Оңтүстік Қазақстан облысының 2015 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы



Дата25.02.2016
өлшемі65.46 Kb.
#24734


Оңтүстік Қазақстан облысының

2015 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыста 460,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,4% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 27,6% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 32,3% артып, 126,8 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 62,9%) өнімінің нақты көлем индексі – 97,3%, немесе өнім көлемі 289,8 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 36 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 71,7% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,0% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта иірімжібі – 42,0% (8451 тонна), мақта маталары – 12,7% (17 млн. шаршы метр), құрылыс кірпіштері – 48,4% (168,3 мың м3), портландцемент – 41,6% (1572,8 мың тонна) артты.

Сонымен қатар, мақта талшығы – 25,4% (өндірілгені 18,4 мың тонна), бетон – 22,0% (612,5 мың тонна), бензин өндіру – 20,2% (678 мың тонна), керосин өндіру – 18,6% (181,8 мың тонна), мазут өндіру – 22,1% (667,3 мың тонна), жылу энергиясы – 20,0% (938 мың Гкал) өсті, электр энергиясы – 43,6% (611 млн.квм.сағ) кеміді.

Ауыл шаруашылығы. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 247,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,0% – ға артып, оның ішінде мал шаруашылығы – 116,7 млрд. теңге (103,8%), егін шаруашылығы – 129,8 млрд. теңгені (104,2%) құрады.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 143,1 мың тонна - мал және құс етін (тірі салмақта), немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне – 104,9%, сүт – 554,3 мың тонна, немесе 101,5%, жұмыртқа – 224,4 млн. дана, немесе 106,2% өндірді.

2015 жылдың 1 қазанына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 858,8 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 102,1%, қой – 3783,7 мың бас, немесе 104,2%, ешкі – 327,7 мың бас, немесе 97,0%, жылқы – 223,6 мың бас, немесе 109,9%, түйе – 23,4 мың бас, немесе 107,8%, шошқа – 32,7 мың бас, немесе 137,7%, құс саны – 2460,3 мың бас, немесе 109,6% құрады.

Көлік және байланыс. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 110,3 млн. тонна жүк және 1686,5 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 106,0% және 102,8% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 14,1%-ға артып, жолаушылар тасымалдау – 2,6%-ға кеміп, 809 тонна жүк және 990 мың жолаушы тасымалданды.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде байланыс кәсіпорындары 8041,2 млн.теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 5,6% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 61,6% құрады.

Табыс көлемінде басым үлес – жергілікті телефон байланысына (26,5%), халықаралық және қалааралық телефон байланысына (7,0%), интернет – 42,3% тиесілі.



Шағын кәсіпкерлік. 2015 жылдың 1 қазанына облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 189,1 мың бірлікті, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,0% құрады.

2015 жылдың қаңтар-маусымында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 285,2 млрд. теңгені (114,2%), жұмыспен қамтылғандар саны 342,9 мың адамды құрады (114,0%).



Инвестиция саласы. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 280,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне – 92,4% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 192,1 млрд. теңгені құрады (үлесі 68,6%), немесе – 3,5% артық.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 32,2%, немесе 90,2 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 49,0% немесе 137,5 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 18,8%, немесе 52,5 млрд.теңге.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 39,0% және 23,3% құрады.



Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тұрғын үй құрылысына 22,4 млрд.теңге инвестиция бағытталған, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 111,6% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 350,2 мың шаршы метрді құрады. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 132,9% құрады.



Сыртқы сауда. 2015 жылдың қаңтар-тамызында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2036,9 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 66,9%-ды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 1006,3 млн. АҚШ доллары немесе 64,9%, импорт – 1030,6 млн. АҚШ доллары немесе 69,0% құрады.

Экспорт Евразиялық Экономикалық Одақ елдерімен 303,6 млн. АҚШ долларын (немесе 93,1%), импорт – 262,2 млн. АҚШ долларын (немесе 78,2%) құрады.



Салықтық-бюджеттік сала. 2015 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 148,9 млрд. теңгені, немесе жоспарға –107,2%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 96,9% құрады.

Республикалық бюджет 79,6 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 53,4%), немесе, жоспарға – 109%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 83% құрады.

Жергілікті бюджетке 69,3 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 104,8% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 119,7% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2015 жылғы 1 қыркүйекке екінші деңгейлі банктермен 145,0 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 3,1 млрд. теңге несие берілді, немесе 26,2% кеміді.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 30,5 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 100,0% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 58,0%, өнеркәсіп – 17,9%, сауда – 17,2%, ауыл шаруашылығы – 0,3%, құрылыс – 4,4%, көлік салаларына – 2,2% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 153,4 млрд. теңгені құрап 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 26,5% артқ,,ан. Халық салымдарының басым бөлігі (62,0%) шетел валютасында.



Бағалар. 2015 жылдың қыркүйегінде облыста тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсанына 103,2% құрады. Азық-түлік тауарлары – 1,7%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 3,6%, ақылы қызметтер – 4,7%-ға жоғарылады.

Азық-түлік тауарлары нарығында баға қант-құмшекерге – 17,6%, картопқа – 10,1 %-ға баға өсімі байқалды.

Азық-түлік емес тауарларынан бензин бағасы – 13,3% кеңсе тауарлары – 6,2% қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету саласында теміржол көлігі қызметіне –10,5 %, тұрғын үйді жалға беру – 4,2%-ға жоғарылады.



Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 қазанына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1390 адамды немесе облыс халқының 0,05% құрады.

2217 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2605 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 310,4 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 42,4 мың балаға артты.

Тұрғын үй көмегі 6206 отбасыға көрсетілді, немесе 284 отбасыға кеміді.



Демография. 2015 жылдың 1 қыркүйегіне облыс халқының саны 2823,8 мың адамды құрады (2014 жылдың 1 қыркүйегіне – 2772,2 мың адам), оның 1268,2 мыңы қала халқы (44,9%), 1555,6 мыңы – ауыл халқы (56,1%).

Жұмыспен қамту. 2015 жылдың IІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1233,4 мың адамды, жұмыссыздар саны – 65,9 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады.

Ағымдағы жылғы 1 қазанға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 47,0 мың жұмыссыздан, 34,9 мың адам, немесе 74,3% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 45957 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 20385 тұрақты жұмыс орны ашылды.



Халықтың табысы. 2015 жылдың ІI-тоқсанында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 40392 теңгені құрап, 2014 жылдың ІI-тоқсанымен салыстырғанда 4,7-%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 100,2% құрады.

Денсаулық сақтау. 26 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылы облыстық бюджеттен 17 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 1138,6 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1345,6 млн. теңге қарастырылған.

Сала желісі 859 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 101 – аурухана, 243 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 229 – медициналық пункт, 270 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 16– басқалар.



Білім беру. Облыста 155,2 мың тәрбиеленушісі бар 1455 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 922-і балабақша, 533-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 44,2%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 75,3% құрады.

2014-2015 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1022, ондағы оқушылар саны – 573,1 мың адам.

Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1017 қосылған, интернет жүйелеріне - 1016 қосылған. Мектептер 36,0 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 16 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы).

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 592 мектепке 1390 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.



Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Мәдениет. Облыста 752 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 427 - кiтапхана, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 266 – клубтық мекеме, 8 – театр, 11 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 5045 – спорт нысандары, оның ішінде 22 – стадион, 3656 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 586,7 мың адамды немесе облыс халқының 21,0% құрады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет