«ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ақ ао«южно-казахстанская медицинская академия»



бет1/3
Дата02.04.2023
өлшемі475.4 Kb.
#471600
  1   2   3
фк химия срс1


«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ” АҚ
АО«ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКАЯ МЕДИЦИНСКАЯ АКАДЕМИЯ»
Химиялық пәндер кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Таралу заңы. Экстракция. Тұнбалар,қайнатпалар алу принциптері.
Орындаған: Берден Б.
Тобы: ФҚБ-01-21
Қабылдаған: Туребекова Г.А доцент м.а.
Шымкент 2023 жыл
Жоспар:
1.Таралу заңы
2.Экстракция түрлері
3.Тұнбалар,қайнатпалар алу
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер
Өлшем нәтижелері мен олардың кездейсоқ қателері кездейсоқ шамалар болатындықтан олардың таралулары әртүрлі заңға бағынады.
Кездейсоқ шамалардың таралуының мынадай түрлері бар: біркелкі таралу, қалыпты таралу, Стьюденттің t - таралуы. Пуассон таралуы, Фишердің F--таралуы, Пирсонның x2 - таралуы (хи-квадрат таралу) т.б.
Берілген температурада 3-ші компоненттің тепе-теңдіктегі екі сұйық фазалардағы концентрацияларының қатынасына тұрақты шама болып табылады.
K=С1,А/С2,В = С3,А/С4,В =С5,А/С6,В = const
К – таралу коэффиценті,ол температураға,заттар табиғатына,ерітіндінің иондық күшіне тәуелді.Бірақ таралатын зат концентрациясына тәуелсіз.
Таралудың практикада жиі қолданылатын түрі Гаусстың қалыпты таралуы. Қалыпты таралу басқа таралуларға қарағанда теориялық жағынан кеңінен зерттелінген. Кездейсоқ шамалардың қалыпты таралуы Гаусстың қалыпты таралу заңына бағынады. Гаусс заңы әртүрлі заңмен таралатын шамалар үшін ең шекті заң болып табылады, басқа сөзбен айтқанда, әр түрлі таралатын кездейсоқ шамалардың таралуы ең ақырғы шегінде Гаусс заңына бағынады (Ляпунов теоремасы).
Математикалық статистиканың кіші сұрыптамаларды (2Қалыпты таралатын кездейсоқ шамаларды макростатистикалық өндеу Стъюденттің t-таралу заңына негізделген (Стъюдент - ағылшын математигі В.С. Госсеттің бүркеншік аты, бұл заңды ол 1908 жылы ашқан).
Экстракциялау
Экстракциялау (лат. extractіo – бөліп алу) – таңдап алынған еріткіштер көмегімен сұйық немесе қатты заттардан бір немесе бірнеше құраушыларын бөліп алу әдісі.
Экстракциялаупроцесі үш сатыдан тұрады:
1) заттардың бастапқы қоспасын экстрагентпен араластыру;
2) түзілген екі фазаны механикалық жолмен ажырату;
3) екі фазадағы экстрагентті пайдалану үшін бөліп алу.
Механикалық жолмен бөлгенде заттың экстрагенттегі ерітіндісі (экстракт) және бастапқы ерітіндінің қалдығы (рафинад) алынады. Олардан экстрагентті дистилдеу, буландыру, кристалдау, т.б. әдістермен алады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет