Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Зат алмасу немесе метаболизм екі сатыдан - катаболизм мен



Pdf көрінісі
бет83/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Зат алмасу немесе метаболизм екі сатыдан - катаболизм мен 
анабализмнен  тұрады.  Катабализм  (ыдырау  реакциясы)  кезінде 
күрделі органикалық молекулалар жай молекулаларға дейін ыдырай-
ды.  Жасушаға  түскен  көмірсулар,  ақуыздар  мен  майлар,  сонымен 
қатар жасушаның  өзінде  жиналған қоректік заттар  бірнеше реакция-
лардан  кейін  сүт  қышқылы,  СО
2
  және  амиакқа  дейін  ыдырайды. 
Катабализм реакциясы кезіндегі энергияның бір бөлігі еркін энергия 
түрінде, яғни жоғары энергетикалық қосылыс -аденозинтрифосфат 
(АТФ) түрінде сақталады. Ал екіншібөлігі энергияға бай кофермент-
тердің  сутегі  атомдарында  никотинамидадениндинуклеотидфосфат 
(НАДФ - Н) түрінде сақталады.  
Биосинтез реакциясы өсіп келе жатқан жас жасушаларда белсеңді 
түрде  жүреді.  Алайда,  жасушалардың  тіршілігінде  оның  химиялық 
құрамы  жаңарып  отыратындықтан,  ескірген  жасушаларда  да  заттар 
ұдайы  синтезделеді.  Жасушада  синтезделген  ақуыз  молекулалары 
белгілі  уақыттан  кейін  ыдырайды  да  жаңадан  синтезделетін 
молекулалармен  ауыстырылып  отырады.  Сондықтан  да,  жасуша 
қызметін 
және 
химиялық 
құрамын 
тұрақты 
сақтап 
қалады.Жасушаның  құрылысы  мен  оның  құрамын  жаңартуға  себеп 
болатын  реакциялардың  жиынтығы,  пластикалық  алмасу  немесе 
ассимиляция  деп  аталады.  (грекше.  “пластикос"—  мүсін, 
мүсінделген).  Сонымен  анабализм  реакциясы  (синтез  реакциясы) 
кезінде  жасуша  заттары  үнемі  жаңарып  отырады.  (Пластикалық 
алмасу анабализм деген терминмен алмастырылған.) 
Зат  алмасу  негізінен  үш  түрлі  қызмет  атқарады:  1)  сырттан 
келетін  энергияға  бай  заттардың  ыдырауынан  немесе  күн  сәулесі 
энергиясын өзгерту арқылы ағзаны химиялық энергиямен қамтамасыз 
ету;  2)  қоректік  заттардан  қабылданған  мономерлерден  жасуша 


77 
 
құрылымының  макромолекулаларың  яғни  ақуыз,  нуклеин  қышқыл-
дары  липидтер,  полисахаридтер  және  басқа  жасушаның  заттарын 
құруға  пайдалану;  3)  жасушадағы  белгілі  қызмет  атқаруға  бейімдел-
ген биомолекулалардың рибосома, митохондрия, т.б. органоидтардың 
синтезделуі және ыдырауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет