Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 184 қаулысы
Өскемен қаласы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 3403 болып енгізілді
Өсімдік шаруашылығының
шығымдылығы мен өнім сапасын
арттыруды 2014 жылы субсидиялаудың
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар: 1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2014 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағармай материалдары және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға берілетін субсидиялардың 2014 жылға арналған нормалары (1 гектарға);
3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша 2014 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________________А. Мамытбеков
2014 жылғы «14»шілде
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы «11»шілдедегі
№ 184 қаулысына
1 қосымша
2014 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі
р/с
№
|
Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы
|
1
|
Жаздық бидай
|
2
|
Күздік бидай
|
3
|
Күздік қарабидай
|
4
|
Қарақұмық
|
5
|
Тары
|
6
|
Арпа
|
7
|
Сұлы
|
8
|
Дәндік жүгері
|
9
|
Дәнді бұршақ тұқымдастар
|
10
|
Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, шашақты зығыр, жаздық рапс, күздік рапс, қыша, арыш, қытай бұршақ)
|
11
|
Картоп
|
12
|
Көкөніс және бақша дақылдары
|
13
|
Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер
|
14
|
Ағымдағы жылы егілген көпжылдық шөптер
|
15
|
Бірінші, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
|
16
|
Біржылдық мал азығы дақылдары
|
17
|
Судан шөбі
|
18
|
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы «11»шілдедегі
№ 184 қаулысына
2 қосымша
Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағармай материалдары және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға берілетін субсидиялардың 2014 жылға арналған нормалары (1 гектарға)
р/с№
|
Басым ауылшаруашылық дақылдары
|
1 гектарға субсидиялар нормасы,
теңге
|
1
|
Дәнді дақылдар (жаздық бидай, күздік бидай, күздік қара бидай)
|
600
|
2
|
Жемдік дақылдар (арпа, сұлы, дәндік жүгері)
|
300
|
3
|
Жарма дақылдары (қарақұмық, тары)
|
3500
|
4
|
Бұршақ дақылдары (асбұршақ, аңқа)
|
4000
|
5
|
Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс
|
4000
|
6
|
Судан шөбі
|
3000
|
7
|
Біржылдық мал азығы дақылдары (жемшөпке арналған дәнді және майлы дақылдар)
|
2000
|
8
|
Ағымдағы жылы егілген бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
|
10000
|
9
|
Суармалы ағымдағы жылы егілген бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
|
12000
|
10
|
Екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
|
3000
|
11
|
Суармалы екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
|
6000
|
12
|
Ағымдағы жылы егілген астық тұқымдас көпжылдық шөптер
|
8000
|
13
|
Суармалы түрде ағымдағы жылы егілген астық тұқымдас көпжылдық шөптер
|
10000
|
14
|
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген (оның ішінде өткен жылғы күзде) бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсу жылдарындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер (тек қана көнежастағы егістікті жырту ескеріледі)
|
3000
|
15
|
Суармалы шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көпжылдық шөптер (тек қана көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі)
|
6000
|
16
|
Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, шашақты зығыр)
|
3500
|
17
|
Рапс, арыш, қыша
|
14000
|
18
|
Қытай бұршақ
|
15000
|
19
|
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін қытай бұршақ
|
45000
|
20
|
Көкөністер
|
120000
|
21
|
Бақша дақылдары
|
25000
|
22
|
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін көкөніс және бақша дақылдары, картоп
|
150000
|
23
|
Өнеркәсіптік үлгідегі қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер (екі дақыл айналымына арналған)
|
11000000
|
24
|
Фермерлік үлгідегі қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер (екі дақыл айналымына арналған)
|
5000000
|
25
|
Картоп
|
120000
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы «11»шілдедегі
№ 184 қаулысына
3 қосымша
Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша
2014 жылға арналған көлемдері
р/с
№
|
Аудан, қала атауы
|
Көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi жанар-жағармай материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату (40%-ға дейін), мың теңге
|
1
|
Аягөз
|
36503
|
2
|
Бесқарағай
|
81780
|
3
|
Бородулиха
|
587019
|
4
|
Глубокое
|
258013
|
5
|
Жарма
|
56796
|
6
|
Зайсан
|
68764
|
7
|
Зырян
|
209002
|
8
|
Катонқарағай
|
116288
|
9
|
Көкпекті
|
352542
|
10
|
Күршім
|
24629
|
11
|
Тарбағатай
|
14178
|
12
|
Үржар
|
394057
|
13
|
Ұлан
|
214356
|
14
|
Шемонаиха
|
318515
|
15
|
Өскемен қ.
|
72216
|
16
|
Семей қ.
|
162054
|
17
|
Риддер қ.
|
17563
|
Жиыны:
|
2984275
|
Достарыңызбен бөлісу: |