Орындаған: Зиятай Дана Тобы: жхм – 011



Дата25.11.2022
өлшемі0.84 Mb.
#465748
жаңа

.

Орындаған: Зиятай Дана

Тобы: ЖХМ – 011

Қабылдаған: Алтынбекова М. О


Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар
Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ – түрік университеті

Гомогенді және гетерогенді жүйелер

Фаза – химиялық, физикалық қасиеттері

және құрамдары бірдей болатын гомогенді

жүйелердің жиынтығы.

Гомогенді жүйелер бір фазадан тұрады

Химиялық реакцияның жылдамдығы

Гомогенді жүйе үшін


A + B = D + G
Гетерогенді жүйе үшін

Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар

.

.

.

.

Әрекеттесуші заттардың табиғаты

Жүйедегі заттардың концентрациясы

Тығыздық(гетерогенді жүйе үшін)

Температура

Катализатордың болуы

Химиялық процесс жылдамдығына әсер ететін факторлар.

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін маңызды факторларға әрекеттесуші заттар табиғаты, олардың концентрациясы, температура, жүйеге катализатордың (өршіткінің) қатысуы жатады. Гетерогенді реакцияның жылдамдығы кейбір қосымша факторларға тәуелді, оның ішінде реагенттердің жанасу беті маңызды болып табылады.

1. Әрекеттесуші заттар табиғатының әсері. Оттектің сутекпен реакциясы, азоттың сутекпен реакциясына қарағанда тез өтеді, себебі, О = O байланысын үзу үшін 942 кДж/моль энергия, ал N ≡ N байланысын үзуге 494 кДж/моль энергия жұмсалады. Яғни екі байланысқа қарағанда үш байланысты үзу қиынға соғады.

2. Жанасу бетінің әсері. Гетерогенді реакциялардың жылдамдығы жанасу бетіне тәуелді. Гетерогенді реакциялар үшін жоғарыда көрсетілген формуладан шығатыны: гетерогенді реакцияның жылдамдығы жанасу бетінің азаюымен арта түседі. Сондықтан көптеген гетерогенді рекциялардың жылдамдығын арттыру үшін кесек заттарды ұсатады. Нәтижесінде жанасу бетінің ауданы азайып, реакция жылдамдығы артады. 

.

Концентрацияның әсері. aA +b B → cC +d D реакциясы үшін А және В заттары әрекеттесуі үшін олардың молекулалары (бөлшектері) соқытығысуы керек. Соқтығысу неғұрлым көп болса, реакция тез жүреді. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы неғұрлым көп болса, соқтығысу саны көп болады. Осыдан химиялық кинетиканың негізгі заңы – әрекеттесуші массалар заңы тұжырымдалады: химиялық реакцияның жылдамдығы стехиометриялық коэффициенттері дәрежесімен алынған әрекеттесуші заттар концентрациясына тура пропорционал. v = k • cAa • cBb

Мұндағы k – жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффициент. k мәні неғұрлым үлкен болса, соғұрлым реакция жылдамдығы артады. 

Гетерогенді реакциялар үшін кинетикалық теңдеуде қатты заттардың концентрациясы есептелмейді. Өйткені олардың концентрациясы тұрақты, олар ауданы өзгеріссіз қалатын бетте ғана әрекеттеседі.

.

Температураның әсері. Көптеген химиялық реакциялар жылдамдығы температураның артуымен артады. Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі Вант-Гофф ережесімен сипатталады: Гомогенді жүйелерде температураны әрбір 100С-қа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы шамамен 2 – 4 есе аралығында артады.

Катализатордың (өршіткінің) әсері. Катализ. Көптеген химиялық реакциялар жылдамдығы бірқатар заттардың қатысына тәуелді. Химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын, бірақ өздері өнімнің құрамына кірмейтін заттарды катализаторлар (өршіткілер) деп атайды. Катализатор қатысында жүретін химиялық реакцияны катализ деп атайды. Сонымен қатар керісінше химиялық реакцияның жылдамдығын азайтатын да заттар белгілі. Оларды ингибиторлар (басытқылар) деп атайды.

Гомогенді катализ аралық қосылыстар теориясымен түсіндіріледі. Гомогенді катализде катализатор әрекеттесуші заттармен өте тұрақсыз аралық өнім түзеді де, белсендіру энергиясын кемітеді, сәйкес реакция жылдамдығы артады: А + В → АВ гомогенді реакциясы катализатор қатысында жүргенде, А + кат + В → [А . . . кат . . . В] → АВ + катаралық өнім Гетерогенді катализ адсорбциялық теориямен түсіндіріледі. Газтектес немесе еріген заттардың қатты заттардың бетіне концентрациялануын адсорбция деп атайды. Бетінде адсорбция жүретін заттарды – адсорбент, сіңірілген заттарды – адсорбат деп атайды. Адсорбция процесінде адсорбаттардың химиялық белсенділігі күрт артады да, нәтижесінде химиялық реакция тез жүреді. .

Катализ

.

.

Катализатор –Реакцияның аралық сатысында қолданылатын, бірақ реакция өнімінің құрамына кірмейтін, реакция жылдамдығын өзгертетін зат

Вильгельм Оствальд

1909 г. – Нобелевская премия

«в признание работ по катализу»

Пайдаланылған әдебиеттер

.

.

1) Жанмолдаева Ж. К. Химиялық технологияның негіздері, мысалдары және есептері. Оқу құралы.-Шымкент: М.О.Әуезов ат. ОҚМУ, 2004-79б. 2) Основы химической технологии/ под ред. И.П. Мухленова.-М.: Высш. шк. 1991.

.

.

.


Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет