Отты жылдар естелігі



Дата17.09.2023
өлшемі27.16 Kb.
#477744
Отты жылдар естелігі мақала


Отты жылдар естелігі


«Әділетті соғыстың рухы әрқашан күшті болады.
Өйткені оның төркінінде елді,
жерді қорғау принциптері жатыр»
Н.Ә. Назарбаев
Өлкенің тарихын білу-өзінің отбасының, туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Өзінің тегін, оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттілігін дәлелдейді. Осыған байланысты оқушыларға туған өлкеміздің тарихын зерттеу оның мәліметтерін оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибе беретіндігі «өлкетану» атты арнайы бағдарламадан көруге болады. Осыған орай қазіргі заман кезеңінде ерекше назар аударатын маңызды мәселелердің қатарына Ұлы Отан соғысы кіреді. Eкiншi дүниeжүзiлiк coғыc пeн oның құpaмдac бөлiгi aтaлғaн Ұлы Oтaн coғыcы тapиxымыздa тиicтi бaғacы бepiлiп, лaйықты opнынa қoйылмaғaн aқтaңдaқ бeттepдiң бipi. Coл шындықтың бүгінде өзекті тақырыпқа айналғандығына тoқтaлa кeтуге негіз, ceбeп тe бap. Осынау сын сағатта естияр баладан, еңкейген кәріге дейін өмір мен өлім белдескен, күшті мен әлсіз күрескен алапат шайқаста жауды өзара ынтымақтастық, төзімділік, қайсарлық мінез көрсету арқылы жеңіп шыққаны риясыз шындық. Алайда, кеудемізге мұң орнатқан мына мәселені – Ұлы Жеңістің адам шығынымен келгендігін мойындамауға шара жоқ. Сөзіме дәлел ретінде Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың өз естеліктерінде айтқан салмақты сөзін келтіремін: «Әр шайқастан соң қалыптасқан дәстүр бойынша, солдаттардың есімін дауыстап атай бастаймын. Оң жақтағы жауынгер байсалды үнмен «Отан үшін шайқаста ерлікпен қаза тапты!»,-деп жауап қатады. Сол сәтте полктің тізімінен енді аталмайтын, есіл ердің қаһарман бейнесі көз алдымызға келеді. Жарқын рухы біздің күш-қайратымызды еселей түседі»...
Екінші дүниежүзілік соғыс деп қарап, саяси астарына үңілсек 1933 жылы үкiмeт бacынa кeлгeн Гитлepмeн oдaқ кұpмaқшы бoлғaн КCPO кeңec-гepмaн кeлiciмшapтын (1939 ж.) жacacуғa мәжбүp бoлды, cөйтiп, бec қapуын caйлaп oтыpғaн фaшиcтiк мeмлeкeтпeн cыбaйлac бoлып шығa кeлдi. «Мoлoтoв-Pиббeнтpoп пaктiciнiң» құпия xaттaмacы бoйыншa eкi eл Eуpoпaдaғы «мүддeлi aймaқтapын» бөлiciп-aлыcты. Бaлтық тeңiзi жaғaлaуы eлдepi, Шығыc Пoльшa, Финляндия, Coлтүcтiк Букoвинa мeн Бeccapaбия КCPO-ның ықпaлындa, Eуpoпaның қaлғaн eлдepi тoлығымeн Гepмaнияның ықпaл aймaғындa қaлуғa тиic бoлды. Бipaқ КCPO-мeн құпия кeлiciмгe кeлгeннeн кeйiн бip aптaдaн coң, яғни 1939 жылғы 1 қыpкүйeктe Гитлep Пoльшaғa coғыc aшты. 1939 жылы 28 қыpкүйeктe И. Cтaлин мeн A. Гитлep диплoмaттapы тaғы дa бac қocып, «Дocтық жәнe шeкapa туpaлы» кeлiciмгe қoл қoйды. Oл кeлiciм бoйыншa Пoльшa мeмлeкeтiн жoю, eкi eл шeкapaлapын «Кepзoн шeбi» бoйыншa бeкiту көздeлдi. Eкiншi дүниeжүзiлiк coғыcтың бacтaлуынa ocылaйшa үлec қocқaн КCPO apaғa eкi жыл caлмaй өзi дe coғыc өpтiнiң acтындa қaлғaны мәлiм. 1941 жылы мaуcым aйы мeн қapaшa aйының opтacындa, нeбapы бec aй iшiндe төpт миллиoнғa жуық қызыл әcкep лeк-лeгiмeн нeмic тұтқынынa түciп, бұл бiздiң тapиxымыздaғы бұpын-coңды көз көpiп, құлaқ ecтiмeгeн aуыp жaғдaйлapдың бipiнe aйнaлды. Нeмicтepдiң өздepi ocыншaмa тұтқынмeн нe icтepiн бiлмeй әлeк бoлғaндығы туpaлы кeйiнгi жылдapы жapыққa шығып жaтқaн бipқaтap eңбeктep дәлeлдeйдi. Миллиoндaғaн aдaмның қacық қaнын төгiп жeткeн жeңicтeн кeйiн Гepмaния кoнцлaгepiнeн шығып, cтaлиндiк көлгip нacиxaтқa мaлдaнып eлгe қaйтқaн мыңдaғaн тұтқындap мeн пapтизaндық coғыcқa қaтыcушылapды, тiптi coғыc жылдapы Гepмaнияғa aуыp жұмыcқa зopлaп әкeтiлгeн жacтapды дa Кeңec өкiмeтi aяуcыз жaзaғa тapтқaн бoлaтын.
Алдарыңыздағы зерттеудің басты маңыздылығы осы - КСРО мемлекеті өзі себеп болған, дайындықсыз «Екінші дүниежүзілік соғыс» деген атау алған әділетсіз соғысқа Марқакөл ауданынан аттанған жауынгерлердің ерен ерліктері мен тыл ардегерлерінің майданға қосқан үлесін мұрағат құжаттарына, нақты айғақтарға сүйене отырып дәлелдеп, анықтап, ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде дәріптеу болып табылады. Соғыс алдындағы және соғыс жылдарында Шығыс Қазақстаннан 182 604 адам әскерге шақырылды, оның 95870-і ерлікпен қаза тапты. Шығысқазақстандықтар әскердің барлық салаларында қызмет етті, барлық майданда шайқасты, табандылық пен қаһармандық көрсетті. Соғыс жылдарында ерлік пен ерлік көп болды.
Бұл тақырыптың өзектілігі - Ұлы Отан соғысының Брест, Мәскеу, Ленинград, Курск, Новгород және атақты Сталиград шайқасы мен жанкештілік соғыстарына Марқакөл ауданынан барып соғысқан батырлардың есімдерін, ерліктерін анықтау, тұтқынға түсіп немесе хабарсыз кеткендер жайлы баяндау. 1941-1945 жылдары Марқакөл ауданының Алексеевка, Қалжыр, Архиповка (қазіргі атауы Қайнарлы), Горный, Буран, Бобровка, Орловка т.б елді-мекендерінен көптеп майдан даласына аттанған.
Жамбыл атамыздың жауынгерлерге рух беру мақсатында жазылған «Ленинградттық өренім» өлеңіне арқау болған Ленинград қоршауында қалған аштықтың салдарынан 850 мыңға жуық бейбіт тұрғынның қаза тапқаны тарих беттерінде әлі де дұрыс айтылмай келеді. Сол кезді көзімен көрген орыс жазушысы Всеволод Вишневский былай деп газет бетіне жазған екен. « Алыста жатса да майдандағы жауынгерлерге өлең арқылы тіреніш, сүйеу болып, рух берген қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне шексіз риза болдық, қуандық». Қайран ленинградтықтардың өмірге құштарлығын, өлімге өшпенділігін арттырған Жамбыл өлеңі халықтың Нева өзенін толқындай тебірентіп мұз жолымен кесіп өтуіне себепші болды. Ленинград түбіндегі шайқаста қазақстандық жауынгерлерде мұздың жарылып, бомба түсіп жатқанына қарамастан жандарын қиып халыққа көмек көрсетті. Міне сол, 1941 жылы Ленинград қаласына Орта Азиялық әскери Округі атынан делініп, қызыл әскер қатарына Марқакөлдік азаматтардан іріктеліп № 916 комданда құрамында 7-9 сыныптық білімі бар – 14 адам, 4-6 сыныптық білім бар – 9 адам, яғни сауаты жоғары деңгейдегі 23 адам майданға аттанған. Ол тізімге төмендегі кісілердің есімдері кіреді: Асылов Мухаметқали, Акимов Иван Петрович, Бутобаев Жанаспай, Воропаев Николай Петрович, Джакешов Молдагжар, Елеуов Молдажан, Жампеисов Уатай Мамиевич, Кабдуллин Ибрай, Корнейчик Евгений Никитович, Нуриев Маултхан Хайрулов, Никитин Конот Кирилович, Нургалиев Нурбек, Отемысов Дюсетай, Овчинников Павел Михеевич, Попов Василий Петрович, Половков Василий Михайлович, Правдивцев Константин Харитон, Самиев Ками, Смагулов Кабдолда, Терлыкпаев Кадылбек, Үрпеков Идрыш. Айтылмай қалған осындай шындық тарих беттерінде жарық, оқулықтарға енгізіліп, ұрпаққа кең насихатталса екен деймін.
Майданды әскери істерді білетін адамдармен толықтыратын негізгі көздердің бірі – жалпыға бірдей міндетті әскери дайындық. Ауыр соғысқа арналған күшейтілген әскери дайындық ұзақ, қарқынды, табанды және ауқымды тәртіпті жұмысты талап етеді. Сол себепті майданға шақырылғандардың білімі, жұмыстағы еңбек өтілі маңызды болған. Дәлел ретінде Зайсан Мемлекеттік мұрағатынан алынған деректерге сілтеме келтірмекпін. Тек бір 1941 жылы маусым айында өзінде Марқакөл ауданынан әскери бұйрықпен шақырылғандар туралы дерек беретін болсам, 1922 жылы туылғандардан 299 адам шақырылып, бірақ Зайсан аудандық әскери комиссариатқа Марқакөл аудынан 309 адам болып барған екен. Сол шақырылғандарды ең алдымен міндетті медициналық тексеруден өткізіп, жарамдылығын анықтаған соң ғана, әскер қатарына мамандығына қарай отырып дайындыққа жіберген. Әскери бұйрықпен шақырылған жерлестерімізден медициналық тексеруден өткізгенде 297 адамды соғысқа дайындыққа жарағандар болса, ал 12 адам денсаулығы бойынша кейінгі шақыратындар тізіміне қалдырылған. 1941 жылы маусым айында тағы 20 адам Новгородқа майдан даласына жіберілген. Олар: Жуньков Алексей Моесеевич,Трунтев Георгий Демитревич, Сальдебаев Мукатай, Сычев Алексей Петрович, Рахимов Сагди, Постухов Николай Григорьевич, Панаморев Эфим, Поликов Иван, Мукаев Кыдабал, Мухаметрахимов Магзи, Мерекенов Уарбек, Кучербаев Закарья, Кемпыров Биғали, Зырянов Максим, Жарылгапов Муса, Жақсыбаев Қабылғазы, Жапашбаев Абдрахман, Дандыбаев Карапа, Белугин Иван Тимофеевич. 1941 жылы қыркүйек айында Қызыл әскер қатарына 1921,1922 жылы туылғандар Марқакөл ауданынан, Новгородка және әскери-теңіз флот қатарына көптеп жіберілген екен. Осы жылдың шілде айында Ленинград қаласы қорғауға майданға Марқакөл ауданынан 23 адам жіберілген. Оның ішінде 12 қазақ, басқалары аралас ұлт өкілдері болған.
Майдан даласына жібермес бұрын, жан-жақты дайындық – армияны жаппай соғыс кезінде ауыстыруды дайындау және резервтердің әскери дайындығын соғыс талаптары деңгейіне жеткізу үшін барлық партия ұйымдары жұмыла қолға алуы тиіс болған. Партиялық және қоғамдық ұйымдар бұл аса жауапты да маңызды жұмыспен жүйелі және тікелей айналысуы керек, өйткені біз фашистік басқыншыларға қарсы жүргізіп жатқан осындай ұзақ, шиеленісті соғыста резервтерді мықты дайындау соғысқа істің сәттілігін анықтайды деген мәтіндегі хабарламалар жіберіп отырған. Мысалы, 1914 жылдың 23 қыркүйек айында Марқакөлден Зайсан әскери комиссаритына шақырылған адамдардың медициналық екпені толық алмағандығы, орта білімі туралы құжаттардың дұрыс болмағандығына байланысты ескертулер айтылған. Бұдан шығатын қорытынды әскер қатарына шақырылғандардың тіл білуі, орта білімі өте маңызды болып саналған. Орыс тілін жақсы меңгергендер сауатты болып, орыс тілінен хабары аз адамдарды сауаты шамалы деп арнайы дайындықтан өткізген. Осылайша, Халық қорғаныс комиссариаты жалпы білім беру жүйесінде комсомол-жастар бөлімшелерінен мергендер, танк жоюшылар, автоматшылар, минометшілер мен ауыр пулеметшілер жасақтарын құруды тапсырды. 110 сағаттық әскери бағдарлама даярланды. Оқуға ұсынылатын жастарды іріктеу аудандық әскери комиссариаттарда, аудандық әскери комиссариат, ЛКСМ аудандық (ҚР) комитетінің хатшысы және жалпы білім беру бөлімінің аға нұсқаушысы комсомолецтер мен жастардан тұратын комиссияларда жүргізілетін болған. Оған көбінесе, дені сау, жасы 17-ге толған және арнайы есепте тіркелмеген Отан қорғаушылар шақырылған.
Майдан мен тылдың байланысы, неміс басқыншыларының зұлымдығын көрсету үгіт-насихат жұмыстарының маңызды тарауларының бірі болып табылады. Соғыс басталғаннан-ақ облыстық газеттерде майдан мен тыл арасындағы байланысты нығайту, фашистік әскерлердің қиян-кескі істерін оқырмандарға жеткізу керектігі айтылды. Бұған облыстық газет қызметкерлері көп еңбек сіңірді, олар жауынгерлердің ата-аналарына, жерлестеріне жолдаған хаттарын қайта басып шығарып қана қоймай, белсенді армия бөлімшелерімен, олардың батырларымен тікелей байланыста болды. Соның нәтижесінде редакцияның көптеген қызметкерлері белсенді Қызыл Армия бөлімшелеріне облыстық газет беттері арқылы жерлестері мен туыстарына хат жазуға мүмкіндік алды. Зайсан аудандық комитетінің еңбекшілер депутаттары аудандық Советінің органы атынан шығып тұратын ындағы «Социалистік жол» газеті бұқараның нағыз ұйымдастырушысы ретінде майданнан жазылған хаттарды жариялап, неміс басқыншыларының қатал әрекеттерін жазып, қалың бұқараға Отан үшін соғысу керектігін, Отанға, оны қорғаушыларға деген шексіз сүйіспеншілікті бейнелеген. Газет өз өлкесінің еңбекшілерін, колхозшыларды, жұмысшыларды, интеллигенцияны тылдағы жанқиярлық еңбекке, майданға белсенді көмек көрсетуге шақырады. «Бәрі де майдан үшін!» – деген қаһарлы үндеу майдан және тыл ұландарының ерлік істері туралы жазбалардың басым көпшілігіне сіңген.
Азаттық пен бостандық үшін күресте жүзден аса ұлттар мен ұлыстар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды.
Қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базасын құруды өзінің міндеті деп есептеген КСРО-ға тыл ардагерлерінің қосқан үлесі зор болды.
Тыл еңбеккерлері де майданға бар күш-жігерін берді. Олар майдангер ағаларының ерлігі мен қайсарлығын жанқиярлық еңбекпен қолдап, күн-түн демей демалмастан ерен еңбек үлгісін көрсетті. Соғысып жатқан майдангерлер өз кезегінде фашистік ордаларға қарсы ерлікпен қарулы күресте тылды қорғады. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерік-жігері бір арнаға тоғысты. Майданға әскери техника мен қару-жарақ, оқ-дәрілер, азық-түлік, құрал-жабдықтар өте көп ағынмен келді. Әскердің тұрақтылығы мен жауынгерлік дайындығының мықтылығы тылдың еңбеккерлерінің жіберген күшіне байланысты. Артында мықты тыл еңбегі, халық сүйіспеншілігін сезінген әскер жеңілмейтін, ғажайыптар жасауға қабілетті деген ұрандар халық арасында жүріп жатты. Тыл әскерді қару-жарақ пен азық-түлікпен ғана емес, моральдық-рухани азықпен де қамтамасыз етеді.
Әйелдердің де иығына егінді дер кезінде, ысырапсыз жинау сынды жауапты міндеттер тұрды. Өндірістік жоспарларды орындау және асыра орындау, ауыл шаруашылығында және өндірісте, яғни жоспарды артығымен орындап, жетіспейтін жұмыс күшінің орнын толтыру үшін екі, үш адамның міндетін қатар орындап жұмыс істеу керек болды. Сонымен қатар, қыз-келіншектердің жұмысы мектепке, балабақшаға, бөбекжайға қысқа дайындық бойынша практикалық көмек көрсетуге бағытталды. Соғыс уақытында әйелдер панасыз қалған балалардың қараусыз қалмауына, бұзақылыққа қарсы күреске тарту бойынша табанды және жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ересектер мен балалар арасында, қыздар мен әйелдер де өндіріске және қоғамдық жұмыстарға тартылды.Сондай-ақ әйелдеріміз еңбек және мемлекеттік тәртіп үшін күресуге, жұмыста және үйде санитарлық жағдай үшін күресуге, өндіріс пен қоймаларды өрттен және зақымданудан қорғау үшін күресуге жұмылдырылды, яғни барлық жерде және барлық жерде әйелдер активін қоғамдық бақылауға және әйелдерге кәсіпорындарға, колхоздарға, ұйымдарға, мектептерге, балалар мекемелеріне практикалық көмек көрсетуге орналастыру қарастырған. Осылайша, Ұлы Жеңіске жетуде әйелдердің рөлі өте зор екенін көреміз. Кеңестік патриоттардың жанқиярлық еңбегі болмаса, еліміз осындай мықты жауды жеңе алмас еді.
Егер, Отандық тарих білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді деп алсақ, әрбір ұстаз өзінің туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету арқылы оқушыларды азаматтық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді. Соғыс тарихын өлкетанудың бір компоненті ретінде - туған өлкеден аттанған азаматтардың майдандағы ерліктері мен тыл ардагерлерінің жеңісті жақындату үшін көрсеткен еңбектері мен қатар бейбіт заманда осы ардагерлерге жасалған құрмет мәселесін оқытуда қолдану зерттеу жұмысында өзекті болып табылады.
Міне, осы Ұлы Отан соғысында батырлық, ерлік танытқан қаһармандар ерлігі арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу – қазіргі уақытта бүкіл қоғам үшін өзекті мәселе.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет