Отбасы құндылықтары



Дата15.09.2023
өлшемі13.23 Kb.
#477683
Документ (16)


Отбасы құндылықтары
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Алғаш дүние есігін ашқанымызда қым-қиғаш өмірдің салқынын сездірмей, аялы алақан мен мейірімді жүректің шуағына бөлейтін де осы жер. Осында қабырғамыз қатайып, буынымыз бекиді. Ата-анамыздың қамқорлығы мен тәрбиесінің арқасында өмірдің қатал заңына қарсы тұрудың да қыр-сырын меңгереміз. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата – ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмас.
Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.Отбасылық құндылықтар -жақындарына қамқорлық жасауға, қарттарды құрметтеуге, үй жұмыстарымен ынтымақтастықта болуға, рухани- адамгершілік тұрғысынан парасатты тұлға болып қалыптасыға тәрбиелейді.Қазақ отбасында әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.Отбасыдағы құндылықтардың негізі махаббаттан, сенімнен, өзара түсіністіктен бастау алып, алдағы өмірде де жалғасын табады десем, жаңылысқандық болмас.
Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсін» деген дана сөз бар. Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратындай болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұстаған.Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.Үлгілі отбасын құрып, адал ұрпақ өсіру – кімнің де болса, ең бірінші алға қойған үлкен мақсаты әрі асыл арманы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет