ӘОЖ 004:94
Р.С. Оразова
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы
Ғылыми жетекші – С.З. Сапақова
Қор жинау мәселесін дұрыс ұйымдастыру талабы іс жүзінде көп кездесетіні анық. Әсіресе, бұл мәселе тауарды көп мөлшерде сатып алатын және оны шығаратын өндірістерде жиі қаралады [1].
Қор жинау мәселесін шешкенде көбінесе қорды толықтыру мөлшерін және мезгілін анықтау қажет болады. Іс жүзінде, осы жүйенің біраз параметрлерінің мәні кездейсоқ шамалармен сипатталатыны мәлім.
Жабдықтаушы
Қойма
Тұтынушы
1-сурет. «Жабдықтаушы-қойма-тұтынушы» жүйеcі
«Жабдықтаушы-қойма-тұтынушы» жүйе жұмысын қарастырайық(1-сурет). Күнделікті таңертең қоймадағы тауардың бір бөлшегі тұтынушыларға, мысалы дүкендерге жіберіледі. Осы бөлшектің мөлшері күнделікті сұранысқа сәйкес болсын. Сондықтан ол кездейсоқ шама ретінде қаралуы тиісті. Егер осы қордың деңгейі белгілі бір мөлшерден азайса, қойма басқармасы қорды толықтыру үшін жаңадан жабдықтаушыға тапсырыс жасайды. Бұл тапсырыстың мөлшері алдын ала келісілген болғанмен, оны орындау уақыты іс жүзінде кездейсоқ шамамен сипатталатыны мәлім. Тапсырыс орындалғаннан кейін қойманың сол уақыттағы деңгейі келіп түскен тауардың мөлшеріне көтеріледі.
Осы жүйені модельдеудің мақсаты ретінде әртүрлі мәселе қоюға болады. Соның бірі, қойма қорының төменгі шек деңгейінің осы қойманың жалпы жұмсалған қаражатына ықпалын анықтау бола алады. Бұл жалпы қаражат қорды сақтауға жұмсалған, жаңа тапсырыстарға төлеген және тұтынушылардың сұранысын орындай алмаған үшін төлеген айып ақысынан тұрады.
Осы жүйенің имитациялық моделін құру үшін мынадай параметрлер мен айнымалыларды тағайындайық:
Px-тауардың бір данасын қоймадабір күн сақтау үшін жұмсалған қаржы;
Pn-қойманың қорын бір рет толықтыруға жұмсалған қаржы;
PD-қоймадағы тауардың тұтынушыларға жетпей қалу себебінен пайда болған шығын (тауардың бір данасына есептегенде);
VPx,VPn,VPD-осы шығындардың қосынды мәндері;
VP-қойманың толық шығыны;
V0-қордың бастапқы деңгейі;
T-модельдеу периодының ұзындығы;
n-кезекті күн;
t- кезекті тапсырыстың орындалатын күні;
V-қоймадағы қордың мөлшері;
Zi- i-ші күнгі сұраныс;
Θj- жабдықтаушының тапсырысты орындау мерзімі;
X-бір тапсырыстың мөлшері;
Vm-қордың төменгі шек деңгейі (қорды толықтыру нүктесі).
Енді осы жүйенің модельдеуші алгоритмін құрастырайық.
Бірінші оператор X, Vm , Px, Pn, PD, V0, T параметрлері мен Z және θ кездейсоқ шамаларын сипаттайтын заңдылықтарды программаға енгізеді (2-сурет).
0
1 1
0
0
0
0
1
2- сурет. Параметрлер мен кездейсоқ шамаларды сипаттайтын программа
Келесі үш оператор осы жүйенің бастапқы күйін бейнелейді. 5-ші оператор кезекті күнгі тауарға сұранысты модельдейді, ал 6-шы оператор осы модельдің «сағатын» келесі күнге ауыстырады. 7- оператор, әдеттегідей, модельдеу процесінің аяқталу шартын тексереді. Егер имитациялық модельдеудің бір нақтыламасы аяқталса, 8-ші оператор жүйенің жалпы жұмсалған қаражатын есептейді. Керісінше жағдайда, 10-шы оператор кезекті күн, алдын-ала жасалған тапсырыс қоймаға келіп түсетін күн болу мүмкіншілігін тексеріп, бұл шарт орындалса қойманың қорын осы тапсырыстың мөлшеріне өсіреді (11-ші оператор).
12- ші оператор қойманың қорын тұтынушыларға жіберетін тауардың мөлшеріне азайтады. Ал 13-ші оператор қойманың қоры тұтынушылардың күнделікті сұранысын орындауға жете ме деген сұраққа жауап іздейді. Егер бұл сұрақ керісінше (V<0) жауап берілсе, 14-ші оператор қойманың шығынын есептеп, 15-ші оператор оның босап қалғанын белгілейді.
13-ші оператордың шарты орындалса, яғни қойманың қоры сұраныстан артық болса, 16-шы оператор кезекті күні қоймадағы қорды сақтауға жұмсалған қаражатты есептейді:
VPx=VPx+V*Px
17-ші операторда тексерілетін Vm≤V шарты орындалса, кезек 5-ші операторға беріледі, ал орындалмаса,қоймадағы қорды толықтыру керек деген шешім шығарылады. Сондықтан 18-ші оператор бұрын жасалған тапсырыс қоймаға жеткізілді ме деген сұраққа жауап береді. Егер ол тапсырыстыңорындалуы алда болса, кезек 5-ші операторға, яғни тұтынушылардың келесі күнгі сұраныстарын орындауға беріледі. Керісінше жағдайда, 19-шы оператор жаңа тапсырыс жасауға даярлық ретінде оған керекті қаражатты есептеуге кіріседі, ал 20, 21-ші оператор осы тапсырыстың орындалу мерзімін анықтайды. Содан кейін кезек тағы да 5-ші операторға берілетіні анық [1].
Осы модельдеуші алгоритмнің көмегімен қарастырылып отырған жүйенің әртүрлі жағдайлардағы жұмысын талдауға және параметрлерінің тиімді мәндерін табуға болатынын көреміз.
Зерттеу нәтижесінде кез келген қойма үшін ақпараттық модельді құру жоспарланып отыр. Өндірістегі жалпы шығынның қосындысы мен қорлардың жиынтығы өнімге деген сұранысты толық және уақытылы қанағаттандыру шартына байланысты минималдайтын программасын құру.
Болашақта еліміздегі барлық қоймаларда қорларды ұйымдастыру процесінің ақпараттық моделі түгелдей қолданысқа енгізіледі деп сенемін.
Әдебиеттер
1. Шукаев Д.Н. Компьютермен модельдеу негіздері. Оқулық.- Алматы: Дәуір, 2011.- 200б.
Достарыңызбен бөлісу: |