Оңтүстік Кореядан келген жетекші мамандардың қатысуымен болатын Ашық есік күнін өткізу туралы баспасөз-релизі



Дата26.02.2016
өлшемі29.19 Kb.
#27650
Оңтүстік Кореядан келген жетекші мамандардың

қатысуымен болатын Ашық есік күнін өткізу туралы

баспасөз-релизі
Өтетін мерзмі: 03 қазан 2013 жыл

Өтетін уақыты: сағат 10.00 – 18.00 дейін

Өтетін орны: Жедел Шұғыл Көмек Ауруханасы,

Қазыбек би көш., 96



Ұйымдастырушылар: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Байланыс телефондары: 2755473, 87013860455
1978 жылы Алматыда бастапқы медика-санитарлық көмек бойынша Халықаралық конференция болды, оның қорытындысы бойынша әрбір мемлекеттің ұлттық саяси мәселесі ретінде денсаулық сақтау мәселелерін шешуді анықтайтын 10 ережеге негізделген бүкіл планета тұрғындарының денсаулығы туралы декларация қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев оның өзектілігін растайды: «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі». Биылғы жылы 6-7 қарашада Алматы қаласында әлемдік маңыызы бар шара болып табылатын Алматы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.

Алматы декларациясының 35 жылдығы қарсаңында Жедел Шұғыл Көмек Ауруханасында 2013жылдың 3 қазанында сағат 10-00 бастап 18-00 дейін Ашық есік күні өтеді, мұнда Республиканың ғылыми әлеуетін құрайтын аурухананың жетекші мамандары мен кафедра қызметкерлері барлық пациенттерге кеңес көмегін береді және қажетті ұсыныстарын айтады. Аурухана қызметкерлерімен қатар Оңтүстік Кореяның төрт жетекші клиникасының танымал мамандары кеңес береді:

УРИДЫЛЬ ауруханасы: омыртқа мәселелері

Қабылдауды профессор Ким Хенг Сок жүргізеді

Вилтон ауруханасы: жамбас буыны мәселелері

Қабылдауды бас дәрігер Сон Санг Хо жүргізеді

БУМИН ауруханасы: қол, аяқ, иық буындары мәселелері

Қабылдауды профессор И Джонг У жүргізеді

«МИЗ МЕДИ» клиникасы: акушерия және гинекология мәселелері

Қабылдауды профессор Ким Мин Дя жүргізеді

Клиника туралы ақпарат: Алматы қ. Жедел Шұғыл Көмек Ауруханасы, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевпен 2011жылдың 14 ақпанында ашылған.

Алматы қ. Көп салалы жедел шұғыл көмек ауруханасы Алматы қ. және республика тұрғындарына төмендегідей емдік-диагностикалық бөлімдерде жоғары білікті шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді:

- терапия;

- инсульттік орталық;

- урология;

- хирургия;

- токсикология;

- гинекология

- травматология;

- неврология

- нейрохирургия

- күндізгі стационар

- сәулелік диагностика бөлімі (УДЗ, рентген, компьютерлік томография);

- эндоскопия;

- гипербарилік оксигенация (барокамера);

- функционалдық диагностика (ЭКГ, спирометрия, электроэнцефалография);

- экстракорпоральді детоксикация (гемодиализ, плазмоферез,гемосорбция);

- клиника-диагностикалық зертхана (жалпы, биохимиялық талдаулар, ИФА);

- физиотерапиялық бөлім;

- көп салалы шаруашылық бөлімі;

Клиника стационарлық 370 төсекке арналған, оның ішінде 50 шаруашылық есептегі болып табылады.



Аурухананың медициналық қызметкерлері тәжірибесі мол, жоғары білікті мамандар, сонымен қатар емдеу процесіне Асфендияров атдындағы ҚазҰМУ, АМДБЖИ, клиника базасындағы Қазақстан-Ресей университеті кафедраларының профессорлары, доценттері, ассистенттері белсенді қатысады.

Аурухана республикадағы, сонымен қатар алыс және жақын шетелдің емдеу мекемелерімен белсенді қарым-қатынас жасайды, оны біздің корейлік әріптестеріміздің кезекті сапары растайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет