Қош келдің, Алтын күз! Мейрамгүл Кайркановна Айтимова



Дата08.06.2016
өлшемі57.58 Kb.
#123083
Қош келдің, Алтын күз!

Мейрамгүл Кайркановна Айтимова,

Бастауыш сынып мұғалімі, Бірлік жалпы орта білім беру мектебі, Бірлік ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы


Мақсаты: Оқушының күз туралы білімдерін тиянақтау.Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық әрекеттерін белсендіру. Нанды қастерлеп, еңбек адамын қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырып, мақалдар, топ аттары, көрме «Күзгі сый», жеміс-жидектер.

Өту барысы: 1.Ұйымдастыру кезең

Мұғалім: -Қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар! Сіздерді бүгінгі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, бақыт, қуаныш тілейміз. – Міне, өлкемізге келген алтын күз өз белесіне шықты. Күз десек тау- тау болып жатқан қырмандағы бидай, қоймадағы қап-қап көкеністер, қамба толы жемістер еске түседі. Күз дегеніміз ол – семірген малымыз, қарындағы майымыз. Күз-ол мал азығы шөп. Күздің ерекшеліктері көп екен. Әрине, әр жыл маусымының өз науқаны, өз қызығы мол.Бірақ, күзде ғана сол жыл маусымдарының нәтижесі-қауырт еңбек. Күз мезгілі диқандар еңбегінің жемісіне кенелетін, берекесі мен мерекесі мол кезең.Сондықтан, осы күз де сізге береке мен мерекені көп әкелсін деп тілейміз.



1 оқушы.Сары алтыннан бұрым да,

Сары пүліш көйлегі,

Алтын күзді шынында,

Ару дерсін бейнелі.

Келістіріп, бар сәнін,

Берген өзі табиғат,

Алтын күзді ал кане,

Қарсы алайық жамағат.



2 оқушы:Жомарт көңіл жарқын жүз,

Берекесі елімнің,

Қош, келіпсің, алтын күз,

Құт қонағы төрімнің.

Ырысқа толып, қоймалар,

Сабан тойы тойланар,

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртын майланар.

3 оқушы:Қадірлімін, халқымда,

Баламас бекер алтынға.

Өн бойым тұнған, ырыс-құт,

Көңілім жомарт салтымда.

Астық, жеміс, алмаға

Толып қойма қамбалар,

Байлығыммен ұлы елім,

Алты ай қысқа қамданар.

Екі бала «Алтын күзді» ортаға шығарады. Алтын күз балалар ортасына тұрады.

Мұғалім: «Алтын күздің» құрметіне біз ән орындап берейік.Барлық ән-жыр саған арналады. «Күз-береке» әні.

4оқушы:Табиғат бір тұр тұнып, Демалардай шамалы. Ерке бұлақ жұлқынып, Екпіндеп-ақ ағады.

Күз дейтұғын кәріден Жаздың сәні кеткен жоқ Бағымыздан әлі де Құстың әні кеткен жоқ.

5 оқушы: Жинап алдық күрішті де,арпаны, Жиналатын қауын-қарбыз бар тағы Ел ырысы машинаға тиеліп, Қырмандар мен қоймаларға тартады.

Жүзім,алма,алмұрт қызыл шекелі, Ауыл жақтан қалаларға кетед. Суарымнан босатылған тоғандай Ел байлығы тасып жатыр, жетеді.

Тамыз айтты: неміз семіз, нем артық, Асқабақтар бара жатыр бел алып. Көк базарға көшіп келіп кең дала, Кеуде керіп дамылдайды, демалып.

Мұғалім: Күз сыйы бәрі де, табиғат дәулеті дей отыра, келесі әнімізді орындаймыз. «Алтын астық» әні

1 оқушы:

Құстар ұшып кетеді жылы жаққа, Шеттерінен сарғайды, міне,бақ та. Алтын астық құйылып қоймаларға, Жиын-терін бітеді бұл уақта.

Аздан кейін жауады ақша қар да, Қарқылдайды бәріне жоқшы қарға. Асқабақтар кіреді қамбаларға, Жаздай жатып семірген бақшаларда.

Күз мінезі бірде олай, бірде былай, Жауған жаңбыр белгісі судағы лай. Әпсеметтің отары таудан түсіп, Шыбықтыны күздейді жылдағыдай.

3 оқушы: Күз келді, сары күз келді, Тау ызғарлы, түз желді. Тыраулатып аспан да Тырналарын тізді енді.

Пісті бидай, тары да, Ел риза барына. 4 оқушы: Түстік жаққа бет алды Құстар көші тағы да.

Аспанда бұлттар көшеді, Жауайын дейді,жауа алмай. Жайнаған жаз да кешегі, Басқа бір жаққа ауардай.

Көрініп кейде күн көзі, Кетеді кейде көрінбей. Суық жел бақты жүр кезіп, Олжа тапсам деп ерінбей.

Қыздардың орындауында «Астық» әні.

Бет алады түстікке, Бір келеді,бір келмей. Кетіп жатыр құс біткен Қыс келерін білгендей.

Біз жақтағы серуенін Аяқтауды білді олар. Түзіп алып керуенін, Ұшып кетті тырналар.

Құстар ұшып барады жылы жаққа, Аялдамай орманға, мұңлы баққа. Бар қызығы тойларда сауға салар Нарқызылы атамның тұрды бапта.

Тыраулайды тырналар бір қапталда, Дем ала ма бір жерге күн батқанда, Құстар ұшып барады,сол құстармен Менің де ұшқым келеді бір жақтарға.

8 оқушы: Құстар қайтты оралды, Олар салар ән аз ба? Нұрғиса ағам сол әнді, Түсірді қағазға.

«Құстармен қоштасу» көрінісі

Мұғалім: - Біздің еліміз - егіннің алқабы. Жыл сайын диқандар мыңдаған тонна бидай алады. Ерте көктемнен бастап жаз бойы қара күзге дейін күні-түні тыңбай жұмыс істеді. Нан дастарханға келгенше көптеген адам ерен еңбек етеді. Сол адамдардың сіңірген еңбегін- қасиетті нанды құрметтеу керек.

Нан-ырыстың көзі, молшылық пен қуаныш. Нан-тіршілік көзі.

О, адамдар, айтарым бар

Нанды баспаңдар, онда қол жетпейтін аспан бар.

Әлі ешкім жазбаған дастан бар.

Өтініп сұраймын.

Ана бол, дана бол, бала бол. Нанды баспаңдар.

Ол биіктен төгілген, мөп-мөлдір зәмзам суынан өседі. Нан-өмір.

Жеңісті алып келген кешегі,

Нанға «пірім» деп, нанға «жырым» деп

Табынам!


Топтың орындауында «Ақ бидай» әні

Шапқан шөптің соңында жол қалады, Оятады бір әуен таңғы ауаны... Адамдардың ісіне елеңдесіп Елден еліктер таңғалады.

Шөп шабады ағалар, көп шабады, Толтырады жақсы әнге кешкі ауаны. Жүрген өзі жолына, іздеріне Шөмелелер қалдырып көш барады. Жоқ әзір қыс бораны, Күн қатулы бірақ та Қызыл сиыр қораның Бас тұрғыны тұрақты. Ақ қайыңдар мүсінін Жасырмайды, тоналды. Аспан жақтан құс үнін Естімейтін боп алдық.

9 оқушы: Қараша да жетіпті, Желтоқсан келер одан соң. Су салқындап кетіпті, Ауа салқындаған соң.

Күн нұрымен жалтылдап, Көзді тартқан бақ қандай?! Ағаштардан алтындар Төгіліп жерге жатқандай.

Мұғалім:күз өз орнын қыс мезгіліне беруге дайын.Өзінің берекесін,дастархандағы байлығын бір жылға бізге беріп кетеді.

Ұлдардың орындауында « Дастархан» әні

Ән тербетіп әлемді, Шарықтасын күлкі ойын.

Қарсы алайық, ал қане,

Қонақтарын бұл тойдың

Мұғалім: Бұл тойдың қонақтары – күзде піскен жемістер, жидектер, көкөністер, дәнді дақылдар.Қатысушы топтарға «Алтын күз» өз тапсырмаларын ала келіпті. Ал сайыстарды бағалау үшін біз әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.

(Әділ-қазылар алқасын сайлап алу)

1-сайыс-өз топтарын таныстыру.

2-сайыс «Күздің сыйы» деп аталады.

Бұл сайыста өз білімдерінді көрсетесіңдер.Тақтадан сұрақты» үзіп» алу

3- сайыс Бау-бақшадан жеміс жинау.

4- сайыс «10 қадам»

бұл сайысқа да бір қатысушы керек .қадам басқан сайын бір өсімдікті атау.

5-сайыс «Күзгі дастархан»

Бұл сайыста өз атауларына жайылған дастарханды қорғап ,айтып беру керек.

Әділ қазылар шешім қабылдағанша «Атамекен» әнін тамашалаңыздар.

Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.

Мұғалім: Міне, күздің шуақты күндері азайып суықтар келді. Біз осы жылғы Алтын күзімізбен коштасып келер жылда да осындай мерекеде тағы кездесейік.

Қосып білім-нұрға-нұр

Біз де міне жарқынбыз

Рахмет саған мың да бір

Рахмет саған алтын күз!

Жомарт жүрек жарқын жүз

Көңіліңді кош көрдім

Айшуақты Алтын күз

Қош, қош, енді қош болғын.

Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып

Сау болайық әлеумет

Келгенше жыл айналып.



Мұғалім: 2014 жылдың алтын күзіне көп алғысымызды айтамыз. Осымен «Алтын күз» мерекесі тәмамдалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет