«Қорларды түгендеу» Қорларды түгендеу есепке алу тәртібі «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы»



Дата26.06.2016
өлшемі27.34 Kb.
#159329
«Қорларды түгендеу»
Қорларды түгендеу есепке алу тәртібі «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен анықталған.

      Қорларды түгендеу сақталу орны бойынша және материалдық-жауапты тұлғалар бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеу осы үй-жайда құндылықтардың орналасу тәртібімен жүргізілуі тиіс.

Қорларды бір материалдық-жауапты тұлғада түрлі бөлек үй-жайларды сақтаған кезде түгендеу сақталу орындары бойынша тізбелі жүргізіледі. Құндылықтарды тексеруден кейін үй-жайға кіре беріске пломба қойылады және комиссия жұмыс істеу үшін келесі үй-жайға көшеді.

Комиссия материалдық-жауапты тұлғалардың қатысуымен тауарлық-материалдық құндылықтардың іс жүзінде болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, таразыға қайта тарту және қайта өлшеу жолымен тексереді. Тізімдемеге материалдық-жауапты тұлғалардың сөзінен немесе олардың іс жүзінде болуын тексерместен есептеу деректері бойынша құндылықтардың қалдықтары туралы деректерді енгізуге жол берілмейді.

Іс жүзінде бар қорлардың деректерін көрсету үшін қорлардың түгендеу тізімдемесі (салыстыру ведомості) номенклатуралық нөмірді, түрін, тобын, сортын және өлшем бірлігіндегі санын көрсете отырып, әрбір жеке атау бойынша жасалады.

Жауапты сақтаудағы қорларға жауапты сақтауға қабылданған (берілген) материалдық құндылықтарды жеке түгендеу актісі жасалады.

Жолдағы, өзге ұйымдардың қоймаларындағы тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу тиісті бухгалтерлік есеп шоттарында есептелетін соманың негізділігін тексеруі болып табылады.

Жолдағы тауарлық-материалдық құндылықтарға жеке акті жасалады, онда әрбір жөнелту бойынша мынадай деректер: атауы мен саны (бухгалтерлік есеп құжаттарына сәйкес), түсіру күні, сондай-ақ тізбесі және түсіру құжаттарының нөмірі көрсетіледі.

Пайдаланудағы арнайы киім-кешек пен жеке пайдалану заттары орналасқан жері мен материалдық-жауапты тұлғалар бойынша түгенделеді.

Қызметкерлерге берілген арнайы киім-кешек пен жеке пайдалану заттарын түгендеу кезінде топтық түгендеу тізімдемелерін, онда жеке карточкалары ашылған осы заттар үшін жауапты тұлғаларды көрсете отырып, оларды тізімдемеде жаза отырып жасауға жол беріледі.

Жууға және жөндеуге жіберілген киім-кешек пен жеке пайдалану заттары ведомосттер – осы қызметтерді жүзеге асыратын ұйымның ілеспе құжаттары мен түбіртектері негізінде түгендеу тізімдемесіне жазылуы тиіс.

Жарамсыз болып қалған және есептен шығарылмаған жеке пайдалануға арналған арнайы киімдер мен заттар түгендеу тізімдемесіне енгізілмейді, ал пайдалану уақыты жарамсыз болуының себептері, бұл заттарды шаруашылық мақсаттарында пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген акті жасалады.

Түгендеу жүргізу уақытында түсетін қорларды түгендеу комиссиясы мүшелерінің қатысуымен материалдық жауапты адам қабылдап алады және түгендеуден кейін кіріске алынады. Бұл қорлар «Түгендеу кезінде түскен қорлар» деген атаумен жеке түгендеу тізімдемесіне енгізіледі.

Тізімдемеде олардың қашан, кімнен түскені, кіріске алу құжатының күні мен уақыты, атауы, саны, бағасы мен сомасы көрсетіледі.

Түгендеу комиссиясы төрағасының қолы қойылған кіріс құжатында бір мезгілді осы қорлар жазылған тізімдеме күніне сілтеме жасай отырып, «Түгендеуден кейін кіріске алу» деген белгі қойылады.

Үлкен қоймаларда түгендеу жүргізу ұзақ болған кезде ерекше жағдайларда және тек мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің рұқсатымен ғана түгендеу процесінде қорлар түгендеу комиссиясы мүшелерінің тікелей қатысуымен материалдық жауапты адамдармен жіберіледі.



Осы қорлар «Түгендеу кезінде жіберілген қорлар» деген атаумен жеке тізімдемеге енгізіледі.

Шығыс құжаттарында түгендеу комиссиясы төрағасының қолымен белгі қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет