Бақылау жұмысы №10
І – деңгей.
1. Есепті шығар:
Ауылшаруашылығына арналған ұшақ 4 сағ 960 км ұшады. Осы қашықтықты жолаушы таситын ұшақ 80км/сағ-тан артық жылдамдықпен неше сағ ұшып өтеді?
2. Есепте:
( 7800 + 23312) х 4 – 20320 : 8
3. Қалдықпен бөлудегі қатені тап:
39 : 4 = 9 (қалд.5) 42 : 15 = 4 (қалд.2)
58 : 6 = 9 (қалд. 2) 34 : 26 = 0 (қалд.8)
76 : 14 = 5 (қалд. 9) 90 : 16 = 5 (қалд10)
4. Теңдеуді шеш:
Х * 7 = 403 – 235
5. Периметрлері бірдей екі тік төртбұрыш сыз да,ауданын есепте.
ІІ – деңгей.
1. Есепті шығар:
Поезд 800км жол жүру керек. Бастапқы 10сағ ол 38 км/сағжылдамдықпен,сосын ол жылдамдығын үдетіп, қалған жолды 7 сағ жүрді.Қалған жолды ол қандай жылдамдықпен жүрді?
2. Есепте:
(384012 – 12306) : 3 + 2 х 8399
90 + 10 х 70 – 42 : 6
(500 -150) х 2 – (360 + 40) х 6 : 4
3. теңдеуді шеш:
5 *Х = 28675 – 13045
4.Есепті шығар:
Алмас пен Болатта 11 жаңғақ, Алмас пен Бейбітте 12 жаңғақ, Болат пен Бейбітте 13 жаңғақ бар. Әр балада неше жаңғақ бар?
5. Тік төртбұрыш сыз да, оның ішінен сызықтар жүргізгенде екі тік бұрышты және бір доғал бұрышты үшбұрыштар шықсын.
ІІІ – деңгей.
Есептерді шығар.
1. 6 кг жүннен 10м мата алады.Әр костюмге 3м мата кетеді. 8 костюм тігуге жететін мата тоқу үшін неше кг жүн керек?( жүннің салмағын граммен есепте)
2. Саяхатшылар бірінші күні 3км/сағ жылдамдықпен 27км жол, екінші күні атпен 14км/сағ жылдамдықпен 3сағатқа кем уақыт жұмсады. Екі күнде олар неше км жол жүрді?
Достарыңызбен бөлісу: |