Қорытынды бақылау материалдары



Дата30.06.2016
өлшемі373.47 Kb.
#167354

Қорытынды бақылау

материалдары

Нысан


Ф СО ПГУ 7.18.2/09

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика жєне өнер факультеті

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған


ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Павлодар 2009



Қорытынды бақылау

материалдарының

бекіту парағы Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.2/11
БЕКІТЕМІН

ФЖиӨ факультетінің деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2009 жыл

Құрастырушы: аға оқытушы Кәріпжанова А.О.

Қазақ филологиясы кафедрасы


ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін

Қорытынды бақылау материалдары «___»_________ 2009 жылы бекіген жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды

Қазақ филологиясы кафедрасының « » 2009 ж. мәжілісінде ұсынылды. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «___» ________ 2009 ж.

Филология, журналистика және өнер факультетінің 2009 жылғы «___»_______ әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №


ӘК төрайымы:________________ Жұманқұлова Е.Н.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәні бойынша қорытынды бақылау бойынша тест сауалдары
1-нұсқа
$$$ 1

Ономастика салаларын анықта.

А) Омоним, синоним, антоним

В) Метафора, метонимия, синехдоха

С) Омофон, омограф

D) Еркін сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесі

Е) Антропонимика, топонимика
$$$ 2

Тілдің сөздік құрамы деген не?


А) Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасындағы олардың


бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл

В) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен

алмастыруға бола беретін сөз тіркесі

С)Белгілі бір тілдегі сөздерді жинастырып,сөздік жасайтын тіл білімі-

нің саласы

D) Өмір құбылысын жинақтай отырып,сөздік жасайтын тіл білімінің


саласы

Е) Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы


$$$ 3

Диалектологиялық сөздікте не қамтылады?

А) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтып,

олардың мағыналарын түсіндіреді

В) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік

беріледі

С) Белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінің, олардың бастапқы мағы-

налары мен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді

D) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағына-

лық ерекшеліктерін мен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі

Е) Әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан,бірақ ұлттық тілдің жергілікті

тармақтары болып табылатын юиалектілер немесе говорларға тән сөз

бен сөз тіркестерін қамтиды
$$$ 4

Лингвистикалық сөздіктің түрлері қанша?

А)5

В) 4


С) 10

D) 8


Е) 6
$$$ 5

Омоним сөзі бар сөйлемді анықта.

А) Қапалы,мөлдіреген көзде жасы

Көз салып елді байқар сорлы бас



Көзіне болар - болмас көрінеді

Бүгжендеп қыз аңдыған ауыл жасы

В) Күнекей атын көк атқа матастырып, жұртқа таранып, сыланып жатқан Шәмси , Шәлкендердің жанына келді

С) Мағжанды жатқа білмеуің ұят

D) Атамыздың дүние салғанына бір жыл болды
Е) Анам-өте ақылды жан

$$$ 6


Этимологиялық сөздікте не қарастырылады?

А) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен қолдану ерекшеліктері түсіндіріледі.

В) Әдеби тілдердің лексикасынан тыс жатқан , бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды.

С) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, дың мағыналарын қамтиды.

D) Ғылым мен техниканың сан алуан салаларына қатысты терминді

қамтын , олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп береді.

Е) Белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналарымен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді
$$$ 7

Антоним сөзі бар сөйлемді анықта?

А) Күнінде қолына кетіріп мыңды алып, мыңды кетіріп, дүниені сапырып отырмаса , Омар еш жерге сыймайды.

В) Көздері мөп-мөлдір, қап –қара баданадай

С) Ал енді молда қайда , сөзі қайда?

Беретін жұмақ,тозақ анау жайда?

Білмеймін анығын да, танығын да,

Бас қатты шешемін деп жоқты ойда.

D) Анам - өте ақылды жан.

Е) Мағжанды жатқа білмеуің ұят.


$$$ 8

Омограф деген не ?

А) Біркелкі жазылып , екпінің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер.

В) Семантикалық жақтан бөліп ажыратылмайтын, біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралым

С) Біркелкі айтылып, түрліше жазылатын сөздер.

D) Белгілі бір сөздердің тууына себепші болған тарихи жағдайларды жете білуді талап етеді

Е ) Тек таныс емес сөздердің шығу тегін, төркінін өздеріне белгілі , таныс емес сөздермен салыстыру, солар арқылы долбарлап жобалау
$$$ 9

Полисемия деген не?

А) Біркелкі айтылып, түрліше жазылатын сөздер.

В) Тілдің сөздік құрамындағы бір емес бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздер

С) Біркелкі жазылып, екпінің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер

Д) Бөліп-жаруға келмейтін және олардың тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әр қайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер

Е) Тек таныс емес сөздердің шығу тегін, төркінін өздеріне белгілі , таныс емес сөздермен салыстыру, солар арқылы долбарлап жобалау

$$$ 10


Фразеологиялық тіркестердің семантикалық ұласуын акад. В.В.Виноградов пен Н.М.Шансскийдің классификациясы бойынша неше топқа бөледі?

А) 1


В) 3

С) 5


D) 6

Е) 4
$$$ 11

Анықтамаға қарай фразеологияның тобын айқындаңыз. « Семантикалық жақтан ажыратылмай бір бүтін еденица болып тұтасып келеді, бүтіннің мағынасы оны құрастырушы компоненттердің мағынасымен үйлеспейді және көне категорияға жатады»

А) Фразеологиялық тұтастық

В) Фразеологиялық бірлік

С) Фразеологиялық тізбек


D) Фразеологиялық түйдек

Е) Фразеологиялық тіркес


$$$ 12

Тұрақты тіркес нешеге бөлінеді?

А) 2

В) 3


С) 5

D) 4


Е) 6
$$$ 13

Фразеологиялық оралымның түрлерін анықта.

А) Омоним, синоним, антоним

В) Табу,эфвемизм

С) Көнерген сөздер , неологизмдер

D) Фраз. тұтастық, фраз.бірлік, фраз. тізбек.

Е) Метафора, метонимия, синехдоха
$$$ 14

Омофон қатысқан сөйлемді тап.

А) Жұпыны пұшпақтағы өңір енді ,

Астыртын күйге басып күңіренді

Осылай жадыраңқы өтіп жатты,

Күздегі сүмбіленің күні ренді.


В) Мағжанды жатқа білмеуің ұят

С) Атамыздың дүние салғанына бір жыл болды


D) Курстас қыздар киноға кетті

Е) Күнекей атын көк атқа матастырып, жұртқа таранып, сыланып жатқан Шәмси, Шәлкендердің жанына келді


$$$ 15

Идиомалық тіркес бар сөзді тап.

А) Күнінде қолына кетіріп мыңды алып, мыңды кетірін, дуниені санырып отырмаса , Омар еш жерге сыймайды

В) Қазіргі кезде геологтар әсіресе жердің жоғары мантиясының құрылысына қайта көңіл бөледі

С) Қартқожа ескіше оқып, дүмше тақуа молда болды

D) Қыр басынан етекке қарай болат арқан тартып, он шақты жұмысшы жүр

Е) Көздері мөп-мөлдір, қап –қара баданадай
$$$ 16

Фразеологиялық тұтастық деген не?

А) Семантикалық жақтан бөліп ажыратылмайтын, біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралым

В) Семантикалық жақтан бөлінбейтін біртұтас единица, бірақ бір бүтін мағынасыбіртұтас келтірінді мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болатын фр. оралым

С) Мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралып, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін фр.оралым

D) Тілдің сөздік құрамындағы бір емес бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздер

Е) Біркелкі айтылып , түрліше жазылатын сөздер
$$$ 17

Синекдоха қатысқан сөйлемді ата.


А) Атамыздың дүние салғанына бір жыл болды

В) Анам-өте ақылды жан

С) Келбетті, шырайлы келіншек

D) Екінші байлық - ақ жаулық

Е) Галлереяда Қастеевті біраз тамашалап тұрдық
$$$ 18

Араб-парсы сөздері қатысқан сөйлемді тап.

А) Себебі сол- дүрки дүниеден ерте өткен бұл марқұмның тірі күнінде болған ғұмырларының тамам баянын ұшбу күнгіше біз анық білмейміз

В) Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, ара-тұра болмаса магазин дегенге бармаймыз

С) ҚР жоғары кеңесінің арнаулы қаулысы бойынша ауданға еркін экономикалық аймақ деген мәртебе берілді

D) Геологтар алмаз кендерін көбінесе осы кимберлиттік үңгірлер арқылы табады.

Е) Галерияда Қастеевті біраз тамашалап тұрдық.

$$$ 19


Фразеологиялық сөйлемше деген не?

А) Семантикалық жақтан бөліп ажыратылмайтын, біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралым

В) Семантикалық жақтан бөлінбейтін біртұтас единица, бірақ бір бүтін мағынасы біртұтас келтірінді мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болатын фразеологиялық оралым

С) Мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралып, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін фразеологиялық оралым

D) Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөзбен сөзді байланыстыратын

Е) Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларына қолданылатын арнаулы сөздер

$$$ 20

Термин сөз қатысқан сөйлемді тап.



А) Геологтар алмаз кендерін көбінесе осы кимберлиттік үңгірлер арқылы табады

В) Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп , оң дізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді

С) ҚР жоғары кеңесінің арнаулы қаулысы бойынша ауданға еркін экономикалық аймақ деген мәртебе берілді

D) Аттының несібесі-алтау, жалқаудың несібесі – жалқы

Е) Ол бай Ертістің өзенін құлдап жүретін үш пассажир пароходы, бірнеше баржалардың қожайыны
$$$ 21

Аударма сөздік нені қамтиды?

А) Әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағынасын талдап,түсіндіріліп және әдеби тілдің лексикалық нормалары көрсетіледі

В) Тілдің ескі жазба нұсқаларында қолданылатын сөздердің мағыналары қазіргі тілдегі сөздермен аударылып, оларға тарихи тұрғыдан түсінік береді,

С) Белгілі бір шет тілдегі фразеологизмдер мен сөздер ана тіліне аударылып беріледі.

D) Белгілі бір сөздердің тууына себепші болғпн тарихи жағдайларды жете білуді талап етеді.

Е) Семантикалық жақтан бөлін ажыратылмайтын, біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралым.
$$$ 22

Анықтамаға қарай фразеологияның тобын айқындаңыз. « Тіркестің мағынасы өзін құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен байланысып барып туады, бірақ тіркестің бүтіндей мағынасы ауыспалы, образды түрде келеді»

А) Фразеологиялық тұтастық

В) Фразеологиялық бірлік

С) Фразеологиялық тіркес

D) Фразеологиялық тізбек


E) Фразеологиялық түйдек
$$$ 23

Анықтамаға қарай фразеологияның тобын айқындаңыз. « Бұл тіркестердің бір тұтас ұғымы өзін құрастырушы жеке сөздердің ұғымынан онша алшақ болмайды »

А) Фразеологиялық тұтастық

В) Фразеологиялық бірлік

С) Фразеологиялық тіркес

D) Фразеологиялық тізбек


E) Фразеологиялық түйдек
$$$ 24

Морфологиялық принцип деген не?

А) Сөздердің шығу тегін айқындауда тілдердің генеологиялық классификациясына , яғни тілдердің шығу тегінің бірлігіне қаорай топтастырылуына негізделуді талап етеді

В) Сөздердің шығу тегін айқындауда фонетикалық заңға сүйенуді , туыстас тілдердегі дыбыстардың өзара сәйкестілік заңдылығын арқау етуді талап етеді

С) Тілдің тарихи даму барысында сөздің морфологиялық құрылымы, олардың құрамындағы морфемалрдың бастапқы арақатынасы жігіндегі өзгерісті есепке алуды талап етеді

D) Әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағынасын талдап,түсіндіріліп және әдеби тілдің лексикалық нормалары көрсетіледі

Е) Белгілі бір шет тілдегі фразеологизмдер мен сөздер ана тіліне аударылып берілуі
$$$ 25

Орыс тілінен енген сөзі бар сөйлемді анықта.

А) Ол бай Ертістің өзенін құлдап жүретін үш пассажир пароходы,бірнеше баржалардың қожайыны

В) Аттының несібесі-алтау, жалқаудың несібесі –жалқы

С) Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп , оң дізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді

D) Геологтар алмаз кендерін көбінесе осы кимберлиттік үңгірлер арқылы табады

Е) ҚР жоғары кеңесінің арнаулы қаулысы бойынша ауданға еркін экономикалық аймақ деген мәртебе берілді
$$$ 26

Араб-парсы сөзі қатысқан сөйлемді анықта.

А) Геологтар алмаз кендерін көбінесе осы кимберлиттік үңгірлер арқылы табады.

В) ҚР жоғары кеңесінің арнаулы қаулысы бойынша ауданға еркін экономикалық аймақ деген мәртебе берілді

С) Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп , оң дізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді.

D) Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, ара-тұра болмаса магазин дегенге бармаймыз

Е) Атаңның басы жегесің !- Әбіш нағашысы Сатанды тойтарып тастады

$$$ 27


Түсіндірме сөздік нені қарастырады?

А) Әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағынасын талдап,түсіндіріліп және әдеби тілдің лексикалық нормалары көрсетіледі

В) Сөздердің шығу тегін айқындаудатілдердің генеологиялық классификациясына, яғни тілдердің шығу тегінің бірлігіне қарай топтастырылуына негізделуді талап етеді

С) Тілдің ескі жазба нұсқаларында қолданылатын сөздердің мағыналары қазіргі тілдегі сөздермен аударылып, оларға тарихи тұрғыдан түсінік береді

D) Белгілі бір шет тілдегі фразеологизмдер мен сөздер ана тіліне аударылып беріледі
$$$ 28

Антоним қатысқан сөзді анықта.

А) Еңбекқордың несібесі-алтау, жалқаудың несібесі –жалқы.

В) Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп , оң дізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді

С) Атаңның басы жегесің !- Әбіш нағашысы Сатанды тойтарып тастады.

D) Геологтар алмаз кендерін көбінесе осы кимберлиттік үңгірлер арқылы табады

Е) Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, ара-тұра болмаса магазин дегенге бармаймыз
$$$ 29

Қазақша баламасы қалыптасқан орыс сөздері қатысқан сөйлемді анықта.

А) Аттының несібесі-алтау, жалқаудың несібесі –жалқы

В) Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, ара-тұра болмаса магазин дегенге бармаймыз

С) Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп , оң дізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді

D) Атаңның басы жегесің !- Әбіш нағашысы Сатанды тойтарып тастады

В) Геологтар алмаз кендерін көбінесе осы кимберлиттік үңгірлер арқылы табады
$$$ 30

Синонимдер сөздігі нені қамтиды?

А) Сөздердің қалай жазылатындығын

В) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беріледі

С) Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларына қолданылатын арнаулы сөздер

D) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтуы

Е) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктерімен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі

Кафедра меңгерушісі: Н.Қ.Жүсіпов

Қорытынды бақылау бойынша тес сауалдары кафедра мәжілісінде бекітілді.

«___»__________ 2009. Хаттама №



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәні бойынша қорытынды бақылау бойынша тест сауалдары
2-нұсқа

$$$ 1


Терминологиялық сөздік нені қамтиды?

А) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беріледі

В) Ғылым мен техниканың сан алуан салаларына қатысты терминді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп береді

С) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтуы

D) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктерімен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі

Е) Сөздердің қалай жазылатындығын көрсетіледі


$$$ 2

Орфографиялық сөздік нені қамтиды?

А) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтуы

В) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беріледі

С) Ғылым мен техниканың сан алуан салаларына қатысты терминді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп береді

D) Сөздердің қалай жазылатындығын

Е) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктерімен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі
$$$ 3

Мақал нені білдіреді?

А) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін сөз тіркесі

В) Белгілі бір тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасайтын тіл білімінің саласы

С) Өмір құбылыстарын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі

D) Белгілі бір ойға , ұғымға ишара жасайтын ,астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы

Е) Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы , олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл
$$$ 4

Анықтамаға қарай фразеологияның тобын айқындаңыз. « Аяқталған ойды білдіретін, жай және құрмалас сөйлем болып келіп, құрамындағы сөздер өзінің дербес мағынасын сақтайды»

А) Фразеологиялық тұтастық

В) Фразеологиялық бірлік

Е) Фразеологиялық тіркес

С) Фразеологиялық тізбек


D) Фразеологиялық түйдек
$$$ 5

Етістік тобындағы фразеологизмдерді белгілеңіз.

А) Тоқым қағар, құла дүз

В) Жібі түзу, ала аяқ

С) Жеті түн, жұт жеті ағайынды

D) Табан аузында, жан дәрмен

Е) Дүрсе қоя берді, тастай батып, судай сіңеді
$$$ 6

Заттық мағыналы фразеологизмдерді белгілеңіз.

А) Тоқым қағар, құла дүз

В) Жібі түзу, ала аяқ

С) Жеті түн, жұт жеті ағайынды

D) Табан аузында, жан дәрмен

Е) Дүрсе қоя берді, тастай батып, судай сіңеді
$$$ 7

Мәтел нені білдіреді?

А) Белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы

В) Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы , олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл

С) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін сөз тіркесі

D) Өмір құбылыстарын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі

Е) Белгілі бір тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасайтын тіл білімінің саласы

$$$ 8


Этимологиялық сөздік нені қарастырады?

А) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері түсіндіріледі

В) Белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін,олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді

С) Сөздердің қалай жазылатындығы көрсетіледі

D) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминге қысқаша түсінік беріледі

Е) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді

$$$ 9

Мына сөздер тобынан табу сөздерді белгіле.



А) Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет

В) Ер Төстік, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр

С) Немере, шөбере, немене, шөпшек

D) Ұлыма, төрежан, кекілдім

Е) Арман, мақсат, міндет
$$$ 10

Синекдоха қатысқан сөйлемді анықта.

А) Атамыздың дүние салғанына бір жыл толды

В) Курстас қыздар кино көруге кетті

С) Мағжанды жатқа білмеуің ұят

D) Алысты жортқан білер

Е) Қақа басы дәлелді сөйлейді екен
$$$ 11

Идиомалық тіркес тұрақты тіркестің қай түрі ?

А) Құрамындағы сөздердің біреуіне немесе бірнешеуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын сақтап қалған сөз тіркесі

В) Бөліп-жаруға келмейтін тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөз тіркесі

С) Тілдегі сөздердің мағынасы ,сөздің ішкі мәнін, сөздің мағыналық ерекшеліктерін қарастырады

D) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

Е) Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ сөздер
$$$ 12

Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөзі қатысқан сөйлемді анықта.

А) Геологтар алмаз кендерін көбінесе осы кимберлиттік үңгірлер арқылы табады

В) Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп , оң тізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді

С) Аттының несібесі –алтау, жалқаудың несібесі-жалқы

D) Атаңның басы, жегесің!- деп Әбіш нағашысына Сатанды тойтарып

тастады.

Е) Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, ара-тұра болмаса магазин дегенге бармаймыз


$$$ 13

Омофон қатысқан сөйлемді анықта.

А) Күнекей атын көк атқа матастырып, жұртта тарнып,сыланып жатқан Шәмси, Шәлкендердің жанына келді

В) Тіл-күшті қару

С) Қыста қыстау маңы малға толы

D) Білім-елге, су-жерге

Е) Жұпыны пұшпақтағы өңір енді,

Астыртын күйде болып күңіренді,

Осылай жадыраңқы өтіп жатты ,

Күздегі сүмбіленің күні реңді.

$$$ 14

Публицистикалық стильге тән сөзі бар сөйлемді анықта.



А) Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің арнаулы қаулысы бойынша ауданға еркін экономикалық аймақ деген мәртебе берілді

В) Көздері мөп-мөлдір

С) Қартқожа ескіше оқып, дүмше, тақуа молда болды

D) Қыр басынан етекке қарай болат арқан тартып, он шақты жұмысшы жүр

Е) Қыста қыстау маңы малға толы
$$$ 15

Еркін тіркесті ажырат.

А) Бота көзді

В) Қой аузынан шөп алмас

С)Ит жанды

D) Қас пен көздің арасында

Е) Ұлттық намыс
$$$ 16

Тұрақты тіркесті тап.

А) Ит арқасы қиянда

В) Қала мен ауыл маңы

С) Бота көзді

D) Ән салды

Е) Ауыл маңы
$$$ 41

Сындық мағыналы фразеологизмдерді белгілеңіз.

А) Тоқым қағар, құла дүз

В) Жібі түзу, ала аяқ

С) Жеті түн, жұт жеті ағайынды

D) Табан аузында, жан дәрмен

Е) Дүрсе қоя берді, тастай батып, судай сіңеді
$$$ 18

Сан есіммен үйлесетін фразеологизмдерді белгілеңіз.

А) Тоқым қағар, құла дүз

В) Жібі түзу, ала аяқ

С) Жеті түн, жұт жеті ағайынды

D) Табан аузында, жан дәрмен

Е) Дүрсе қоя берді, тастай батып, судай сіңеді
$$$ 19

Үстеулік мағыналы фразеологизмдерді белгілеңіз.

А) Тоқым қағар, құла дүз

В) Жібі түзу, ала аяқ

С) Жеті түн, жұт жеті ағайынды

D) Табан аузында, жан дәрмен

Е) Дүрсе қоя берді, тастай батып, судай сіңеді
$$$ 20

Ғылыми этимологиялық тіркесті тап.

А) Семантикалық, этимологиялық

В) Аударма, түсіндірме

С) Синонимдік, антонимдік

D) Орфоэпиялық, орфографиялық

Е) Аударма, тарихи
$$$ 21

Этимологиялық сөздік нені қарастырады?

А) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді

В) Белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді

С) Ғылым мен техниканың сан алуан салаларына қатысты терминдерді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп береді

D) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беріледі

Е) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен қолдану ерекшеліктері түсіндіріледі
$$$ 22

Терминологиялық сөздік нені қарастырады?

А) Ғылым мен техниканың сан алуан салаларына қатысты терминді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп береді

В) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беріледі

С) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдар ды қамтиды

D) Сөздердің қалай жазылатындығы көрсетіледі

Е) Шығу төркінін және олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді
$$$ 23

Орфографиялық сөздік нені қамтиды?

А) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді

В) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беріледі

С) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен қолдану ерекшеліктері түсіндіріледі

D) Әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан , бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды

Е) Сөздердің қалай жазылатындығын көрсетеді
$$$ 24

Шет тілдік сөздік нені қарастырады?

А) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беріледі

В) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді

С) Ғылым мен техниканың сан алуан салаларына қатысты терминді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп беред.

D) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен қолдану ерекшеліктері түсіндіріледі

Е) Белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді
$$$ 25

Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктерді көрсет.

А) Этимологиялық, тарихи

В) Фонетикалық, орфографиялық

С) Энциклопедиялық, иллюстративті

D) Түсіндірмелі, аударма

Е) Терминологиялық, диалектологиялық
$$$ 26

Сөздіктерді неше топқа бөледі?

А) 2

В) 4


С) 5

D) 3


Е) 6
$$$ 27

Сөздіктердің шығу тегімен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер қайсы?

А) Этимологиялық, тарихи

В) Фонетикалық, орфографиялық

С) Түсіндірмелі, аударма

D) Энциклопедиялық, иллюстративті

Е) Терминологиялық, диалектологиялық
$$$ 28

Идиомалық тіркес деген не?

А) Бөліп-жаруға келмейтін тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөз тіркесі

В) Құрамындағы сөздердің біреуіне немесе бірнешеуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын сақтап қалған сөз тіркесі

С) Сөздер мен жекелеген тұлғаларының тарихын, шығуын, дамуын зерттейтін тіл білімінің саласы

D) Тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы сөздер

Е) Сөздердің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы
$$$ 29

Синекдоха деген не?

А) Белгілі бір дәуірдің , тарихи кезеңінің көрсеткіштері ретінде жұмсалатын сөздер

В) Мағыналары тұрпайы сөздердің орнына сол ұғымды жұмсартып , жеңілдетіп қолданылатын сыпайы сөздер

С) Тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер

D) Белгілі бір ғылымның тар аясындағы дерексіз ұғымдардың атауында жүретін сөздер

Е) Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны , үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізіндегі сөз мағынасының ауысуы
$$$ 30

Термин сөздер деген не?

А) Белгілі бір дәуірдің , тарихи кезеңінің көрсеткіштері ретінде жұмсалатын сөздер

В) Әр қоғамда жеке халықтың санына ,түрпліше жағдайына ,рухани өсуіне байланысты сөздер.

С) Тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер

D) Мағыналары тұрпайы сөздердің орнына сол ұғымды жұмсартып , жеңілдетіп қолданылатын сыпайы сөздер

Е) Белгілі бір ғылымның тар аясындағы дерексіз ұғымдардың атауында жүретін сөздер

Кафедра меңгерушісі: Н.Қ.Жүсіпов

Қорытынды бақылау бойынша тес сауалдары кафедра мәжілісінде бекітілді.

«___»__________ 2009. Хаттама № .



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәні бойынша қорытынды бақылау бойынша тест сауалдары

3-нұсқа
$$$ 1

Метафора қатысқан үзіндіні анықта.

А) Талаптың мініп тұлпарын

В) Жазғытұры қалмайды қыстың сызы

С) Жасымда ғылым бар деп ескермедім

D) Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан

Е) Интернатта оқып жүр,

Талай қазақ баласы.


$$$ 2

Негізгі сөздік қор деген не?

А) Тіліміздегі барлық сөздердің ұйытқысы болып табылатын түбір сөздер

В) Қазақ дәстүріндегі бір әдет-ғұрыпқа байланысты , табиғаттың дүлей күшімен, ауру-сырқаумен ,жыртқыш аң – жәндіктермен байланысты шыққан сөздер

С) Тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер

D) Белгілі бір ғылымның тар аясындағы дерексіз ұғымдардың атауында жүретін сөздер

Е) Белгілі бір дәуірдің , тарихи кезеңінің көрсеткіштері ретінде жұмсалатын сөздер

$$$ 3


Фразалық тіркес қатысқан сөйлем қайсы?

А) Дәрі қосқан аяқты ішкен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан

В) Тартынбай тамылжытып сөйлегенде, өзіне үлкен-кішілердің аузынан суын ағызып, көңіл дертіндегі уын шығара жаздаушы еді

С) Жері байдың – елі бай

D) Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат

Е) Адамгершілік абырой алып келеді


$$$ 4

Метонимия қатысқан сөйлем қайсы?

А) Геологтар алмаз кендерін көбінесе осы кимберлиттік үңгірлер арқылы табады

В) Дәрі қосқан аяқты ішкен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан

С) Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің арнаулы қаулысы бойынша ауданға еркін экономикалық аймақ деген мәртебе берілді

D) Себебі сол дүркей дүниеден ерте өткен марқұмның тірі күнінде болған ғұмырларының тамам баянын үшбу күнгіше біз анық білмейміз

Е) Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп, оң дізесін сәл бүгіп барып сәлем береді
$$$ 5

Табу сөздер деген не?

А) Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер

В) Тұлғасы , дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ сөздер.

С) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

D) Тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер

Е) Қазақ дәстүріндегі бір әдет-ғұрыпқа байланысты , табиғаттың дүлей күшімен, ауру- сырқаумен ,жыртқыш аң –жәндіктермен байланысты шыққан сөздер
$$$ 6

Синекдоха қатысқан сөздерді тап?

А) Бұлаңдап үкі тағынып, бұралып ән шырқап жүр

В) Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені

С) Қыр басына етекке қарай болат арқаан тартып, он шақты жұмысшы жүр

D) Көздері мөп-мөлдір ,қап-қара баданадай

Е) Қартқожа ескіше оқып, дүмше, тақуа молда болды
$$$ 7

Аударма сөздік нені қарастырады?

А) Тілдің жазба нұсқаларында қолданылған сөздердің мағыналары қазіргі тілдегі сөздермен аударылып, оларға тарихи тұрғыдан түсінік береді

В) Белгілі бір шет тілдегі сөздер мен фразеологизмдер ана тіліне аударылып беріледі

С) Әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөзденрді қамтып, олардың мағыналары талдап түсіндіріліп және әдеби тілдің лексикалық, семантикалық нормалары көрсетіледі

D) Әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан , бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды

Е) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.
$$$ 8

Фразеологиялық сөздік нені қамтиды?

А) Ғылым мен техниканың сан алуан салаларына қатысты терминді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп береді

B) Сөздердің қалай жазылатындығы көрсетіледі

C) Шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминге қысқаша түсінік беріледі

D) Белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді

E) Әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен қолдану ерекшеліктері түсіндіріледі
$$$ 9

Фразеологиялық тұтастық деген не?

А) Семантикалық жақтан бөлінбейтін , біртұтас единица, бірақ бір бүтін мағынасы біртұтас келтірінді мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болатын фразеологиялық оралым

B) Семнтикалық жақтан бөлініп ажырамайтын , біртұтас мағынасы сыңарларының мағынысымен жуыспайтын фразеологиялық оралым

C) Мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралып бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін фразеологиялық оралым

D) Тілдің сөздік құрамындағы бір емес ,бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздер

E) Біркелкі айтылып түрліше жазылатын сөздер
$$$ 10

Табу сөздер анықтамасы қайсы?

А) Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер

B) Тұлғасы , дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ сөздер

C) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

D) Тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер

E) Қазақ дәстүріндегі бір әдет-ғұрыпқа байланысты , табиғаттың дүлей күшімен ,ауру-сырқаумен, жыртқыш аң –жәндіктермен байланысты шыққан сөздер
$$$ 11

Жалпы халықтық лексика деген не?

A) Қоғам мүшелерінің бір – бірімен қарым – қатынасындағы олардың бәріне бірдей түсінікті, ортақ тіл

B) Өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі

C) Белгілі бір ойға ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы

D) Өмір құбылыстарын жинақтай отырып, түйінді пікір айтқан ықшам сөз өрнегі

E) Белгілі бір тілдегі сөздер жиынтығы
$$$ 12

Лексикография деген не?

A) Белгілі бір тілдердегі сөздерді жинастырып, сөздік жасайтын тіл білімінің саласы

B) Белгілі бір тілдердегі сөз жиынтығы

C) Қоғам мүшелерінің бір – бірімен қарым – қатынасындағы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл

D) Белгілі кәсіп, шаруашылық, мамандық саласындағы атауды білдіретін сөздер

E) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін сөз тіркесі
$$$ 13

Мақал деген не?

A) Белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы

B) Өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі

C) Белгілі бір тілдердегі сөздердің жиынтығы.

D) Белгілі бір кәсіп, шаруашылық, мамандық саласындағы атауды білдіретін сөздер

E) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін сөз тіркесі
$$$ 14

Қазақ тіліндегі кірме сөздер қайсы?

A) Араб –парсы, моңғол, орыс

B) Қытай, үнді

C) Француз, неміс

D) Түрік, қырғыз

E) Өзбек, ұйғыр
$$$ 15

Лексика нені зерттейді?

A) Сөйлем мүшелерін

B) Сөз құрамын

C) Сөз тіркесін

D) Тіл дыбыстарын



  1. Сөз мағынасын

$$$ 16


Мақалды көрсетіңіз.

A ) Құрғақ қасық – ауыз жыртар

B) Көптің құрығы ұзын

C) Ақ түйенің қарны ақтарылды

D) Ат тұяғын тай басар

E) Баяғы жартас – бір жартас


$$$ 17

Мәтелді ажыратыңыз.

A) Жері байдың – елі бай

B) Жақсыдан- шарапат, жаманнан кесапат

C) Адамгершілік абырой алып келеді

D) Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені

E) Ит ашуын тырнадан алады
$$$ 18

Тура мағынада қолданып тұрған сөзді табыңыз.

A) Қалың тұман

B) Қалың жылқы

C) Қалың кітап

D) Қалың жаңбыр

E) Қалың тоғай
$$$ 19

Ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөз қайсы?

Ниетің қисық болса, басқаға өкпелеме.

A) Ниетің

B) Қисық

C) Болса


D) Басқаға

E) Өкпелеме


$$$ 20

Кейіпкерлерді мінездеуге қолданылатын фразеологизм қайсы?

А) Ақ жарқын, қу тілді

В) Елу жылда ел жаңа

С) Ақыл-алтау, ой-жетеу

D) Қара шаңырақ

Е) Берген де бар, бергенді көрген де бар
$$$ 21

Кейіпкер портретін беруде қолданылатын фразеологизмді көрсетіңіз.

А) Қасқа маңдай, бидай өңді

В) Ит арқасы қиянда

С) Ит өлген жер

D) Тайға таңба басқандай

Е) Төбе шашы тік тұрды

$$$ 82


Қоғамдық – саяси фразеологиялық тіркестерді анықтаңыз.

А) Депутат-халық қызметкері

В) Жердің тұзы, көздің қарасы

С) Игіліктің ерте кеші жоқ

D) Көзді ашып жұмғанша

Е) Таң сәріден нәр татпау


$$$ 23

Термин сөздерді табыңыз.

A) Жаздыр, келтір, оқы

B) Пай – пай, түу, қап

C) Кеше, бүгін, алда

D) Сөз, сөз тіркесі

E) Болашақ, ұрпақ
$$$ 24

Неологизм сөздерді табыңыз.

A) Ата, ана, әке

B) Жүз, бет, келбет

C) Ел, азамат, адамгершілік

D) Төмен, жоғары

E) Ұжым, ғаріп
$$$ 25

Диалект сөздерді табыңыз.

A) Бөз, боз

B) Көпшік, дарбаза

C) Қара, ат

D) Қара, ат

E) Орман, тоғай
$$$ 26

Кәсіби сөздерді көрсетіңіз.

A) Қанап, мінез

B) Келер, жазар

C) Мұрап, ау

D) Су, теңіз

E) Ой, арман
$$$ 27

Мына аудармадағы қатені анықтаңыз.

A) Густая каша – қою ботқа

B) Густой лес – қою орман

C) Густой туман – қалың тұман

D) Густые волосы – қалың шаш

E) Густые брови – қалың шаш
$$$ 28

Архаизмге жататын сөзді табыңыз.

A) Ғарышкер

B) Балмұздақ

C) Қорамсақ

D) Әңгелек

E) Сүт
$$$ 29

Синоним сөздерді көрсетіңіз.

A) Көз, қас, бақ

B) Ол, саған, біз

C) Алыс, қашық, шалғай

D) Оннан бір, екі, бірінші

E) Кеше, ертең
$$$ 30

Тұрақты тіркесті табыңыз.

A) Қала мен ауыл арасы

B) Алты қанат ақ орда

C) Қас пен көздің арасы

D) Көпке тараған ән

E) Ауыл маңы
Кафедра меңгерушісі: Н.Қ.Жүсіпов

Қорытынды бақылау бойынша тес сауалдары кафедра мәжілісінде бекітілді.

«___»__________ 2009. Хаттама № .

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәні бойынша қорытынды бақылау бойынша тест сауалдары

4-нұсқа
$$$ 1

Антоним деген не?

A) Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір - біріне алшақ сөздер

B) Мағыналары бір - біріне қарама – қарсы айтылатын сөздер

C) Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір – біріне жақын сөздер

D) Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын мүше

E) Бастауыш пен баяндауыштың байланысы
$$$ 2

Архаизм деген не?

A) Тілде жаңа ұғымдарды атау үшін жасалған жаңа сөздер

B) Заттар мен құбылыстардың бұрынғы көне атаулары

C) Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларына қолданылатын арнаулы сөздер

D) Тұлғасы, дыбысталуы басқа, бірақ мағыналас сөздер



  1. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер

$$$ 3


Кейіпкер мінез-құлқын ( психологизм) ашатын фразеологиялық тіркес.

А) Жүрегі аузына тығылды, терісіне сыймады

В) Салы суға кеткен, бота тірсек

С) Айдай қасы бар, қой көз

D) Қара қылды қақ жарған

Е) Ақ дегені – алғыс, қара дегені- қарғыс


$$$ 4

Әзіл-сықақ қызметінде жұмсалатын фразеологизмдер.

А) Қой аузынан шөп алмас

В) Асты-үстіне түсу

С) Төбесі көкке бір елі жетпеді

D) Бауырсақ мұрын, қара торы қыз

Е) Ысқырығы жер жарады-айдағаны екі-ақ ешкі
$$$ 5

Фразеологиялық түйдекті анықтаңыз.

А) Көпті көрген жырынды

В) Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер

С) Ақ жарқын, қу тілді

D) Аузы алты қарыс

Е) Теріс азу
$$$ 6

Ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Анасы баласын құшырлана сүйді

B) Ұлттық намысты жоғары ұстайық

C) Туды жоғары ұстайық

D) Адамгершілік, ар – ұят туралы көп айтылған

E) Әдеби кітаптарды көп оқыған
$$$ 7

Семасиология нені зерттейді?

A) Тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді

B) Сөздер мен жекеленген тұлғалардың тарихын, шығуын, дамуын зерттейді

C) Тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасауды зерттейді

D) Тілдегі сөздердің дұрыс айтылуын зерттейді

E) Тілдегі сөз мағынасын, сөздің ішкі мәнін, сөздің мағыналық ерекшеліктерін қарастырады
$$$ 8

Қарама –қарсы мағынада тұрған жұпты табыңыз.

A) Үлкен – үлкендеу

B) Көктем – жазғытұры

C) Қысқа – ұзын

D) Жедел – тез

E) Ыстық – жасыл
$$$ 9

Көнерген сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Бақшада әңгелектер пісті

B) Ұлпан қызына сәукеле тікті

C) Тікбұрыштарды сызу үшін чертеждік үшбұрыш қолданылады

D) Байқоңыр – ғарыш аймағы

E) Жолсапарға аттанды
$$$ 10

Омоним сөздерді табыңыз.

A) Ел көркі – мал, өзен көркі – тал

B) Қыста қыстау маңы малға толды

C) Басқарма, халықты әділетсіз басқарма

D) Кітапханашы Раушан кітапханада істейді

E) Баспаханадан баспаханашылар шығып келеді
$$$ 11

Метонимия қатысқан сөйлемді анықта.

A) Екінші байлық – ақ жаулық

B) Оқытушы пәнін жақсы көруші еді

C) Галереяда Қастеевті біраз тамашалап тұрдық

D ) Бұлаңдап үкі тағынып, бұралып ән шырқап тұр

E) Тепсе темір үзетін жігіт
$$$ 12

« Зиялы» сөзінің синонимін тап.

A) Көреген

B) Маңғаз

C) Көзі ашық

D) Надан


E) Елгезек
$$$ 13

Антоним сөзі қатысқан сөйлем қайсы?

A) Жүрегі таза асыл жан

B) Тоқ бала аш баламен ойнамайды

C) Ас иесімен тәтті

D) Алысты тартқан білер

E) Арманым – ұстаз болу

$$$ 14


Тұрақты тіркес қайсы?

A) I курс студенті

B) Қастеевті тамашалау

C) Мағжанды жатқа оқу

D) Ит жанды

E) Телефон соға сал


$$$ 15

Эвфемизм қатысқан сөйлем қайсы?

A) Зайыбы үй иесінің қас – қабағына қарап, үндемеді

B) Екінші байлық – ақ жаулық

C) Бұлаңдап үкі тағынып, бұралып ән шырқап жүр

D) Тартынбай тамылжытып сөйлегенде, өзінен үлкен – кішілердің аузын суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығара жаздаушы еді



  1. Сөзінің төркінін енді ұққандаймын

$$$ 16


Афоризмді табыңыз.

А) Бармақ басты , көз қысты

В) Су жүрек, жүрек жұтқан

С) Қызыл шұнақ аяз

D) Нұр үстіне нұр

Е) Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол


$$$ 17

Етістікті тұрақты тіркесті табыңыз.

А) Байсал ақсақал қой сойып, бас тартты

В) Бауыржан оларды қоштаудан бас тартты

С) Басы ауырып, балтыры сыздаған жоқ

D) Басыңа түскен істі, мойныңмен көтер

Е) Басқа пәле тілден

$$$ 18


Метафора қатысқан сөйлем қайсы?

A) Сөзінің төркінін енді ұққандаймын

B) Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды

C) Анам - өте ақылды жан

D) Екінші байлық – ақ жаулық

E) Келбетті, шырайлы келіншек


$$$ 19

Синонимдерді табыңыз.

А) Ата-ана, бала-шаға, ат-мат, ет-мет

В) Тұрмыс, егін, шөп-шалам, егіз-сегіз

С) Ертіс, Іле, Балқаш, Сырдария, Шу

D) Қарағанды, Семей, Өскемен, Алматы, Астана

Е) Жылап тұр, еңіреп тұр, егіліп тұр, зарлап тұр
$$$ 20

Антонимдерді табыңыз.

А) Бұлар – баяғыда суыңмен кіріп, күліңмен шыққандар

В) Бас, көз, құлақ, мұрын, жақ

С) Семсер, қорамса, шоқпар, жебе

D) Жиырма бес, он үш, сексен, тоқсан, жүз

Е) Қызыл, сары, сап-сары, сарғыш, сарғылт.
$$$ 21

Мақал-мәтелдерді табыңыз.

А) Мына балдыз түсі жаман екен

В) « Түсі жақсыдан түңілме» деген бар

С) Түсі жақсының бәрі дұрыс адам дегенге сенбе

D) Түсі жақсы болғанға сендім

Е) Түсі игіден де көңіл қалды
$$$ 22

Афоризмді табыңыз.

А) Салы суға кеткендей

В) Ит басына іркіт төгілген заман

С) Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза

D) Жермен жексен етті

Е) Айдар соны естіп жағасын ұстап келді
$$$ 23

Синонимдерді табыңыз.

А) Күн ұзын тіл қатқан жоқ

В) Суық жандар келді де маза кетті

С) Сансыз сарбаз секем алды

D) Абай міз бақпай, кірпік қақпай тындады

Е) Ерлік ерден шығады
$$$ 24

Қазақ тілі фразеологиясымен арнайы шұғылданып зерттеген, еңбек жазған қай ғалым?

А) М.Әуезов

В) Ш.Уәлиханов

С) Ө.Тұрымжанов

D) І.Кенесбаев

Е) М.Әлімбаев
$$$ 25

Қазақтың мақалдарын алғаш рет қағаз бетіне түсірген кім?

А) М.Әуезов

В) Ш.Уәлиханов, И.Н. Березин

С) Ө.Тұрымжанов

D) І. Кенесбаев

Е) М. Әлімбаев
$$$ 26

1889 жылы Ташкентте бастырылып шығарылған мақал-мәтелдерді кімдер жинастырды?

А) М.Әуезов

В) Ш.Уәлиханов

С) И.Н.Березин

D) А.Диваев, Ш.Ибрагимов

Е) П.М.Мелиоранский
$$$ 27

« 666 мақал мен мәтел » жинағының авторы кім?

А) М.Әуезов

В) Ш.Уәлиханов

С) Ө.Тұрымжанов

D) І.Кенесбаев

Е) М.Әлімбаев
$$$ 28

Омоним сөзі бар сөйлемді анықта.

А) Қапалы,мөлдіреген көзде жасы

Көз салып елді байқар сорлы басы

Көзіне болар - болмас көрінеді

Бүгжендеп қыз аңдыған ауыл жасы

В) Күнекей атын көк атқа матастырып, жұртқа таранып, сыланып жатқан Шәмси , Шәлкендердің жанына келді

С) Мағжанды жатқа білмеуің ұят

D) Атамыздың дүние салғанына бір жыл болды
Е) Анам-өте ақылды жан

$$$ 29


Лингвистикалық сөздіктің түрлері қанша?

А)5


В) 4

С) 10


D) 8

Е) 6


$$$ 300

Бленаотикалық сөз тіркесін табыңыз.

А) Кең байтақ ел, айдын шалқар көл

В) Таяқ тастам жер

С) Көзді ашып жұмғанша

D) Су жүрек

Е) Тас бауыр.

Кафедра меңгерушісі: Н.Қ.Жүсіпов



Қорытынды бақылау бойынша тес сауалдары кафедра мәжілісінде бекітілді.

«___»__________ 2009. Хаттама № .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет