Қостанай облысы таран ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспары таран, 2015 жыл мазмұНЫ



бет3/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#2693
1   2   3   4   5   6   7

2014 жылы автомобиль жолының осы бөлігін 10 –шы шақырымнан 20-шы шақырымға дейңн күрделі жөндеу жөнінде жобалы-сметалық құжат әзірленді. Жалпы сметалық құны 1 млрд. теңгені құрайды. Жүзеге асыруды жомпарлап отырған кезең 2016-2017 жылдар.


Таран ауданы аумағында 42 елді мекен бар, оның ішінде 34 елді мекен автобус бар. Таран аумағын пассажирлер мен жүкті тасымалдайтын ауданның елді мекендерін қосатын 6 бағыттық автобустар қамтиды және Таран ауданын Ресеймен қатынастыратын 1 бағыт бар.

Тұтынушыларға су, жылумен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуінде, Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың коммуналдық инфрақұрылымының негізгі қорларының моральдық және сапалық тозуына байланысты, су мен жылудың айырылу көбейеді. Тозығы жеткен жабдықтар ауаға зиянды заттарды таратуға себеп болады, инженерлік желілердің тозуына байланысты, көптеген бұзылулар болады. Бұның бәрі қоршаған ортаға жағымсыз әсет етеді. Сонымен қатар, коммуналдық инфрақұрылымының тозығы жеткен негізгі қорларының, автомобиль жолдарының, күрделі жөндеулері толыққанды жүргізілмейді, тұрғын үй қоры мен автожолдар саласының инженерлік қамтамасыз ету жүйесі мен сыртқы желілерінің функционалдық тұрақтылығы мен сенімділігі төмендейді.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Жылумен қамтамасыз ету
Таран ауданында 2 қазандық бар (1- «Тобыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның балансында, 1 - «Тарандық» коммуналдық кәсіпорнының балансында) және 32 автономдық жылыту жүйесі.

Таран ауданы бойынша жылумен қамтамасыз ету желісінің жалпы ұзындығы 12,7 шақырымды құрайды. Ауданның жылу көздері пайдалануға 50-ші жылдардан 80-ші жылдарға дейін енгізілген, сондықтан жылу энергетикалық жабдықтар мен қазандықтардың тозуы да 50 –ден 80 пайызға дейін.

Ауданның тұтынушыларын сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін қазандық жабдықтарын жаңарту және жылыту жүйелерін қалпына келтіру және жаңадан салу қажет.

Ескірген қазандықтарды айырбастау үшін «Тобыл» МКК су жылыту қазандығында 4 бу қазандығын айырбастау арқылы қалпына келтіру» инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жобалы-сметалық құжат әзірлеуге 22 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

- 2015 жылы 10 млн. теңге;

- 2016 жылы 12 млн. теңге.

Жобаны жүзеге асыру жылыны жоғалпауға, қазандықтың КПД арттыруға, қатты отын сатып алуды 30%-ға төмендетуге және электр қуатын 15%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді, сөйтіп ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Сумен қамтамасыз ету

Халықтың әл-аухатын көтеру үшін жергілікті атқарушы органдар ауданның тіршілік көзін қамтамасыз ететін ифрақұрылымын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.

«Ақ Бұлақ» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Тобыл кентінде айыру желісін қалпына келтіру жүргізілді, жобаның жалпы құны 1 млрд. 155  млн. теңгені құрады.

Су құбырының жалпы ұзындығы 36,5 м құрайды, оның ішінде тұрғын үйлерге жеткізу - 8,7 км.

2014 жылы аудан орталығындағы су құбыры қалпына келтірілді, бұған 702 млн. теңге жұмсалды. Су құбырының 41,7 км тартылды. 600 абонентов қосылды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

42 елді мекеннің 16-сы орталық сумен қамтамасыз етілген, 19 294 адам қамтылған. Су құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 132 км құрайды.

Тобыл кенті, Притобольское , Ақсуат ауылдарын сумен қамтамасыз етуге «Тобыл өзенінен ашық су алуды, су тазалау құрылғылары мен Тобыл кентінің 2-ші көтерілісіндегі сорғы стансасына дейін магистральдік су келтіргішті қалпына келтіру» объекті бойынша жобалы-сметалық құжат әзірленді.

Мердігерлік ұйым - «Промстройпроект» ЖШС, келісімшарттың сомасы 20 млн. теңге. Құжат мемлекеттік сараптауда жатыр.

Бұл салада мыналарды байқауға болады:

еңбекақының аздығынан кадрлар тұрақсыздығы;

коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғарылығы;

аумақты газдандыру деңгейінің төмендігі.


Газбен жабдықтау

Газкөліктік жүйеге небары сегіз елді мекен қосылған. Табиғи газбен қамтамасыз етілген халықтың саны 11 815 адам немесе ғана 44,7%.

Таран ауылы мен Тобыл кентін газбен қамтамасыз ету үшін жобалы-сметалық құжат әзірленді.
Электр энергетикасы

Таран АЭС ұзындығы 442,35 шақырым, ВЛ- 0,4 кВ -276,16 шақырым, 10кВ ауа желісін бойынша, сонымен қатар шкафтар мен КТП қызмет атқарады.

Энергожүйесінің сенімде де үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Таран ауданында 2011 жылғы мерзім ішінде ВЛ-10кВ,ВЛ-0,4кВ және КТП техникалық қадағалау мен күрделі жөндеу жобалануда.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы сегіз елді мекендерде 3,8 млн. теңге сомасына қосымша көше жарықтандыру құралы орналастырылды.


2.1.5. Экология мен жер ресурстарын таңдау

Ауданда 42 елді мекенге жалпы ауданы 60,5 га жер телімінде орналасқан 32 ҚТҚ полигоны бекітілген.

ҚТҚ 31 полигонының эмиссияға рұқсаттары бар .

«Алина-Т» ЖШС (3 полигон) ҚТҚ үюмен айналысады ( Асенкритовка, Береговое, Таран ауылдары).

«Содружество-2008» ЖШС (1 полигон) ҚТҚ қабылдау, тиеп шығару, полигонда үю және орналастырумен айналысады (Тобыл кенті).

«Тобыл» МКК (1 полигон) ҚТҚ полигонын күл үю үшін пайдаланады.

«Тарандық» МКК (26 полигон) үюмен айналысады (26 СНП).

«Жәрдем - 2» ЖШС (1 полигон) ҚТҚ үюмен айналысады (Тобыл кенті). «Жәрдем - 2» ЖШС басшылығының шешімі бойынша кәсіпорынның жұмысын тоқтатуға байланысты қазіргі уақытта кәсіпорын ҚТҚ үюді жүргізбейді. «Жәрдем - 2» ЖШС –нда қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқ. 2016 жылы кәсіпорынды тарату жоспарланып отыр.

Аудан аумағындағы орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 17445 га құрайды. Ормандарды жаңарту және орман өсіру ауданы 2015 111 га құрады.

Өрт салдарынан 2015 жылы орман алқабы 195 га кеміп қалды (2015 ж. – 7032 га, 2014 ж. – 7227 га).

Аудан аумағында ауданы 1,5 га орман тәлімбағы бар.

2015 жылы 60 га жерге орман ағаштары отырғызылды, 0,38 га жерге орман тәлімбағы себілді, 100 кг орман тұқымдары жиналды, 13,5 мың дана көшеттер отырғызылып, өсірілді.

2015 жылы 2,1 га ағаш кесетін жер, 20,3 га санитарлық-тұтас кесу, 30,0 га басты пайдалануға кесу жерлері белгіленді.

Орманшаруашылығы қызметі бойынша 2015 жылы тұрғындарға 2219 шаршы м көлеміндегі ағаш кесіліп сатылды.

Елді мекендерді абаттандыру үшін жыл сайын аудан бюджетінен қаражаттар бөлініп тұрады. 2014 жылы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитариясын қамтамасыз етуге 29 млн. теңге игерілді, бұл 2011 жылдың дейгейінен 32% немесе 7 млн теңгеге артық. Ағаш отырғызу мен саябақтарды абаттандырумен аудан ұйымдары айналысады.

2015 жылы 1800 ағаштардың көшеті отырғызылды.

Ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлердің жалпы ауданы аудан бойынша 551,2 мың га құрайды, оның ішінде суарылатын жерлер 3,5 мың га, оның 1,5 мың га суарылады немесе суарылатын жерлерден 43%.

Оның ішінде:

-егістіктер 318,5 мың га құрайды, оның - 2,7 мың га суарылады, 1197 га немесе 44% қолданылады;

-шабындықтар 1,9 мың га құрайды, оның - 695 га суарылады, 164 га немесе 24% қолданылады;

-жайылымдар 230,7 мың га құрайды, оның - 170 га суарылады, 150 га немесе 88% қолданылады.

Ауылшаруашылығы үшін тағайындалған жерлерден шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық заңды тұлғалардың жер пайдалануына 230,7 мың га аумағында жайылымдар берілген.

Дегенмен 88,0 мың га жайылым пайдаланылмайды («ППЗ Костанайский»- 5,2 мың га, «Мақсұт-Н» ЖШС -20,6 мың га Қайранкөл ас/о, «Азия – Алтын- 2000» ЖШС - 15,0 мың га Павлов а/о, «Нұрлы Дала» ЖШС - 5,9 мың га Евгеновка а.).

2015 жылдың бірінші тоқсанында жалға алу келісімшартын екі жақты бұзу арқылы мемлекеттік меншікке 1377 гектар ауданындағы 3 жер қайтарылды. Ауданы 2091 гектар 7 жер телімі бойынша оларды иесіз деп тауып және мемлекет меншігіне түскені туралы материал сотқа жіберілді, олардың ауданы 1604 га 4 жер телімі бойынша сот шешімі бар.

А. ж. наурыз айында мемлекеттік меншікте тұрған ауылшаруашылығы үшін тағайындалған жер телімдерін жалға алу құқығы бойынша конкурс өткізілді. 25,3 мың гектар ауданындағы 18 лот қойылды. Конкурс қорытындысы бойынша ауданда 5 шаруа қожалығы және 1 ЖШС құрылды.

2.1.6. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін – өзі басқару жұйесінің талдауы

Ауданда 4 мемлекеттік мекемеде ХҚКО интергилдаған жүйесі енгізілген, ХҚКО арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметді көрсету мониторингін өткізуге жол береді. ЕСЭДО және ИИС жұмыс үшін IP – VPN технологиясы негізінде байланыс каналы ХҚКО ұйымдастырылды.

ЕСДЭО енгізгеніне байланысты серверлық жабдықтауды орнатуды қажеттіліг тұр. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу үшін ақшалай қаражатты бөліді қажет.

Өңірде ақпараттандыру процессін әрі қарай дамыту көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды, әкімшілік кедергілерді қысқартуды және ақпараттық ресурстарды қорғауды көздейді

2015 жылдың 11 айы ішінде аудан бойынша барлығы 9109 қызмет көрсетілді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 18% немесе 2057 қызметке кем. Мемлекеттік органда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 7839, бұл 2014 жылдың деңгейінен 2902 қызметке кем, ХҚКО арқылы – 1684, бұл 2014 жылдың деңгейінен 1259 қызметке артық, услуг, ГБД арқылы электрондық түрде көрсетілген «Е-лицензирование» - 168, бұл 2014 жылдың деңгейінен 126 қызметке артық, услуг, «Е-әкімдік» арқылы көрсетілген қызметтер - 245, бұл 2014 жылдың деңгейінен 11 қызметке кем, ХҚКО ИАЖ арқылы – 13, бұл 2014 жылдың деңгейінен 33 қызметке кем.

Аудан әкімдігі бөлімдерінің деңгейінде 9 бөлім қызмет беруші болып табылады Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ауыл шруашылық, дене тәрбиесі және спорт, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері, РАГС.
Сондай-ақ аудан деңгейінде қызмет көрсететін 13 орган бар Тобыл кенті, ауыл, ауылдық округ әкімдері аппараттары, олар 5 түрлі қызмет көрсетеді.
2015 жылдың өткен кезеңінде ауданның кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері барлығы 684 қызмет көрсетті.

Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі қызметті сапалы және уақытылы көрсету, азаматтардың қанағаттандыру деңгейін көтеру болып табылады.


Есептік кезеңде белгіленген мерзімі бұзылған 5 қызмет көрсетілді, 2014 жылмен салыстырғанда бұзушылықтар саны 4 бірлікке артты. Қызмет көрсету жөнінде азаматтардан шағым түскен жоқ. Мәліметтерді мониторингтің ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізбегені үшін 1 адам тәртіптік жазаға тартылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет