Адам ресурстары. Адам ресурстары қызметтерін тексеруде бірқатар мәселелер бар. Ұйымда кездесетін адам ресурстарына байланысты проблемалар мына төмендегідей:
1. Қазіргі кезде бизнес саласында жұмыс істейтін қызметкерлер типін Сіз қалай сипаттар едіңіз, болашақта олардан не күтуге болады?
2. Жоғарғы басшылардың біліктілігі мен әзірлігі қандай?
3. Бізде тпімді әрі бәсекелесуге қабілетті жүйе бар ма?
4. Біз басшы қызметкерлердің орнына адам белгілеу тәртібін жоспарлаймыз ба?
5. Біз басшы қызметкерлерді даярлауды және білімін жетілдіруді тиімді пайдаланамыз ба?
6. Соңғы жылдары бізде жетекші мамандардан айырылып қалу болды ма? Егер болса, себебі неде?
7. Біздің жүйедегі қызметшілердің іс-әрекетін бағалау мұқият талдау соңғы рет қашан жүргізілді?
8. Сапа үйірмелерін пайдалану немесе жұмыскерлердің басқаруға қатысуы бойынша біз ұйым сапасы мен қызметкерлер жұмысын жақсарта аламызба?
Осы сұрақтардың әрқайсысын мұқият қарастыру арқылы басшы - мүмкіндіктерді айқындап, тиісті өзгерту шараларын қолдана алады. Егер ұйымда білікті қызметкерлер мен іскер басшылар жеткілікті болса, онда алуан түрлі балама стратегияларды қолдана алады.
Мәдениет және корпорация бейнесі. Жоғарғы басшылар қызметінің ішкі және сыртқы қалыпты күйін сақтай алатын факторларға толық жауап береді. Бұған жататындар корпорация мәдениеті мен оның бейнесі (имидж). Ұйымдағы қарым-қатынасты немесе хал-ахуалды корпорация мәдениеті деп атайды. Ұйымның мәдениеті оның дәстүрін, әдет-ғұрпын бейнелейді. Басшы белгілі бір типтегі жұмыскерлерді ұйымға қабылдағанда және колайлы мінез-құлықты қалыптастырғанда осы мәдениетті пайдаланады. Корпорацияның ұйым ішіндегі, сондай-ақ одан тысқары бейнесі қызметкерлер, клиенттер және қоғамдық пікірлер арқылы қалыптасады. Мұның өзі жұртшылықтың тауар сатып алуына едәуір ықпал етеді. Мәселен, студенттердің қай колледжге немесе университетке көбірек ден қоятындығы осы ұйымның бейнесіне — имиджге байланысты. Фирманың мәдениеті мен бейнесі компанияның жақсы-жаман атауына — репутациясына байланысты. Фирманың өз мақсатына жетуі ойдағыдай ма? Мұны ол өз қызметінде үнемі жүзеге асырып келе ме? Компанияның осы саладағы басқа ұйымдармен салыстырғанда жағдайы қалай? Компания жақсы адамдарды тарта біле ме? Осындай сұрақтарға жауап беру компанияның мәдениеті мен бейнесі қаншалық екендігін көрсетеді? Басшы ішкі тексеруді жүргізгеннен кейін жедел көңіл бөлуді қажет ететін, қазірше қоя тұратын және арқа сүйеуге болатын орындарды анықтап, сол арқылы ортаның мүмкіндіктерін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |