Қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасы Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә



Дата27.02.2016
өлшемі41.04 Kb.
#28580
Спасовка селолық округінің әкімі С.Шәймерденовтың “2010 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының

қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары”

атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасы

Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 9 қаңтарындағы «Жаңа онжыл-дық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойылған басты міндеттерді орындау барысында Спасовка селолық округінде жұмыстар жасалды.

Жолдауға байланысты округте іс-шаралар жоспары жасалып, Жолдауды насихаттау және үгІттеу барысында округ бойынша 15 іс-шаралар өтіп, оған 405 адам қатысты,

Округ бойынша өткен жылы аграрлық сектор мен әлеуметтік жағдайда әжептәуір жетІстіктер болды. Жалпы 2010 жылға қойған жоспарлық іс-шаралар орындалып, 2011 жылға жоспарлар жасалуда.

Алдағы уақытта да халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты жою және ілгері өсуге мүмкіндіктер жасау міндеттері тұр.

Осындай іс-шаралар бойынша экономикалық дағдарыс уақытында жұмысшыларды әлеуметтік қорғау жағ-дайында округтің мына мекемелерімен бірлесіп мемарандумға қол қойылды - «Явленка МТС» ЖШС, «Жанғали” ЖШС, «БекЖасМал» ЖШС және «Жәнібекова», «Арсентьева» ЖК лері.

Халықты еңбекпен қамту стратегиясы жүзеге асыру барысында округте 81 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде жаңа жұмыс орындарына - 23 адам (ұжымдардың үлкеюі-нен), бұрынғы жұмыс орындары бойынша - 58 адам, Округ бойынша қоғамдық жұмыстарға жұмысы жоқ 3 адамға жұмыс берілді, «Жол картасы» бойынша жеке кәсіпкер Жәнібековамен 1 жұмысшыға және «Жастар практикасы» бойынша Тауағаш орта мектебімен 1 адамға келісімшарт жасалды.

Еңбек рыногына қажет мамандар бойынша кәсіптік білім алып соңынан жұмысқа орналастыру барысында да жұмыстар істелуде, 2010 жылы 3 адам Петровка кәсіптік лицейінде кәсіптік қайта даярлау курсынан өтіп мамандықтар ( 2- механизатор, 1 - компьютер операторы) алып жұмысқа орналастырылды.

«Жол картасы» программасының жоспары бойынша оқу бітірген орта және жоғары білімді жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 6 жас маман жұмысқа орналастырылды, және 4 жұмыс ауыл аралық жолдарды көркейту жұмыстарына қатыстырылды.

Жыл басынан отбасы жағдайы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек жасалуда, бүгінгі күні 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы 20 отбасына, 691697 теңге көлемінде төленсе, мекенжайлық көмек 5 отбасына, 215016 теңге көлемінде берілді. Округ бойынша барлық қайырылымдылық көмек 232 адамға, 718 мың теңгеге соның ішінде айлық көмек 183 адамға, 676 мың теңгеге көрсетілді.

Жыл сайын Спасовка, Тауағаш орта мектептерінде картоп, көкөніс егіс көлемдері ұлғаюда, бұл оқушылардың мектептегі тамақтарының бағасын арзандатуға көп көмек.

Қазіргі кезде мектеп оқушылары балмен және тұрақты ыстық аспен қамтылған, округ мектептерінің тұрақты демеушісі «Явленка МТС» ЖШС-нің көмегінің арқасында 80 000 мың тенге ақша бөлініп, желтоқсан айының басынан Спасовка, Тауағаш орта мектептерінің бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылды.

Осы оқу жылынан бастап Спасовка орта мектебінде 15 - балаға, Сарман бастауыш мектебінде 7 - балаға шағын орталықтар ашылып жұмыс істеуде, барлық жағдайлар жасалған. 10 адамға жаңа жұмыс орны ашылды.

Бүгінгі күнде барлық мектептер, округтегі мед. пунктер телефонмен қамтылған, мамандармен толықтырылған және де толық жұмыс жасауға барлық жағдайлар жасалған. Мекемелерде калыпты температуралық режим ұсталады, отын, көмір жеткілікті мөлшерде жеткізілді.

Округте әлеуметтік сфера да қалыптасуда, казіргі күні 4 дүкен қалыпты жұмыс істеуде.

Спасовка-Қызылжар, Тауағаш-Қызылжар бағыттарында 2 автобус қатынастары жұмыс жасауда. Тауағаш ауылында құрылысы биылғы жылы басталған сорт өнімдерін жинау-суы-ту пункті кұрылысы аяқталуда, жоспар бойынша 2011 жылдың 1 тоқсанында іске қосылмақ, Ауыз су бағдарламасы да округ көлемінде әрі қарай жалғасуда.

Аграрлық сектордың даму деңгейі біздің қоғамызда әлеуметтік-экономикалық фак экономикалық саласы - аграрлық. Өсімдік шаруашылығы ауылшаруашылығында алдыңғы салада тұ-рады, осы сектор жалпы өнімнің 85% пайызын қалыптастырады, қазіргі күні ок-ругте 4 іторы әрқашан анықтаушы болып қала береді. Селолық округтің бастырі - ЖШС мен 9 - шаруа қожалықтары жұмыс жасауда. Барлық шаруашылықтар егін орағын ұйымшылдықпен уақытылы жинап, жақсы өнім алынды, келесі жылға сапалы тұқым да дайындалды 7 миллион теңгеге жуық субсидия берілді. Осы жылғы ауыл шаруашылықтағы еңбектерді қортындылай келе жалпы алғанда бағдарламалық көрсеткіштер орындалып, 2011 жылға міндеттер белгіленді.

Округ бойынша мал шаруашылығы жеке меншікте. Осы саланы дамыту бағытында жұмыстар жасалуда, биылғы жылы жеке меншік мал басын көбейту үшін 5 отбасына 900 мыңнан аса шағын несиелер берілді. Спасовка, Тауағаш ауылдарында қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді, ветеринарлық жұмыстарды округте 1 мал дәрігері пен 1 лецензиат жүргізеді.

Жеке меншіктің артық сүт өнімдерін сатып алумен жеке кәсіпкер Г.Әбілмәжінова айналысады.

Округте Ұлы Отан Соғысының 65-жылдығы салтанатты түрде өткізілді, Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, округ шаруашылықтарының көмегімен мерекелік мәзір жасалды.

Округ шаруашылықтарының көмегінің арқасында қарттар мен мүгедектер күні мерекелі жағдайда атап өтіліп дастархан жайылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттер берілді.

Аудандық арнайы кесте бойьшша биылғы жылы біздің округ Қызылжар қаласында 22 жәрмеңкеге қатысып, 1 млн. 300 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін сатты.



Округтің барлық елдімекендерінде тазалық және көркейту жұмыстары үнемі бақылауда. Биылғы жылы округ бойынша 3 ескерткіш пен 1 құлпытасқа күрделі жөндеу жасалды, 18 км ауыл және ауыл ара жолдарға профиловка жасалып, 7 км шақырлық жол жөндеулері жүргізілді. 200 аса жас ағаш отырғызылып, 50 көшет жасалды. Жаз айларында жол бойы және көшелер арамшөптерден, қоқыстардан тазартылды. Үнемі мекеме, ұйымдар және жеке меншік үйлердің аулаларын тазарту жағдайында “Таза бейсенбіліктер” өткізілді. Округте тәртіп бұзушылармен және ішкіштер мен алдын алу жұмыстары жақсы жолға қойылған. Әкімдікте «Қоғамдық кеңес» жұмыс істейді, кеңес-отбасы шырқын бұзушылар, ішкіштер және қоғамдық тәртіп бұзушыларды тәртіпке шақырып, керек жағдайларда айыпқа тартылады. Жыл басында өткен селолық округі әкімінің кезекті есепті кездесуінде 3 сұрақ-өтініштер болған, олар түгел шешілді.

Ондағы мәселелер - жолдарды жөндеумен қыс кезінде қардан тазалау және 1 өтініш шағын несие алуға көмек болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет