Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


) 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау



бет132/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   294
65 - 132 › AK H0

8) 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.

20. Оқу пәнінің мазмұны төрт бөлімді қамтиды: «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ».

21. «Алгебра» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру;

2) Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары;

3) Тригонометрия.

22. «Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Комбинаторика негіздері;

2) Ықтималдықтар теориясының негіздері;

3) Статистика және деректерді талдау.

23. «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Математикалық анализ бастамалары;

2) Математикалық тіл және математикалық модель;

3) Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару.




Параграф 2. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Білім алушыларға қойылатын талаптар:






1-бөлім. «Алгебра»




Бөлімше

10-сынып

11-сынып




1. Алгебралық өрнектер және түрлендірулер

10.1.1.

11.1.1.







11.1.1.1 - n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбір анықтамасын білу;
11.1.1.2 - n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу;
11.1.1.3 - рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу;
11.1.1.4 - алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;
11.1.1.5 - иррационал өрнектерді түрлендіру үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану;




2. Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары

10.1.2.

11.1.2.




;

11.1.2.1 - иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін мәндер жиынын анықтай алу;
11.1.2.2 - теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;
11.1.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;
11.1.2.4 - иррационал теңдеулер жүйелерін шеше алу;
11.1.2.5 - иррационал теңсіздіктерді шеше алу;
11.1.2.6 - көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану;
11.1.2.7 - көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шеше білу;
11.1.2.8 - көрсеткіштік теңсіздіктер шеше білу;
11.1.2.9 - логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану;
11.1.2.10- логарифмдік теңдеулер жүйелерін шеше білу;
11.1.2.11 - логарифмдік теңсіздіктер шеше білу;




3.Тригонометрия

10.1.3.

11.1.3.




10.1.3.1 - тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу;
10.1.3.2 - тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу;
10.1.3.3 - арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу;
10.1.3.4 - кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін білу;
10.1.3.5 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.6 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;
10.1.3.7 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.8 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше алу;
10.1.3.9 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.10 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық функциялардың дәрежесін төмендету формулалары арқылы шеше алу;
10.1.3.11 - тригонометриялық теңдеулерді қосымша аргумент енгізу әдісі арқылы шеше алу;
10.1.3.12 - тригонометриялық теңдеулерді универсал алмастыру арқылы шеше алу;
10.1.3.13 - тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу;
10.1.3.14 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
10.1.3.15 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;




2-бөлім. «Статистика және ықтималдықтар теориясы»

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1. Комбинаторика негіздері

10.2.1.

11.2.1.

10.2.1.1 – қайталанатын «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;
10.2.1.2 - қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;
10.2.1.3 - жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану;




2. Ықтималдықтар теориясының негіздері

10.2.2.

11.2.2.

10.2.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;
10.2.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;
10.2.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану
* P(A + B) = P(A) + P(B)
* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);
10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану
* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)
*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);
10.2.2.5 - кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру;
10.2.2.6 - дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу;
10.2.2.7 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;
10.2.2.8 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу;
10.2.2.9 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;
10.2.2.10 - дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;




3. Статистика және деректерді талдау

10.2.3.

11.2.3.




11.2.3.1 - дискретті және интервалдық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу;
11.2.3.2 - берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау;
11.2.3.3 - таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау;

3-бөлім. «Математикалық модельдеу мен анализ»

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1. Математикалық анализ бастамалары

10.3.1.

11.3.1.

10.3.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;
10.3.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);
10.3.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу;
10.3.1.4 - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:
1) функцияның анықталу облысы;
2) функцияныңмәндер жиыны;
3) функцияның нөлдері;
4) функцияның периодтылығы;
5) функцияның бірсарындылық аралықтары;
6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
8) функцияның жұптылығы, тақтылығы;
9) функцияның шектелгендігі;
10) функция үзіліссіздігі;
11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;
10.3.1.5 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;
10.3.1.6 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;
10.3.1.7 - функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;
10.3.1.8 - функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;
10.3.1.9 - функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу;
10.3.1.10 - функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу;
10.3.1.11 - функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу;
10.3.1.12 - үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану;
10.3.1.13 - аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу;
10.3.1.14 - функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;
10.3.1.15 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;
10.3.1.16 - функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу;
10.3.1.17 - функция дифференциалын табу;
10.3.1.18 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;
10.3.1.19 - күрделі функцияның туындысын табу;
10.3.1.20 - тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;
10.3.1.21 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру;
10.3.1.22 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;
10.3.1.23 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу;
10.3.1.24 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;
10.3.1.25 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;
10.3.1.26 - туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу;
10.3.1.27 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;

11.3.1.1 - алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу;
11.3.1.2 - анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану;
11.3.1.3 - негізгі анықталмаған интегралдарды
1.
2.
3.
4. ;
5. ;
6.
білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.1.4 - қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон – Лейбниц формуласын қолдану;
11.3.1.5 - анықталған интеграл ұғымын білу, анықталған интегралды есептей білу;
11.3.1.6 - берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу;
11.3.1.7 - айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану;
11.3.1.8 - нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу; дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;
11.3.1.9 - дәрежелік функция қасиеттерін білу;
11.3.1.10 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану;
11.3.1.11 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу;
11.3.1.12 көрсеткіштік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салу;
11.3.1.13 көрсеткіштік функция қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;
11.3.1.14 сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу;
11.3.1.15 логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану;
11.3.1.16 логарифмдік функцияның анықтамасын біл;
11.3.1.17 логарифмдік функция қасиеттерін білу және қолдану;
11.3.1.18 көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табу;
11.3.1.19 логарифмдік функцияның туындысын табу;



2. Математикалық тіл және математикалық модель

10.3.2.

11.3.2.

10.3.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу;
10.3.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу;



11.3.2.1 - анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген физикалық есептерді шығару үшін қолдану;
11.3.2.2 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;

3. Математикалық модельдеудің көмегімен есеп шығару

10.3.3.

11.3.3.

10.3.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;
10.3.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;
10.3.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;




24. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


25. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.


Параграф 3. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)



  1. 10-сынып




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау

Функция, оның қасиеттері және графигі

Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру

10.3.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;
10.3.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);.

Функцияның қасиеттері

10.3.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу;
10.3.1.4 - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:
1) функцияның анықталу облысы;
2) функцияның мәндер жиыны;
3) функцияның нөлдері;
4) функцияның периодтылығы;
5) функцияның бірсарындылық аралықтары;
6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;
9) функцияның шектелгендігі;
10) функция үзіліссіздігі;
11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;

Күрделі және кері функция ұғымдары

10.3.1.5 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;
10.3.1.6 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;

Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.1.3.1 - тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу;

Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу

10.1.3.2 - тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу;



Кері тригонометриялық функциялар

Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс

10.1.3.3 - арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу;

Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.1.3.4 - кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін білу;

2-тоқсан

Тригонометриялық теңдеулер

Қарапайым тригонометриялық теңдеулер

10.1.3.5 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;



Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері

10.1.3.6 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;
10.1.3.7 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.8 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше алу;
10.1.3.9 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.10 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық функциялардың дәрежесін төмендету формулалары арқылы шеше алу;
10.1.3.11 - тригонометриялық теңдеулерді қосымша аргумент енгізу әдісі арқылы шеше алу;
10.1.3.12 - тригонометриялық теңдеулерді универсал алмастыру арқылы шеше алу;
10.1.3.13 - тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу;

Тригонометриялық теңсіздіктер

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

10.1.3.14 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
10.1.3.15 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

Ықтималдық

Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы

10.2.1.1 - қайталанптын «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;
10.2.1.2 - қайталанатын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;
10.2.1.3 - жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану;

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

10.2.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;
10.2.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану
* P(A + B) = P(A) + P(B)
* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);
10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану
* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)
*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);

3-тоқсан

Функцияның шегі және үзіліссіздігі

Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі

10.3.1.7 - функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;
10.3.1.8 - функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;

Функция графигінің асимптоталары

10.3.1.9 - функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу;

Сан тізбегінің шегі

10.3.1.10 - функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу;

Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі

10.3.1.11 - функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу;
10.3.1.12 - үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану;

Туынды

Туындының анықтамасы

10.3.1.13 - аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу;
10.3.1.14 - функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;
10.3.1.15 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;

Функция дифференциалы ұғымы

10.3.1.16 - функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу;
10.3.1.17 - функция дифференциалын табу;

Туынды табу ережелері

10.3.1.18 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;

Күрделі функция туындысы

10.3.1.19 - күрделі функцияның туындысын табу;

Тригонометриялық функциялардың туындылары

10.3.1.20 - тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы

10.3.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу;
10.3.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу;
10.3.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;
10.3.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;



Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі

10.3.1.21 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру;

4-тоқсан

Туындының қолданылуы

Функцияның өсу және кему белгілері

10.3.1.22 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;
10.3.1.23 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу;

Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері

10.3.1.24 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;
10.3.1.25 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;

Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу.

10.3.1.26 - туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу;

Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері

10.3.1.27 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу; 10.3.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;

Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары

Кездейсоқ шамалар

10.2.2.5 - кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру;

Дискретті кездейсоқ шамалар

10.3.2.6 - дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу;
10.3.2.7 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;

Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы

10.3.2.8 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу;

Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары

10.3.2.9 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;
10.3.2.10 - дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;

10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау




  1. 11-сынып




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

Алғашқы функция және интеграл

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері

11.3.1.1 - алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу;
11.3.1.2 - анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану;
11.3.1.3 - негізгі анықталмаған интегралдарды
1.
2.
3.
4. ;
5. ;
6.
білу және оларды есептер шығаруда қолдану;

Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл.

11.3.1.4 - қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон – Лейбниц формуласын қолдану;

Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы

11.3.1.5 - анықталған интеграл ұғымын білу, анықталған интегралды есептей білу;
11.3.1.6 - берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу;
11.3.1.7 - айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану;
11.3.2.1 - анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген физикалық есептерді шығару үшін қолдану;

Математикалық статистика элементтері

Бас жиын және таңдама

11.3.2.2 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;

Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар

11.2.3.1 - дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу;

Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау

11.2.3.2 - берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау;
11.2.3.3 - таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау;

2-тоқсан

Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция

n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері

11.1.1.1 - n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбір анықтамасын білу;
11.1.1.2 - n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу;

Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

11.1.1.3 - рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу;
11.1.1.4 - алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;

Иррационал өрнектерді түрлендіру.

11.1.1.5 - иррационал өрнектерді түрлендіру үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану;

Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі

11.1.1.8 - нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу; дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;
11.2.1.9 - дәрежелік функция қасиеттерін білу;

Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы

11.2.1.10 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану;
11.2.1.11 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу және қолдану;




3-тоқсан




Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер

Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері

11.1.2.1 - иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін мәндер жиынын анықтай алу;
11.1.2.2 - теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;
11.1.2.3 - айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу;
11.1.2.4 - иррационал теңдеулер жүйелерін шеше алу;

Иррационал теңсіздіктер

11.1.2.5 - иррационал теңсіздіктерді шеше алу;

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі

11.3.1.12 көрсеткіштік функция анықтамасын білу және оның графигін салу;
11.3.1.13 көрсеткіштік функция қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;

Сан логарифмі және оның қасиеттері

11.3.1.14 сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу;
11.3.1.15 логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану;

Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі

11.3.1.16 логарифмдік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салу;
11.3.1.17 логарифмдік функция қасиеттерін білу және қолдану;

Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы

11.3.1.18 көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табу;

Логарифмдік функцияның туындысы

11.3.1.19 логарифмдік функцияның туындысын табу;



Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері

11.1.2.6 - көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану;
11.1.2.7 - көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шеше білу;




Көрсеткіштік теңсіздіктер

11.1.2.8 - көрсеткіштік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу;




4-тоқсан




Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері

11.1.2.9 - логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану;
111.2.10 - логарифмдік теңдеулер жүйелерін шеше білу;

Логарифмдік теңсіздіктер

11.2.2.11 - логарифмдік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу;

10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
96-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет