Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы



Дата04.07.2016
өлшемі125.79 Kb.
#176272
Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 403 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 33, 399-құжат; "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 3 тамыз № 344-345 (26739); "Казахстанская правда" от 03.08.2011 г., № 242 (26663)


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1,  15-2-баптарынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттiк есепке алу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Аңшы куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      «Ауыл шаруашылығы саласында көрсетiлетiн қызметтер» деген 8-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 131-жолының 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке тұлғалар».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                       К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 493 қаулысымен
бекiтiлген  

«Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.


      2. Керсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 18-бабының 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745, «Ағаш кесу мен орман билетiнiң нысандары, Ағаш кесу мен орман билетiн есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекiту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулылары негiзiнде ұсынылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.07 № 305 Қаулысымен.
      4. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minаgri.gоv.kz интернет-ресурсында, «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнде «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) www.fhс.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасын көрсетiлген мекенжайлар бойынша Комитеттiң орман шаруашылығы мен кәсiпорындарының табиғат қорғау және мемлекеттiк мекемелерi кеңселерiнiң үй-жайларындағы стендтерде орналастырылған.
      5. Ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi ағаш кесу және (немесе) орман билетiн қағаз тасымалдағышта немесе оларды беруден жазбаша түрде дәлелдi бас тарту болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде ұсынылады:
      1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi - 3 (үш) жұмыс күн iшiнде;
      2) мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн рұқсат етiлетiн ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызметтi Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындары демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн ұсынады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн (күту креслолары, құжаттарды толтыру үшiн орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады) жағдайлар жасалады. Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындары кеңселерiнiң ғимараттары физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдардың келуiне арналған пандустары бар кiру есiгiмен жабдықталады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:


      1) орман кесу билетiн алу үшiн:
      еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
      тендер нәтижелерi туралы хаттама;
      ұзақ мерзiмдi орман пайдалану туралы шарт;
      «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген ставкалар мен мерзiмдерге сәйкес орман пайдаланғаны үшiн ақы төленгенiн растайтын түбiртек;
      2) орман билетiн алу үшiн:
      еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
      тендер нәтижелерi туралы хаттама (бiр жылдан жоғары);
      ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты.
      оның iшiнде:
      ғылыми мақсаттарда қосалқы орман пайдалануды жүзеге асыруға (алғаш рет өтiнiш жасалғанда) қосымша:
      ғылыми ұйымды қадағалайтын ғылыми кеңес бекiткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзiндiнiң және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      дәрiлiк шикiзатты алу кезiнде негiздемелiк материалдары (биологиялық негiздеме, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы) берiледi;
      мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға:
      Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiмен және кәсiпорындарымен жасалған шарттың көшiрмесi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.07 № 305 Қаулысымен.
      12. Мемлекеттiк қызметтi ұсынуға арналған өтiнiш еркiн нысанда толтырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындарына өтiнiш жасау қажет.
      14. Тұтынушының қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тiркеу күнi мен нөмiрi және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлген талон болып табылады.
      15. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының жеке келуi кезiнде берiледi.
      16. Осы Стандарттың 11 -тармағында көрсетiлген құжаттарды толық көлемiнде ұсынбау мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi ұсынатын Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен және кәсiпорындарының лауазымды адамдары өз қызметiнде:


      1) қарапайымдылық таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, белгiленген мерзiмде олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;
      4) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыстың нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi ұсыну жөнiндегi жұмыс нәтижелерi осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Комитеттiң мемлекеттiк қызмет көрсететiн табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындарының, жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану, сондай-ақ шағымды әзiрлеуге көмек көрсету тәртiбiн түсiндiрудi осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындарының заң қызметiнiң маманы жүзеге асырады.


      21. Мемлекеттiк қызмет ұсыну нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Астана қаласы, Орынбор көшесi 8, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты 5-кiреберiс, е-mаil: оорt@minаgri.kz. мекенжайы бойынша демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Комитет төрағасының атына бiлдiредi.
      22. Лауазымды адамдар сыпайы қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындары басшысының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.
      23. Мемлекеттiк қызмет ұсыну нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағым дәлелдi бас тарту көшiрмесi қоса берiле отырып, еркiн нысанда жазбаша берiледi.
      25. Қабылданған шағым осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi және кәсiпорындарының кеңселерiнде ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi.
      Шағым берген тұтынушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы Стандарттқа 1-қосымшада көрсетiлген Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындары кеңселерiнiң қызметкерлерiнен алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      26. Тұтынушы қосымша ақпаратты осы Стандарттағы 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша Комитеттiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындарынан алуына болады.

«Ағаш кесу және орман билетiн беру»


мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша      

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен кәсiпорындарының мекенжайы

Ұйымның атауы

Заңды мекенжайы

Байланыс телефондары

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашлығы комитетiнiң қарамағындағы орман шаруашылығы мекемелерi

Мемлекеттiк табиғи қорықтар

Ақсу-Жабағылы

161310, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданы, Жабағлы а., Абай көшесi, 28

725-3-85-66-33

Алакөл

040200, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қ., Қабанбай батыр көшесi, 32

728-3-32-26-63

Алматы

041600, Алматы облысы, Талғар қаласы, Аққу кентi, 1

727-7-42-36-56

Барсакелмес

120100, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Милиция көшесi, 14

724-3-32-22-31

Батыс-Алтай

071300, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Семипалатинская көшесi, 9

723-3-62-69-27

Қаратау

160400, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Уалиханов көшесi, 17

725-3-62-69-66

Қорғалжын

021300, Ақмола облысы, Қорғалжын кентi, Мадина көшесi, 20

716-3-72-16-50

Марқакөл

071217, Шығыс Қазақстан облысы, Күршiм ауданы, Урунхай ауылы.

723-3-04-43-19

Наурызым

111400, Қостанай облысы, Қарамеңдi ауылы, Лесная көшесi, 5

714-5-49-11-41

Үстiрт

130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен ауылы, Спортивный көшесi, 7

729-3-44-38-33

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер

«Алтын-Емел»

041103, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басшы ауылы, Мәметова көшесi, 1

728-4-03-18-53

Баянауыл

140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл кентi, Шонай көшесi.

718-4-09-10-54

Iле-Алатау

Алматы қаласы, Қарасай ауданы, Каменка ауылы, Жандосов көшесi, 1

727-2-28-58-88

Қарқаралы

100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы, М. Мамыраев көшесi, 1

721-4-63-12-14

Катонқарағай

070908, Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Катон-Карағай ауылы, О. Бекеев көшесi, 115

723-4-22-13-45

«Көкшетау»

020000, Кекшетау қаласы, Темiрбеков көшесi, 54

716-2-25-12-30

«Көлсай көлдерi»

041422, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылы, Ұлтарақов көшесi, 38

727-7-72-76-81

Сайрам-Өгем

160009, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 18

725-2-23-33-22

Шарын

041800, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Қадырбаев көшесi, 4

727-7-82-14-33

Мемлекеттiк табиғи резерваттар

Ақжайық

060027, Атырау облысы, Атырау қаласы, Привокзвлъный 5, ықшам ауданы




«Ертiс орманы»

141113, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленина көшесi, 60

718-3-62-17-81

Ырғыз-Торғай

030400, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауылы, Жүргенов көшесi, 70

713-4-32-17-76

«Семей орманы»

071400, Шығыс Қазақстан облысы, Қызыл кордон кентi, Түктiбаев көшесi, 19

722-2-51-45-06

Орман селекциялық орталықтары

Алматы

050002, Алматы қаласы, Байшев көшесi, 23

727-2-39-85-98

Көкшетау

021710, Щучинск қ., Ақмола облысы, «Школьное лесничество» кордоны

716-3-64-12-74

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы кәсiпорындар

Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы

021400, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Хуторок к.

716-4-09-27-82

«Жасыл аймақ» РМК

010000, Астана қ., Пригородный кентi, Школьная көшесi, 1 а

717-2-28-63-53

«Ағаш кесу және орман билетiн беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша         

Кесте. Сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Келесi жылғы көрсеткiштiң мақсатты мәнi

Есептi жылдағы көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. құжат тапсырылған сәттен бастап қызметтi белгiленген мерзiмде көрсету жағдайларының % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. қызмет көрсету сапасына және оны көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. ақпаратына электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. шағымданудың қазiргi тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет