Отбасында оқушыларды толеранттылықҚа тәрбиелеудің Қажеттіліктері



Дата30.11.2022
өлшемі20.49 Kb.
#466119
Толерантты тұлға


ОТБАСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ.
Қазақстан көп ұлтты көп конфессионалды мемлекет болғандықтан, ұлттар арасында татулықты, бірлікті, бейбітшілікті сақтау маңызды мәселе. Көп ұлтты мемлекеттер жағдайында оның себептері түсінікті де. Өмірде біз күн сайын толерантты және интолерантты қылықтардың белгілерін кездестіріп жүреміз. Қазіргі таңда әлеуметтік, саяси және этникалық толеранттылық мәселелері неғұрлым өзекті мәнге ие болуда.
Біздің Елбасымыздың ұстанған саясатының басты мәселесі- ұлттар, халықтар, конфессиялар арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту болып келеді.
Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. “Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент Н.Назарбаевтың 2010 жылғы халыққа жолдауында Қазақстан төрағалығының ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзімділік) екенін көрсеткен. Қазақстан Ұйымның күн тәртібіндегі негіз қалаушы мәселелер бойынша консенсусты нығайтуды, оның тиімділігін және қазіргі қауіп-қатерлерді тиісінше тойтаруға қабілеттілігін арттыруға септесуді ЕЫҚҰ-ны дамытудың өзекті мәселелерінің бірі деп қарайды. Жуырда Астанада болған сапарында ЕЫҚҰ-ның қазіргі төрағасы Карл де Гюхт “бүкіл әлемде өркениеттер қақтығысы деп аталатын құбылыс байқалып тұрғанда, Қазақстанда қазір орын алып отырған толеранттылық ахуалын” атап өтті [1].
1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясының шешімімен Толеранттылық ұстанымдарының Декларациясы бекітілді. БҰҰ Уставында: «Біз, Біріккен Ұлттар халқы келешек ұрпақты соғыс қасіретінен толық сақтап қалуға толық сеніммен сақтап, тұлғаның құндылығы мен жетістігіне, адамның негізгі құқықтарына сеніммен қайта бекітіп, осы мақсатта шыдамдылық көрсетіп, бір-бірімен жақсы көрші сияқты бірлесіп өмір сүру. 1945 жылдың 16 қарашасында қабылданған ЮНЕСКО жарғысының Преамбуласында бейбітшілік (адамзаттың интеллектуалды және адамгершілік ынтымақтастық негізінде құрылу керек екенін» - деп көрсетілді [2].
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай елімізде интолеранттылық қылықтар көбеюде. Мәселен, біздің еліміздің кейбір қалаларында интолеранттылықтың ең ауыр түрі – терраризм көрініс алуда. Соғыс пен терроризм себептері ұлт аралық қақтығыстардың шиеленісуінен туындап жатса, отбасында дау-дамайлар, суицид, балаларға,
әйелдерге, зорлық зомбылық көрсету жиiлеп барады. Қазақстан Республикасының статистика агенттiгiнің деректеріне жүгінсек, 2010 жылы суицид жасөспірімдер арасында жиілеп, 237 жасөспірім өмірмен қоштасқан. Мұндай мәселелердің болуы отбасындағы толеранттылықтың төменгі деңгейде тұрғаның көрсетеді. Қазіргі кезде, өкінішке орай конфессионалдық интолеранттылық Қазақстанда да орын алуда. Мысалы, 2010жылы қазанның 31-і күні таңертең Атырау қаласында облыстық әкімдіктің маңында және Сарыарқа ықшам ауданында екі жарылыс болған еді. Сонымен қатар, мамырдың 17-сі күні Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне келген жас жігіт өзін-өзі жарып мерт болды, үш адам жараланды. Содай-ақ, 12 қарашада Тараз қаласында болған теракт кезінде 7 адам қаза тапты. Оның ішінде 3 полиция мен ҰҚК-нің 2 қызметкері бар еді. Ал жуырда жаңа жыл түні Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес орын алды. Көкшетау іргесіндегі Баратай мен Елтай ауылдарының жігіттері би кешінде шекісіп қалып, соңы төбелеске ұласқан. Ауылдастарына жақтасуға Елтайдан тағы 30 жігіт келіпті. Қақтығыс кезінде есірген жігіттер суық қару қолданып, 3 адам пышақтан жарақат алған. Біреуіне оқ тиген көрінеді. Осы жағдайдан кейін мереке күндері қос ауыл да тәртіп сақшыларының бақылауында болды. Атап айтқанда, бұл оқиғалардың барлығы біздің елімізде интолеранттылықтың бар екендігін көрсетеді.
Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Толерантты адам агрессияға жол бермейді, қарым-қатынасқа деген көзқарасты өзгерту толеранттық арқылы жүзеге асады, толерантты адам басқа адамның көзқарасымен санасады.
Толеранттылық-құрмет, әлемнің бай мәдениеттерінің әр түрлілігін дұрыс түсіну және қабылдау, адамдардың жеке ерекшеліктерін қарым-қатынас жасауда ескеру. Өкінішке орай, біздің өмірімізде шыдамдылық рухы, өзге мәдениеттерге, діндерге, өмір сүру салттарына, наным сенімдерге, әдеттерге жек көрушілік, төзімділік әрқашан болды және болып жатыр.
Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Агрессияға жақын тұрады, ол адамда авторитарлық стиль басым келеді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді.Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.
Толеранттылық мәселесін зерттеп жүрген ғалымдар қатарына Ю.М.Политова, В.Г.Палаткина, Е.Ю.Клепцова, Н.М.Лебедева, Ф.М.Малхозова, А.В.Мудрик, Р.Р.Валитова, В.А.Лекторский, В.С.Кукушин, В.А.Перовскийлерді атауға болады.
Отбасындағы толеранттылықты зерттеуге көп көңіл бөлген ғалымдар Байбородова Л.В, Ковалева О.С, Рожков М.И., Ковальчук М.А., Куликова Т.А., Коренева М.А.
Толеранттылықтың жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болды: Г.К.Искакова, М.А. Кучерова, П.И. Мамедова, Б.А. Тұрғынбаева, Ж.Наурызбай, К.Сүюнова, Қ.Қожахметова, Қ.Бөлеев т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, С. Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А. Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды.
Толеранттылықты қалыптастыру күрделі үрдіс. Мұнда да мектеп психологы мен сынып жетекшінің көмегінсіз болмайды. Ең алдымен психологтың көмегіне жүгінеріміз анық. Яғни тұлғаның толеранттылық деңгейін диагностакалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан психолог түрлі әдістерді пайдалана отырып тұлға толеранттылығының қалыптасу деңгейін анықтап беруі шарт.
Біз ғылыми зерттеу жұмысын Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Сейфуллин орта мектебінде оқушылар мен ата-аналар арасында толеранттылық деңгейін анықтау мақсатында диагностика жүргіздік.
П.В. Степановтың «Егер сіздің аяғыңызды басса .....» әдістемесін оқушылар арасында пайдаландық. Толеранттылық және интолеранттылық деңгейін анықтау мақсатында 7 – 9 сыныптан 30 оқушыға сауалнама өткізілді. Оқушылар арасында өткізілген бұл сауалнамалар нәтижесінде оқушылардың толеранттылық деңгейі жақсы деңгейде екені байқалды.
Осы орайда оқушылардың басқаның көзқарасына деген шыдамдылығын және оған құрметпен қарау деңгейін анықтау үшін «Толеранттылық» тестін жүргіздік. Бұл тестің басты шарты: ойланбастан, тез жауап беру болып табылады. Бұл тесте оқушылардың қоршаған ортасына деген қатынасын анықтауға арналған сұрақтар қолданылды. Оқушылардың берген жауаптары олардың өз көзқарастарын нық қорғай алатындығын, диалог жүргізуге дайын екендіктерін көрсетті. Дегенменен кейбіреулері өз көзқарасын біреуге жүктейтіндігін немесе басқа адамдармен тіл табысуға кедергі болатындай мінездер танытатындарын жасырмады. [3].
Бала тәрбиесінде ата – ананың алатын орны өте зор. Ата-ана мен балалар арасындағы толеранттылық қарым-қатынас жасау мәселелеріне келетін болсақ, баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек. Ол үшін біз ата-аналарға арналған А.Ю. Монахованың «Өз балаңызды түсінуге тырысаcыз ба?» атты тестті құпия түрде өткіздік. Жалпы бұл сауалнамаға 28ата-ана қатысты [4].
Сондай-ақ, ата-аналар мен оқушыларға арналған Н.И.Дереклееваның «Толеранттылық – адамгершілік мәдениетінің бөлігі ме?» атты сауалнаманы өткіздік. Сауалнамада толеранттылық пен патриоттық тәрбие туралы мәселелер қамтылған, сонымен қатар, мектепте қандай ұлт өкілдері оқитынын анықтау үшін 7-9сынып оқушыларына да зерттеулер жүргізілді. Бұл сауалнаманың нәтижесі бізді қатты қуантты, өйткені ата-аналар да, оқушылар да өзге ұлттарға сыйластықпен және мейірімділікпен қарайды екені анықталды [5].
Оқушылар арасында толеранттылық жөнінде тәрбие беру түсініктері мен білімдерін жетілдіру мақсатында келесідей жұмыс түрлерін өткіздік:
«Сиқырлы үстел не болмаса, Мен қандай жақсымын» жаттығуы
Мақсаты: топ қатысушыларына басқалардан зейін белгілерін қабылдаудың жаңа тәсілін бастан кешіруге мүмкіндік беру, түсінушілік пен комфорт өрісін қалыптастыру.
«Алты түрлі түсті қалпақтар» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелеріне кез-келген жағдайды айыптаусыз, одан басым жағын тауып және олардың ұстанымын түсінумен сараптама жасауға болатынын түсінуге көмек беру.
«Екі портрет» жаттығуы
Мақсаты: толеранттылықты көрсету аспектісіндегі орнату рөлін түсіну.
«Бізді Сізбен біріктіретін ...» жаттығуы
Мақсаты: топтық жұмыс үшін «қыздыру», келісу, бірдейлік даласын қалыптастыру.
Сондай-ақ оқушылармен қатар олардың ата-аналарымен де бірнеше жұмыс түрлерін өткіздік. Солардың бірі ата-аналарға арналған «Ой жинақтау» тренингі.
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, толеранттылыққа тәрбиелеуде ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Сонымен қатар, ата-аналармен дөңгелек үстелде жағдаяттарды талқылап, пікір алыстық. Кейін ата-аналарға «Үйлесімді отбасы» атты қытай аңызы бойынша рефлексия жүргіздік.
Соныңда ата-аналарға біздің тарапымыздан мына дана кеңестер ұсынылды:
Егер баланы тұрақты сынап тұрса, ол жеккөруге үйренеді.
Егер бала дұшпандықта өмір сүрсе, ол басқыншылыққа үйренеді.
Егер баланы келекелесе, ол тұйық болып өседі.
Егер баланы жиі кінәласа, ол өмір бойы кінә сезімімен өмір сүреді.
Егер бала шыдамдылықта өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
Егер балаға дем берсе, ол өзіне сенуге үйренеді.
Егер баланы мақтаса, ол мейірбан болуға тырысады.
Егер бала адалдықта өссе, ол әрдайым әділ болуға тырысады.
Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.
Егер де бала оны түсініп, оны құрметтейтін ортада өмір сүрсе, ол өмірде жақсылықты көріп, таба біледі.
Жоғарыдағыдай іс-шаралар өз кезегінде жалғасын тауып отырса, онда әлемде, мемлекетте, ұлттар, адамдар арасында түсінушілік, мейірімділік, достық, төзімділік қасиеттері жетіліп, ал шиеленістер болған жағдайда дұрыс шешімі табылып, сыйластық қарым-қатынас орнары сөзсіз. Сонда ғана әлемдегі барлық халықтар татулықта, бейбітшілікте өмір сүре алады.
Оқушыларға және олардың ата-аналарына жүргізілген жұмыс түрлерінен кейін, диагностика жұмыстарын қайта жүргіздік. Яғни, сол жүргізілген жұмыстарымыздан толеранттылыққа қол жеткізген жетістіктеріміз бірден-ақ көрінді. Толеранттылық және интолеранттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген П.В. Степановтың «Егер сіздің аяғыңызды басса .....» әдістемесі 7 – 9 сынып оқушылары арасында сауалнама өткізілді. Қатысушылардың саны 30оқушы. Сауалнама нәтижесінде қатысқан оқушылардың 13% интолеранттылық дамуы жоғары деңгейде, 23% интолеранттылық деңгейі жоғары емес 47% толеранттылық деңгейі жоғары, 17% толеранттылық деңгейі жоғары емес екенін көрсетсе, кейін интолеранттылық дамуы жоғары деңгейде 7%, интолеранттылық деңгейі жоғары емес 13%, толеранттылық деңгейі жоғары 61%, толеранттылық деңгейі жоғары емес 19% пайыдарға көтерілді. Ал ата-аналарға арналған А.Ю. Монахованың «Өз балаңызды түсінуге тырысаcыз ба?» атты тестті бойынша 28ата-ана қатысты. Оның нәтижесі бойынша экспериментке дейін: А – бұл өз баласына аз сенетін, оның қажеттіліктерің түсінбейтін авторитарлық стильдегі ата-аналар – 6; Б – бұл, бала құқығын мойындаушы, жеке тәжірибеге, тіпті қателерін түсініп, оның өзі істеген әрекеттері үшін жауап беруге үйретуші ата-аналар – 15; В – бұл, баланы түсінуге ұмтылмайтын, негізгінен оны тәрбиелеуде бетке басу, жазалау үдісін жиі қолданатын ата-аналар – 7 болса, кейін, А – 5ата-ана; Б – 20ата-ана; В– 3ата-анаға дейін төмендеді.
Бұл күндері бізге оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, сонымен қатар, сыни әрі шығармашылық үндесу арқылы басқа мәдениеттердің жағымды құндылықтарын бойға ұялататындай тәрбие беру керек екеніне көзіміз жетті. Сонда ғана екі бірдей ниет түзулігі үлгісін - әркім өзінің ұлттық тобына деген және мемлекетке деген түзу ниет үлгісін жүзеге асыруға болады.
Демек, бұдан шығатын қорытынды көпмәдениетті тұлға қалыптастыру үшін алдымен оны ұлтаралық, дінаралық және нәсіларалық толеранттылыққа отбасынан бастап тәрбиелеу маңызды рөл атқарады.
Сонымен, отбасында оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екенін дәлелдеп отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 2010ж. 18 ақпан.
2. Декларация принципов толерантности// Век толерантности.М.:2001.
3. Насыпбаева А.Әдептілік-әдемілік.// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2010,№3.
4. МонаховаА.Ю. Психолог и семья, активные методы взаимодействия.-Ярославль, 2004.
5. Дереклеева Н.И. Новые родите

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет