«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауға төмендегі ұсынымдар беріледі



бет25/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауға төмендегі ұсынымдар беріледі:
1) 1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды, «Оқу» бөлімі бойынша оқу мақсаттары таныс сөздер мен сөз тіркестерін танып білуге ғана бағытталған;
2) сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты іс-әрекеттер, ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;
3) оқу тапсырмаларын орындауда білім алушылардың жұмыстарын ынталандыру, білім алушыларды ынталандыру мен қолдаудың әртүрлі нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы және жайлы атмосфера жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу;
4) бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;
5) бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып
табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті
құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру
процесіне белсенді қатысуы болып табылады;
6) сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздерді, фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың тапсырмаларды орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндік береді;
7) мұғалімнің өз сөзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анық айту;
8) мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер) белсенді пайдалану, бұл білім алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа сөздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді;
9) білім алушылардың қызығушылығын ынталандыру, жұмыс нәтижелерін көрсету, өткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орындарда («сөйлейтін қабырғалар», көрмелер және т.б.) оқушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет