ОсөЖ 2 Олжабаева Аружан ск-201 касипкерлик жане бизнес



Pdf көрінісі
Дата02.01.2022
өлшемі97.79 Kb.
#454294
ОСӨЖ 2 Олжабаева Аружан ск-201 касипкерлик жане бизнес



ОСӨЖ

Кафедра: Көлік техникасы, тасымалдауды 

ұйымдастыру және құрылыс

Пәні: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері

Факультет: Техникалық

Тақырыбы:”Бизнес-идея мен стартапты таңдау”

Тексерген: Якудина Райхан Сейтжанқызы

Орындаған: Олжабаева Аружан 

Рахметуллақызы

Тобы:ск-201


Жоспар

Кіріспе



Бизнес идеяларды таңдау ережелері

Бірінші ереже



Екінші ереже

Үшінші ереже



Төртінші ереже

Қалаушы кәсіпкерлікті идеядан ақиқатқа айналдыру үшін жасайтын 



қадамдар жүйесі

Бірінші қадам тауашаны таңдау



Екінші қадам-«өзіңді таныту»

Бизнес-идеяларды ойлап табу



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер




Кіріспе

Бизнес-идея – болжамды кәсіпкерліктің қысқа әрі нақты анықтамасы.Өз 

бизнесіңізді бастау үшін сіз немен айналысқыңыз келетінін анықтап алуыңыз 

керек. Жобаның табыстылығы оның негізінде қандай бизнес-идея жатқанына 

тікелей байланысты.

Бизнес-идея:

-

тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс;



-

табыс әкелуі тиіс; 

-

кәсіпкерге моральдық қанағат әкелуі тиіс.



Мыңдаған идеялар бар, олардың ондағаны жүзеге асырылады, ал табысқа 

бірлі-жарымы жетеді. 

"Startup" – ауқымды бизнес-идеяны іздеуге және жүзеге асыруға бағытталған 

уақытша құрылым. Тез дамып, көп пайда табуды мақсат тұтқан жаңа қаржылық 

жоба» деген анықтама берілген. Бұл пікірге сүйенсе, кез келген істі Startup деп 

атауға тура келеді. Дегенмен "Startup" – алғаш қолға алынған жаңа бастама. Бұл 

бәсекелік қабілет пен табысты арттырады.

Мысалы, қарапайым кафе ашу стартапқа жатпайды, ал оның қызметінде 

бұрын-соңды қолданылмаған қандайда бір жаңа технологияны пайдалану оның 

тың бастама екенін көрсетеді.




Бизнес идеяларды таңдау ережелері

Бірінші ереже. 

Идея көп болуы керек. 



Идеяның көп болуы әрқайсысының ерекше екенін, бірі екіншісінен 

перспективалы екенін, әр түрлі ресурстарды қажет ететінін білдіреді.

Осының бәрі олардың арасынан басым тұрғанын таңдап алуға 



мүмкіндік береді.


Бизнес идеяларды таңдау ережелері

Екінші ереже.

 Идея кәсіпкерлік бастамашысы үшін түсінікті қызмет саласынан болуы 



тиіс. 

Кәсіпкер өзінің құзыреттілігі жоқ салалардағы жобалармен айналысса – 



табысқа жету мүмкіндігі бірнеше есе төмендейді.


Бизнес идеяларды таңдау ережелер

Үшінші ереже. 

Идея қызықты болуы керек. 



Кәсіпкерлік бастағанда кәсіпкер әдетте өзінің барлық уақытын – жұмыс 

уақытын және бос уақытын толық жобаға арнайды.

Сондықтан қызықсыз жоба кәсіпкерді моральдық 



қанағаттандырмайды.


Бизнес идеяларды таңдау ережелер

Төртінші ереже. 

Идея бір-екі сөйлеммен ғана құрылуы тиіс. 



Тым күрделі және ұзақ түсініктемелер әлсіз және өңделмеген идеяны 

білдіреді.



Бірінші қадам тауашаны таңдау

Ол үшін кәсіпкер келесідей сұрақтарға жауап береді: «Мен нақты немен 

айналысқым келеді?». Кәсіпкерлік үшін тауаша таңдау – алғашқы әрі өте маңызды 

қадам. Өйткені, сізге өз ісіңізбен жылдар бойы күн сайын, кем дегенде 8 

сағаттапайналысуға тура келеді.Егер сізді өз жұмысыңыз қанағаттандырмаса, 

сізде оны орындауға мотивация болмайды. Ал мотивациясыз прогресс болмайды.

Кәсіпкерліктің бұлжымайтын заңы бар: тек бірегей кәсіпкерлік табысты 

болады. Әйтпесе, сізді бәсекелестер жұтып қояды. Кез келген аспект өзіңіздің өз 

көзқарасыңызбен, құзыретіңізбен, идеяларыңызбен және басқа да,  сіздің өніміңіз 

немесе қызметтеріңіз – бірегей болуы мүмкін (мысалы, сіз басқа наубайханалар 

сияқты нан пісіресіз, бірақ сізде ыстық кофе ішуге болатын үстелдер бар). Бірақ 

бірегейлік мотивация болса ғана келеді. Егер сіз сүйікті іспен айналыссаңыз және 

оны дамытуға ниет білдірсеңіз, сіз әрқашан бірегей болуға мүмкіндік таба аласыз. 

Мотивация болмаған кезде сіз әдетті іс-қимылдарды бір сарынды орындап, үйге 

қайту үшін жұмыс күнінің аяқталғанын күтетін боласыз.



Екінші қадам-«өзіңді таныту»

Тауаша табылған кезде, келесі қадамды – «өзіңді танытуды» бастауға болады. Яғни, 

өз бизнесіңіз табысты болу үшін сізге қандай дағдылар қажет екенін анықтау керек. 

Мүмкін сіз өз қолыңызбен бір нәрсе жасап үйренерсіз, мүмкін,сауда жасайсыз, суретке 

түсіресіз, жарнама жасайсыз, командаға қажетті адамдарды жинайсызжәне т.б. Сізге 

қандай дағдылар қажет екенін түсіне отырып, оларды дамытуды бастауға болады. 

Сізге өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды зерттеу керек.Оған жұмсалған уақыт 

мың есе өтеледі және тиімді бизнес-шешімдер туғызады.Сондықтан, бұл кезеңде бірнеше 

сағат бөліп, қағаз бен қалам алып өз кемшіліктеріңізді және артықшылықтарыңыздың 

кестесін құрыңыз. «Кемшіліктер» бағанында «Клиенттермен сөйлесуді ұнатпаймын», 

«Кәсіби білім жетіспейді», «Бастапқы капиталды қалай тарту керектігін білмеймін» және 

т.б. жазулар пайда болсын. Сіздің барлық кемшіліктеріңіз – бір жағынан сіздің бизнесіңіз 

үшін қауіпті. Бірақ егер сіз оларды жақсы білсеңіз, кемшіліктер мүмкіндікке айналады.



Бизнес-идеяларды ойлап табу

Сіздер қазіргі заманғы нарық тренділерімен танысқан соң, бизнес-

идеяны ойлап табуға тікелей көшеміз. Көптеген ойлау қабілеті жақсы 

дамыған адамдар қоғамға пайдалы бір нәрсе ойлап тауып, қалған өмірінде 

жұмыс істемей, өзінің данышпан өнертабысынан өмір бойы табыс тауып 

тұру туралы көп ойластырған.Тек бірлі-жарымдары ғана оған іс жүзінде қол 

жеткізді.Мұндай идеяларды іске асырудың өте төмен пайызы екі негізгі 

фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, адамзатқа өте қажет нақты 

өнертабысты ойлап табу өте қиын. Екіншіден, мұндай өнертабыстардан 

қаржылық табыс табу үшін әзірлемелерге көптеген жылдар қажет болуы 

мүмкін. Сонымен қатар, екінші мәселенің баламалы шешімдері іс жүзінде 

жоқ.Әлеуетті пайдалы өнертабысты ойлап табу үшін айналадағы 

мұқтаждықтар мен қажеттіліктерге назар аудару керек.



Қорытынды

Қорыта келе, табысты бизнесмен болу үшін ең бастысы – өз істеріңізден ләззат алу,шағын 

істерден бастау қажет, өзіңді болашақта қандай дәрежеде көргің келетінін елестетіп, осы 

жағдайға әкелетін ұсақ іс-әрекеттер жасаудан бастау керек; стереотиптерден аулақ болып, 

өзқалауың мен наным-сенімдеріңді ұстану; қоршаған ортаға зиян келтірмеу және басқа адамдарға 

және олардың қажеттіліктеріне құрметпен қарау; ұсақ-түйекке қуана білу және олардан ләззат 

алу; ағынды күйде болуға тырысу және әр түрлі ішкі және сыртқы стимулдар арқылы өз-өзіңді 

осы күйге қайтаруға күш салу.

Тәжірибелі стартаперлердің бизнес-идеяны жүзеге асыру, қаржы көзін қарастыруға 

қатысты берер кеңесі бар. Жаңашылдық идеясы жобаның басынан-ақ көрінуі керек. Оның бұрын-

соңды қолданылмаған тың дүние екені бірден қызықтыру керек. Сонымен қатар жаңаша ойлаудан 

да қорықпауға шақырады. Кез келген идеяға кәсіпкерлік көзбен қарап үйреніп, оның 

табыстылығын болжау керек. Жобаның бірегейлігіне деген сенім оның табыстылығына кепіл. 

Идея болса, оның жүзеге асырудың жолдары да табылады.




Пайдаланылған әдебиеттер

https://massaget.kz/men_kasipkermin/kenester/52315/



https://silteme.kz/index.php/ekonomika/biznes/item/1576-biznes-ideyalar-n

eni-ta-dau-alaj-izdeu-kerek-izdeu-disteri

Әдістемелік құрал: «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша студенттің 



жұмыс дәптері / Е. С. Дүйсенханов, Н. Е. Жұлдызбаев, А. С. Успаева, А. С. 

Өтепқалиев, С. Атагельдинова, Ғ.Е. Керімбек - «Атамекен» ҰКП. Нұр-



Сұлтан: «Шаңырақ-Медиа» ЖШС, 2019 ж. - 200 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет