"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 шілдеде № 11684 болып тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 12 маусым
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 15-1/522 бұйрығымен
бекітілген
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке өтінішті қабылдау және қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) өтінімді тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гербицидтер субсидиялар алуға өтінімді;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға өтінімді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде өтінімді қабылдау уақыты мен күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша не жұмыс күндері көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы керек.
Шағымның қабылданғанын растайтын құжат шағымды қабылдаған адамның аты жөні мен тегі, сондай-ақ берілген шағымға жауап алуды мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
__________________________ облысы __________________________________
(ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
Гербицидтерге субсидиялар алуға өтінім
_________________ литр (килограмм) көлемiнде _______________________,
(гербицид түрi)
________________ литр (килограмм) көлемiнде _______________________,
(гербицид түрi)
________________ литр (килограмм) көлемiнде _______________________,
(гербицид түрi)
гербицидтерді жеткізушіден сатып алынған гербицидтер үшiн субсидия төлеуді сұраймын.
Р/с №
|
Деректер көзі
|
Қажетті мәліметтер
|
Деректер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама
|
тіркеу нөмірі
|
|
тіркеу күні
|
|
атауы
|
|
орналасқан жері
|
|
мемлекеттік тіркеу күні
|
|
кім берді
|
|
2.
|
Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат
|
жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
|
|
ЖСН
|
|
кім берді
|
|
берілген күні
|
|
Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
|
орналасқан жері
|
|
тіркеу күні
|
|
кім берді
|
|
3.
|
Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат
|
актінің нөмірі
|
|
кадастрлық нөмірі
|
|
барлық алаң, гектар
|
|
оның ішінде егістік
|
|
нысаналы мақсаты
|
|
сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді
|
|
жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы
|
|
4.
|
Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе почтаның ұлттық операторының анықтамасы
|
ЖСН/БСН
|
|
Кбе
|
|
Банктің немесе почта операторының деректемелері:
Банктің немесе почта операторының атауы:
|
|
БСК
|
|
ЖСК
|
|
БСН
|
|
Кбе
|
|
5.
|
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен гербицидтерді жеткізушінің арасындағы сатып алу-сату шарты**
|
шарт нөмірі
|
|
шарт жасалған күні
|
|
гербицидтерді жеткізушінің атауы
|
|
гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы
|
|
гербицидтің атауы
|
|
гербицидтің көлемі, литр (килограмм)
|
|
төлем мерзімі
|
|
6
|
Гербицидтерді сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтке) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары)
|
шот-фактура нөмірі
|
|
берілген күні
|
|
гербицидтерді жеткізушінің атауы
|
|
гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы
|
|
гербицидтерді жеткізушінің ЖСК
|
|
тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі
|
|
гербицидтің атауы
|
|
өлшем бірлігі
|
|
мөлшері (көлемі)
|
|
ҚҚС-пен бағасы (теңге)
|
|
өткізу бағасы, барлығы
|
|
7
|
Жүктік кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден гербицид сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін)
|
нөмірі
|
|
берілген күні
|
|
гербицидтерді жеткізушінің атауы
|
|
гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы
|
|
8
|
Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын салық органы берген құжат**
|
нөмірі
|
|
берілген күні
|
|
гербицидтерді жеткізушінің атауы
|
|
гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы
|
|
9
|
Сәйкестiк сертификаты (Қазақстан Республикасында өндірілген, сатып алынған гербицидтерге) **
|
сертификаттың қолданылу мерзімі
|
|
сертификаттың нөмірі
|
|
сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)
|
|
өтініш беруші (атауы, мекенжайы)
|
|
кім берді
|
|
10
|
Шығу тегі сертификаты/сапа сертификаты (шетелдік гербицидтерге гербицидтерді өндірушінің)**
|
экспорттаушы/жүк жөнелтуші
|
|
импорттаушы/жүк алушы
|
|
тауардың атауы
|
|
беру күні мен орны
|
|
11.
|
Гербицидтерді жеткізушілердің мемлекеттік лицензиясы (пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға)
|
лицензияның нөмірі
|
|
толық атауы
|
орналасқан жері
|
|
лицензияның түрі
|
|
кіші қызмет түрінің (әрекет) атауы
|
|
кім берді
|
|
берілген күні
|
|
Ескерпе:
* Өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын және көшірмесін талап етуге тыйым салынады.
** Көрсетілген құжаттардағы мәліметтер гербицидтің әрбір түріне толтырылады.
Гербицидтерге қажеттіліктің есебі
Ауыл шаруашылығы дақылының атауы
|
Алаңы, гектар
|
Гербицидтерді 1 гектарға қолданудың ғылыми ұсыным берілген нормалары
|
Қолдану алаңы, гектар
|
Гербицид түрі, (литр, килограмм)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған мәліметтер ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болатыным туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы _________ ____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер (бар болса) ________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (заңды тұлға үшін)
20__жылғы «___»______________
Өтiнiм 20__жылғы «___»____________қарауға қабылданды.
___________ _________________________________________________________
(қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_____________________ облысы ________________________________________
(ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
Биоагенттерге (этномофагтарға) және биопрепараттарға
субсидиялар алуға өтінім
___________ грамм (дана) көлемiнде _________________________________,
(биоагент (этномофаг) және биопрепарат түрi)
___________ грамм (дана) көлемiнде _________________________________,
(биоагент (этномофаг) және биопрепарат түрi)
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіден
сатып алынған биоагенттер (этномофагтар) және биопрепараттар үшiн
субсидия төлеуді сұраймын.
Р/с №
|
Деректер көзі
|
Қажетті мәліметтер
|
Деректер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама
|
тіркеу нөмірі
|
|
тіркеу күні
|
|
атауы
|
|
орналасқан жері
|
|
мемлекеттік тіркеу күні
|
|
кім берді
|
|
2.
|
Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат
|
жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
|
|
ЖСН
|
|
кім берді
|
|
берілген күні
|
|
|
Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
|
орналасқан жері
|
|
тіркеу күні
|
|
кім берді
|
|
3.
|
Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат
|
актінің нөмірі
|
|
кадастрлық нөмірі
|
|
барлық алаң, гектар
|
|
оның ішінде егістік
|
|
нысаналы мақсаты
|
|
сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді
|
|
жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы
|
|
4.
|
Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе почтаның ұлттық операторының анықтамасы
|
ЖСН/БСН
|
|
Кбе
|
|
Банктің немесе почта операторының деректемелері:
Банктің немесе почта операторының атауы:
|
|
БСК
|
|
ЖСК
|
|
БСН
|
|
Кбе
|
|
5.
|
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің арасындағы сатып алу-сату шарты**
|
шарт нөмірі
|
|
шарт жасалған күні
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы
|
|
биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың атауы
|
|
биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың көлемі, грамм (дана)
|
|
төлем мерзімі
|
|
6
|
Биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтке) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)
|
шот-фактура нөмірі
|
|
берілген күні
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің ЖСК
|
|
тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі
|
|
биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың атауы
|
|
өлшем бірлігі
|
|
Саны (көлемі)
|
|
ҚҚС-пен бағасы (теңге)
|
|
өткізу бағасы, барлығы
|
|
7
|
Жүктік кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден биоагенттер (этномофагтар) және биопрепараттар сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін)
|
нөмірі
|
|
берілген күні
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы
|
|
8
|
Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын, салық органы берген құжат**
|
нөмірі
|
|
берілген күні
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы
|
|
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы
|
|
Ескертпе:
* Өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын және көшірмесін талап етуге тыйым салынады.
** Көрсетілген құжаттағы ақпарат биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың әрбір түріне толтырылады.
Биоагенттерге (этномофагтарға) және биопрепараттарға
қажеттіліктің есебі
Ауыл шаруашылығы дақылының атауы
|
Алаңы,
гектар
|
Биоагенттерді 1 гектарға қолданудың ғылыми ұсыным берілген нормалары
|
Өңделетін алаң, гектар
|
Биоагент түрі, (дана, грамм)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болатыным туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы _________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер (бар болса) _________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (заңды тұлға үшін)
20__жылғы «___»______________
Өтiнiм 20__ жылғы «___» ____________ қарауға қабылданды.
___________ _________________________________________________________
(қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |