Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет44/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
disser ernar

Бағдарламаның мазмұны. 
Эксперименталдық бағдарлама 6 бөлімнен тұрады: «Базалық бөлім», 
«Жеңіл атлетикадан ЖДЖ», «Қозғалыс ойындары бойынша ЖДЖ», «Ұлттық 
элементтерден ЖДЖ», «Гимнастикадан құралдарсыз ЖДЖ», «Гимнастикадан 
құралдармен ЖДЖ». 
Бірінші бөлімнің, яғни «Базалық бөлімнің» мазмұны жалпы дамыту 
жаттығуларын меңгертудің мектепке дейінгі кезеңде үйренген дағдыларын 
одан әрі жетілдіруге және нақты ЖДЖ талаптарын, атап айтқанда
жаттығулардың бірізділікпен орындалуы, жаңа ЖДЖ түрімен танысу, бұйрық 
беру сияқты тағы да басқа мазмұндағы дағдыларын одан әрі дамытуға 
бағытталады [143]. «Базалық бөлім»: 
– ЖДЖ-1.Қолдың бастапқы қалыптары және қолдармен қозғалыстар 
жасау; 
– ЖДЖ-2. Аяқтың бастапқы қалыптары және аяқпен қозғалыстар жасау; 
– ЖДЖ-3. Дененің бастапқы қалыптары және денемен қозғалыстар жасау; 
– ЖДЖ-4. Құралдарсыз жаттығулар жасау; 
– ЖДЖ-5. Үлкен доппен жаттығулар жасау; 
– ЖДЖ-6. Секірмекпен жаттығулар жасауды қамтиды. 
Екінші бөлім «Жеңіл атлетикадан ЖДЖ жүйесі» деп аталады. Мұнда 
орындалатын ЖДЖ қозғалыстағы жаттығулар болып келеді. ЖДЖ саны мен 
мазмұны сабақ алдындағы оқушылардың ширатып шынықтыру міндеттерін 
шешуге арналатыны белгілі. «Жеңіл атлетикадан ЖДЖ жүйесіне»: 
– ЖДЖ-1. Қолдың бастапқы қалыптары және қолдармен қозғалыстар 
жасау; 
– ЖДЖ-2. Аяқтың бастапқы қалыптары және аяқпен қозғалыстар жасау; 
– ЖДЖ-3. Дененің бастапқы қалыптары және денемен қозғалыстар жасау 
кіреді. 
Үшінші бөлім «Қозғалыс ойындары бойынша ЖДЖ жүйесі» деп аталады. 
Қозғалыс ойындары бастауыш сынып оқушылары үшін өте қызықты және 
маңызды жаттығулардың кешені деп атауға болады. Қозғалыс ойындары 
оқушылардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мәдениеті 
дамуына ықпал етуі үшін, олардың орындалу тәртібі мұғалім тарапынан 
дидактикалық талаптарға сай меңгертілуі керектігі белгілі. Ал қозғалыс 


101 
ойындарының элементтерінен құралған ЖДЖ дене шынықтыру сабақтарының 
қызықты да сәтті өтуіне ересен ықпал етуі үшін олардың ЖДЖ жүйесінен 
енгізілуі керек. «Қозғалыс ойындары бойынша ЖДЖ жүйесіне»: 
– ЖДЖ-1.Секірумен байланысты жаттығулар; 
– ЖДЖ-2. Көздеп лақтыруға еліктеумен байланысты жаттығулар; 
– ЖДЖ-3. Қол мен аяқ қозғалысын дамытумен байланысты жаттығулары; 
– ЖДЖ-4. Тартысумен байланысты жаттығулар; 
– ЖДЖ-5. Саусақ, буындардың икемділігін дамытатын жаттығулар; 
– ЖДЖ-6. Тізе, аяқ буындарының икемділігін дамытатын жаттығулар 
жатады. 
Төртінші бөлім «Ұлттық мәдениет ерекшеліктері элементтері бойынша 
ЖДЖ жүйесі» деп аталады. Ұлттық ойындар бастауыш сынып оқушылары 
үшін олардың дүниетанымында, ділінде (менталдық болмысында) сақталған 
маңызды өмір сүру қабілеттері туралы ақпаратты жандандырып, ұлттық 
сананың сақталуына қызмет етеді. Оқушылардың қазақтың дене мәдениетіне 
және жалпы мәдени құндылығына дене жаттығулары арқылы да көзқарасы 
қалыптасуына тірек болады. «Ұлттық мәдениет ерекшеліктері элементтері 
бойынша ЖДЖ жүйесін» 
– ЖДЖ-1. Қазақ биіне еліктеу элементтері бойынша ЖДЖ; 
– ЖДЖ-2. Қазақ ұлттық тұрмыс ерекшеліктеріне (аңшылық т.б.) еліктеу 
элементтері бойынша ЖДЖ; 
– ЖДЖ-3. Қазақ ұлттық аспаптарында ойнауға еліктеу элементтері 
бойынша;
– ЖДЖ-4. Қазақ ұлттық батырлық қаруларын ұстауға еліктеу элементтері 
бойынша ЖДЖ қамтиды. 
Бесінші бөлім «Гимнастикадан құралдарсыз орындалатын ЖДЖ жүйесі» 
деп аталады. Бұл жүйеге:
ЖДЖ-1. Бастапқы қалыпта тұрумен байланысты жаттығулар
ЖДЖ-2. Қолдың қалыптары және қолдың қозғалыстарына байланысты 
жаттығулар; 
ЖДЖ-3. Аяқтың қалыптары және аяқтың қозғалыстарына байланысты 
жаттығулар; 
ЖДЖ-4. Дененің қалыптары және дененің қозғалыстарына байланысты 
жаттығулар; 
ЖДЖ-5. Жүрелеу, отырумен байланысты жаттығулар кіреді. 
Алтыншы бөлім «Гимнастикадан құралдармен орындалатын ЖДЖ жүйесі» 
деп аталады. Бұл бөлімнің мазмұнын: 
ЖДЖ-1. Гимнастикалық таяқпен жаттығулар жасау
ЖДЖ-2. Үлкен доптармен жаттығулар жасау; 
ЖДЖ-3. Гимнастикалық отырғыштармен жаттығулар жасау; 
ЖДЖ-4. Обручтермен жаттығулар жасау; 
ЖДЖ-5. Секірмекпен жаттығулар жасау құрайды. 


102 
Арнайы оқу бағдарламасын әдістемелік қамтамасыз етілуі келесідей. 
Педагогикалық экспериментке әзірленген «Бағдарламаның» жүзеге асырылуын 
қамтамасыз ететін негізгі әдістер тақырыптық жоспарда ішінара көрсетілді. 
Негізінде, бағдарламаның тиімділікпен жүзеге асырылып, күткен нәтижеге қол 
жеткізілуінде үлкен орын алатын әдіс – мұғалім мен оқушының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет