1. Тақырыбы №25: Сапроноздар топтарының жалпы сипаттамасы. Легионеллездің этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің сапроноздар топтарының жалпы сипаттамасы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша негізгі теориялық білімін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
Студенттерге сопроноздар топтарының жалпы сипаттамасы бойынша негізгі білімді жетілдіру
Сапроноздар топтарының жіктелуі және эпидемиологиялық сипаты мен негізгі принциптерін үйрету
Сапроноздар топтарының эпидемиялық бақылау негіздерін және алдын алу маңызын үйрету
Легионеллезбен ауырған науқасқа мамандандырылған көмек көрсету шараларын үйрету
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сапроноздар топтарының жалпы сипаттамасы
Легионеллездің даму механизмі
Легионеллез дамуындағы эпидемиялық процестің көріністері, себептері және шарттары
Легионеллездің эпидемиологиялық сипаттамасы
Легионеллездің жіктелуі, клиникалық симптомдары мен синдромдары
Легионеллез кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру Экстремальды жағдайлар
5. Білім берудің және оқыту әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.
2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
Достарыңызбен бөлісу: |