4
2
Емтихан жұмысының сипаттамасы
Емтихан жұмысы
3 сағат
Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады:
1-бөлімде білім алушылар бір және бірнеше таңдауы бар барлығы 10 жабық типті
тапсырманы орындайды.
Тапсырмалар балл қою кестесіне сәйкес бағаланады.
Барлық балл саны –
12.
2-бөлімде білім алушылар толық жауапты қажет ететін барлығы 2
тапсырманы
орындайды.
1-тапсырмада білім алушы ұсынылған екі шығарма үзінділерінің
біреуін таңдап, оған
100-120 сөзден тұратын әдеби-теориялық талдауы бар жазба жұмысын орындайды.
Шығарма үзінділері
қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық
бағыттағы сыныптар үшін оқу бағдарламасының мазмұны шеңберінде іріктеледі.
Тапсырма 14 балмен бағаланады.
2-тапсырмада
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сынып білім алушылары ұсынылған
үш
тақырыптың біреуін таңдап, 200-220* сөз көлемінде жазба жұмысын орындайды
(сыни
тұрғыдан баға беру, әдеби сын, әдеби эссе).
* оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқитын қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы сынып білім алушылары ұсынылған үш тақырыптың біреуін
таңдап, 170-200 сөз көлемінде жазба жұмысын орындайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сынып білім алушылары ұсынылған
тақырып бойынша 170-200 сөз көлемінде әдеби эссе жазады.
Тапсырма 14 балмен бағаланады.
Тапсырмалар балл қою кестесіне сәйкес бағаланады.
Барлық балл саны –
28.
Достарыңызбен бөлісу: