Сабақтың тақырыбы
|
Жарық шамалары. Жарықтың таралу, шағылу, сыну, жұтылу заңдары.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
11.6.2.1 – Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың шағылу заңын түсіндіру;
11.6.2.3 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын
түсіндіру;
|
Сабақтың мақсаты
|
-Жарықтың таралу, шағылу, сыну, жұтылу заңдары туралы біледі
-Жарықтың шағылу, сыну заңдары формуласын қолданып есептер шығара алады.
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурста
|
Сабақтың басы
|
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Өткен сабақ бойынша оқу мақсаттарын еске түсіреді.
|
(Интернет желісі, мұғалімнің бағыттауы бойынша)
|
Ұпай
|
Кесте
|
Сабақтың ортасы
|
-Дәптерді ашып, бүгінгі сабақ тақырыбын жазыныздар:
-Бүгінгі сабақта Жарық шамалары. Жарықтың таралу, шағылу, сыну, жұтылу заңдары туралы танысатын боласыздар.
Жарық толқындарын сипаттайтын шамалар:
Т= 1 тербеліс периоды.
𝑣
λ= с толқын ұзындығы
𝑣
Т= 1
𝑣
|
|
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
Сабақтың барысы
|
λ=сТ толқын ұзындығы
Қорытындылау тапсырмалары:
Толқынның таралу жылдамдығы 500 м/с, тербеліс жиілігі 50 Гц. Бірдей фазада тербеліп тұрған ең жақын нүктенің қашықтығы?
Жиілігі 200 Гц электромагниттік толқынның тербеліс периоды?
Таралу жылдамдығы 5000 м/с, толқын жиілігі 100 Гц. Бірдей фазада тербеліп тұрған ең жақын екі нүктенің арақашықтығы?
Толқын көзінің тербеліс жиілігі 0,2 с-1, толқынның таралу жылдамдығы 10 м/с. Толқын ұзындығын табыңыз?
|
2 тапсырма Есептерді талдап шығарады
|
|
|
Сабақтың соңы
|
Рефлекция
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен үйрендім.
-Маған қиын болып көрінді.
-Мен енді үйренгім келеді
|
|
Стикер
|
|
Сабақ-15
Сабақтың тақырыбы
|
Жарық интерференциясы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
– механикалық және жарық толқындарының интерференциялық көріністеріне салыстырмалы талдау жүргізу;
– жұқа пленкаға түскен және шағылған жарықтардан пайда болған интерференциялық максимумдар мен минимумдарды бақылау шарттарын анықтау;
|
Сабақтың мақсаты
|
-Жарықтың интерференциясы туралы біледі
-Жарықтың интерференциялық максимумдар мен минимумдар шарттарын анықтай алады.
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурста
|
Сабақтың басы
|
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Өткен сабақ бойынша оқу мақсаттарын еске түсіреді.
|
(Интернет желісі, мұғалімнің бағыттауы бойынша)
|
Ұпай
|
Кесте
|
Сабақтың ортасы
|
-Дәптерді ашып, бүгінгі сабақ тақырыбын жазыныздар:
-Бүгінгі сабақта жарық интерференциясы туралы танысатын боласыздар.
Жарық интерференциясы деп екі немесе бірнеше жарық толқындары қабаттасқанда жарық сәулесі энергиясының кеңістікте қайта
|
|
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
Сабақтың барысы
|
таралып бөлінуін айтады.
Фазалар ығысуы тұрақты және жиіліктері бірдей толқындардың қосылуы жарық толқындарының өзара әсерлесуіндегі көңіл аударатын жағдай. Мұнда кеңістіктің кейбір нүктелерінде толқындардың қабаттасуынан бір-бірін күшейтетін, ал басқа бір нүктелерінде керісінше бір-бірін әлсірететін интерференция құбылысы байқалады. Экранда күңгірт және ашық жолақтар кезектесіп орналасады. Бұл- интерференция құбылысы. Жарықтың интерференциясы механикалық толқындардың
интерференциясы сияқты. Жарықтың минимум (әлсіреу) және максимум (күшею) шарттары сәйкесінше формуламен анықталады. Сонымен қатар жарық толқындары интерференциясының кейбір ерекшеліктері бар. Егер екі жарық көзінен бірдей жиілікті синусоидалық жарық толқындары шығарылса, онда олар кездескен жерде интерференция көрінісі пайда болады.
Бірақ осы көріністі бір-біріне қатысы жоқ бірдей жарық шығаратын екі жарық көзінен шыққан толқындар арқылы алу мүмкін емес. Жарық толқындарының интерференция құбылысы жоқ деген қорытындыға келгендей боламыз.
Бекіту сұрақтары:
Жарық интерференциясының механикалық интерференциядан айырмашылығы неде?
Қос шоқты интерференцияны алу әдістерін атап өтіңдер.
Интерференциялық көріністерде екі жарық көзінен пайда болған максимум нүктелеріндегі жарықталу бір жарық көзінен алынған жарықталуыдан 4 есе
|
Сұрақтарды талдайды
|
|
|
|
артық болуы мүмкін. Бұл энергияның сақталу заңына қайшы келмей ме?
|
|
|
|
Сабақтың соңы
|
Рефлекция
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен үйрендім.
-Маған қиын болып көрінді.
-Мен енді үйренгім келеді
|
|
Стикер
|
|
Сабақ-16
Достарыңызбен бөлісу: |