Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет240/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   294
65 - 132 › AK H0

2-тарау. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

6. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 10-сынып – апасына 3 сағат, барлығы 108 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы 108 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұны екі бөлімнен тұрады:
1) «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент);
2) «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
8. «Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:
1) «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы»;
2) «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру»;
3) «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды.
Бөлімде Қазақстандағы спорт пен дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Бұл бөлімде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
9. «Денені жетілдіру және шеберлік» бөлімі білім алушылардың дене шынықтыру және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылады.
10. Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
11. Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
12. Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрлері:
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары;
3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;
4) спорттық үйірмелер;
5) дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Дене шынықтыру сабақтары білім алушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.
13. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында білім алушыларды білім беру ұйымының медицина қызметкері арнайы медициналық топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады. Осы топтарды арнайы профилактикалық бағдарлама бойынша аурудың түріне байланысты оқытады.
14. Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
15. Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу процесінде пәнаралық байланыс іске асырылады:
1) «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі»: сөз қорын дене шынықтыру саласында қолданылатын терминдермен толықтыру;
2) «Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дене салмағы», «біркелкі емес және біркелкі сырғу», «қуаттылық» секілді түсініктер бойынша қабылданған білім деңгейін қолдану;
3) «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия»: ұзындықты, биіктікті, жылдамдықты, қашықтықты, уақытты есептеу, ұзындық пен биіктікке секіру үшін жүгіруді есептеп шығару;
4) «Биология»: шылым шегу мен алкоголдік ішімдік ішудің ағзаға тигізетін зияны туралы, зат алмасу процесі туралы материалдарды қолдану;
5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыс тарихы; қазақтың ұлттық ойындарының пайда болу тарихы;
6) «География»: көкжиек тұстарын білу, жергілікті жерлерде түрлі белгілер және карта бойынша бағдарлай білу біліктілігі;
7) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»: саптық жаттығуларды пайдалану; кедергілер жолағынан өту; өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс дағдылары мен біліктілікке, оларды түрлі жағдайларда қолдана білуді оқыту және үйрету; патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
16. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
1) Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу».



Бағдарлама бөлімдері

Бағдарлама бөлімдері



Оқу тоқсандары. Сағаттар саны

1

1


2

3

4

Σ

Базалық

1. Жеңіл атлетика

7

-

-

7

14

2. Спорт ойындары

15

8

15

7

45



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет