді табыңыз.
а) Өзің бір қызық жан екенсің.
ә) Жолдас командир, жолдас комиссар.
б) Алдымнан жақсы кездестің - ау, шырағым.
в) Ата, немереңіз келді.
г) Қорыта келгенде, баяндама толық жасалған.
6. Үлестірме қағаз.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
а) Сірә, бүгін күн суытар?
ә) Ауа райы қандай тамаша?
б) Тыңда, дала, Жамбылды.
в) Күмбірлеген домбыра дауысы естілді.
г) Жолдастар тынышталыңыздар.
7. Оқшау сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
8. Үлестірме қағаз.Оқшау сөз нешеге бөлінеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет