Қостанай қаласында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә



Дата07.07.2016
өлшемі17.77 Kb.
#182809
Қостанай қаласында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қостанай қаласында өткен кездесуде  Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберін, жетістіктері мен артықшылықтарын түсіндірді», - делінген хабарламада.
 «Мемлекетіміз қазақстандық жастардың лайықты өмірін қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Жастар саясатының басымдықтары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады. Біз патриотизмді жастардың бойына қоғамдық күш-жігерді пайдалану арқылы қалыптастырмыз. Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде сақтау»,- деп  Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов Елбасының сөзін келтірді.  
Әскерлерді заманға сай дайындау әскери-оқытылған резервті дайындаумен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника түрлері жауынгерлерден арнайы білімді талап етеді.
«Бүгінде Қорғаныс министрінің тапсырмасымен әскери мамандарды дайындаудың толыққанды жүйесі құрылды. Қазақстанның әскери оқу орындары жетекші шетелдік әскери оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды. Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет ету азаматтарға тек азаматтық борыштарын орындаумен қатар кәсби биіктерді бағындыруға да мол мүмкіндік береді. Қазақстан әскерін кәсібилендіру жас ұрпаққа қызмет баспалдағында өсуде тиімді жағдай туғызады, – деп атап өтті полковник М. Таласов.
ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары жастардың патриоттық тәрбиесі мәселелерін облыс басшылығымен талқылады. Қостанай облысының әкімі аймақта жастардың демалысын ұйымдастыруға әскери-патриоттық тәрбие клубтары арқылы үлкен мән берілетінін атап өтті.  Нұралы Садуақасов ҚР Қарулы Күштерінің соңғы жылдардағы қуатты дамуы Қостанай облысының жастарына әскери қызметші мамандығын таңдауға оң ықпал ететінін атап өтті.

Қостанайда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері әскери-патриоттық бірлестіктер мен жасармияшылар орталықтарының басшыларымен кездесті. Осы жерде әскери ведомство мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылы Қазақстан әскері мен әскери қызметтің қоғамдағы беделін көтеруге оң ықпал ететінін атап өткен жөн. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет