Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Дәріс 13. Тақырыбы: Экологиялық лицензиялау



бет39/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Дәріс 13.

Тақырыбы: Экологиялық лицензиялау.

1.1 Экологиялық лицензиялаудың мәселелері

Соңғы жылдары экологиялық жүктемеге байланысты жекелеген аймақтарда табиғи ресурстарды пайдалануға және де олардың ластануына лицензия және квота сату байқалып отыр. 1992 жылы АҚШ-тың «Қоршаған ортаны қорғау бойынша Агенттігі» SO2 қалдықтарына рұқсатнамаларды сату бойынша алғашқы жыл сайынғы аукцион өткізіп 21 млн. доллар табыс тапты. Барлығы 1 тонна қалдық үшін 150 доллар бағасында SO2 қалдықтарына 150 мың құқық сатылды. 1990 жылы Америка Құрама Штаттарында «Таза ауа жайында акт» қабылданды, мысалы, электрстанциялары SO2 сатып алу құқықтарын жылына 50 тонна шығаруға, соған сәйкес немесе 25 жылда 2 тонна шығарынды бөлуге рұқсат алады. Жеке электр өндірушілерге де шығарындыларды бөлуге рұқсатнаманы сатып алуға болады. Оларға жылына SO2-нің бір тоннасына 1,5 мың доллар тұрады, ал одан артық пайдаланған жағдайда 1 тонна SO2 үшін 2 мың доллардан бастап айыппұл белгіленген.

Аймақта N кәсіпорын бар деп есептейік, ол секундына V1 ауа бөлу шегінен асып кеткен деп алып, одан кететін шығын Z1(V1),і=…n деп аламыз. Онда шығын С, қоршаған ортаны қорғауға байланысты шығындар

Z1(V1), сонымен қоса лицензияға ақы төлеу:

С1= Z1(V1) + Б(V1V2,….,VN) (V1-ПДВі),

Мұндағы, Б – зиянды заттың ауаға тасталу массасының бірлігіне лицензия бағасы.

Аймақтық қоршаған ортаны қорғау органы лицензия нарығына келіп түскен Vшекті шекті көлемін белгілейді.

Әрбір кәсіпорынның мінез-құлқы экологиялық лицензия нарығында өзінің экономикалық шығындарын азайтуға ұмтылуымен анықталады Ci, яғни Ci min i = 1, N

Кәсіпорын пайдасы мен қоршаған ортаға қалдықтар тастау байланыстылығының үлігісі болып келесі есептеу табылады.

1. Қалдықтың салыстырмалы коэффициенті анықталады (әрбір зиянды зат үшін):

E=П/Ф= ΣAi mi(1) / ΣAi mi(0)

Мұндағы;


П – ең жоғарғы рұқсат етілген концентрация (жоспарлы мөлшер)

Ф - нақты концентрация

А – қалдықтардың салыстырмалы қауіптілігі

2. Кәсіпорынның кірісін түзету жүргізіледі:

K=ƒE,

Мұндағы, ƒ - түзетуші коэффицент.



3.Экономикалық коэффициенттің мөлшері бағаланады

а) қалдықтар нормадан асып кеткен жағдайда (E<1) коэффицент

былайша анықталады:

K=lgE (1/2)+1.

Қосымша пайда құрайды:

П = П0 [lgE*(1/2)+1)-1]

Б) зиянды зат бөлу нормасын сақтаған жағдайда

Е=l және K = 1, осыған байланысты П = 0.

В) Нормативтерді орындамаған жағдайда (E=1), мұнда

K = lgE - 1

Қосымша табыс құрайды:

П= П0 [ lgE+1)-1].42



1.2 Табиғат қорғау лимиттері

Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын лимиттеу шаруашылық

және тұрмыстық қызметке шектеулер кешені ретінде іске асырылады.

Сандық шектеулер жүйесінде келесідей лимиттер тобы әрекет етеді:

жеке - элементтер бойынша;

● жеке - ресурстар бойынша;

● кешенді - локальді объектілер бойынша;

● кешенді - аймақтар бойынша.

Элементтер бойынша жеке лимиттер регламенттелетін шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) ретінде қоршаған ортаға әсер ету кезіндегі элементтер бойынша қолданылады.

Қазақстанда неғұрлым қатаң болып табылатын заттың әрбір категориясы үшін ШРК анықталған.

ШРК (ПДК) анықтау заттардың әрбір санаты үшін қатаң жүйе орнатқан. Бірақта, ШРК аймақтың ерекшелігіне тәуелді екендігін ескеру қажет. Мысалы, ШРК аудандағы ағаштардың жапырақтарының түсу кезеңділігімен байланысын еске түсірудің өзі жеткілікті. Жапырақты ормандарда жапырақтардың жыл сайынғы жаңаруы бірнеше жоғарлатылған ШРК болуына, ал жасыл желектің жаңғыруы 8 және 25 жылда бір өтетін қылқан жапырақты ағаштарда канцерогендердің жиналып қалуы ағаштардың қурауына алып келеді. Мұның нақты пайда болуы - өнеркәсіптік қалалардағы ағаштардың бірінші кезекте қурауы.

Аудан үшін маңызды фактор болып метереологиялық жағдайдың сипаты табылады. ШРК анықтаудың тәсілдерінің бірі болып ұзақ мерзімдік болашаққа (20 – 25 жылға) экологиялық әсердің үрдістерін үлгілеу саналады.

Ресрустар бойынша жеке лимиттер тұтынылатын табиғи ресурстардың регламенттелетін саны ретінде қолданылады. Ол тәулікке, айға, жылға тұтынудың шекті рұқсат етілген көлемі ретінде берілуі мүмкін. Өндірістік, ауыл шаруашылықтық немесе тұрмыстық объектілер бойынша кешенді лимиттер шекті рұқсат етілген экологиялық қысым ретінде белгіленеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет