ОқУ-Әдістемелік қҰрал


 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде



Pdf көрінісі
бет47/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

2.3 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде 
 
Сабақтың мақсаты: қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде 
қарастыру,оның құрылымымен, белгілерімен, әлеуметтік институттарымен, 
кішігірім жүйелерімен танысу. Қоғамның негізгі тарихи типтерің және 
әлеуметтік тұтас жүйе ретінде даму үрдісің анықтау. 
Негізгі түсініктер: қоғам, әлеуметтік жүйе, әлеуметтік құрылым, 
интеграция, экономикалық жүйе, саяси жүйе, коммуникация, модернизациялау. 
Адамзаттың 
қауымдастығы 
ретінде 
қоғам 
барлық 
қоғамдық 
ғылымдардың негізгі объектісі әрі басты категориясы екендігі белгілі. Соған 
байланысты ғылыми әдебиеттерде қоғамның 150-ден астам анықтамалары бар. 
Біз үшін қоғамның әлеуметтану ғылымының басты категориясы ретіндегі 
анықтамасы мәнді. Бұл қоғамды жүйе ретінде талдауға мүмкіндік береді. 
Қоғам дегеніміз адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде ӛз 
қажеттерін канағаттандыру мақсатында әлеуметтік нормалар мен әдет-
ғұрыптар негізінде ӛзара әлеуметтік әрекетке түскен, ӛзін-ӛзі басқарып, ӛзін-ӛзі 
жетілдіріп, толықтырып отыратын, тұрақты және біртұтас қалыптасқан 
әлеуметтенген адамдардың жиынтығы. Бұл анықтамадан қоғам ӛзі-ӛзінен 
дамитын әлеуметтік организм ретіндегі жүйелі құрылым екендігі байқалады. 
Оның бӛліктері - әлеуметтік тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар 
және әлеуметтік нормалар мен ережелер, осылардың негізіндегі ӛзара 
әрекеттестік. Әлеуметтанулық оқулықтарда қоғамның бұдан басқа да 
анықтамалары берілген. Мысалы, әлеуметтану ғылымының негізін салушы 
француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, 
ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бӛлінісіне негізделген жүйе деп 
тұжырымдайды. Ал кӛрнекті неміс ғалымы Макс Вебер: "Қоғам - адамдардың 
бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың 
жиынтығы" деді.


104 
Американдық әлеуметтанушы Талконтт Парсонстың пікірінше, қоғам - 
адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың 
негізі - ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады.
Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы кіндік шешесі атанған Карл Маркс 
қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, 
тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндірді. Рас, 
бұлар жеке-жеке қоғамның әлеуметтанулық анықтамасын толық беріп тұрған 
жоқ. Алайда, біздің пәнімізге қатысты бірнеше принципті мәселелер туындап 
тұр, солардың жиынтығы қоғамның мәнін толық кӛрсете алады: 1) қоғамның 
белгілі қызмет атқаратындығы; 2) оның ынтымақтастық пен еңбек бӛлінісіне 
негізделгені; 3) қоғам бір-біріне ықпал, әсер ететін әлеуметтік байланыстар мен 
қарым-қатынастардың жиынтығы екендігі; 4) және ол қарым-қатынастардың 
негізі нормалар мен ережелер болып табылатындығы; 5) қоғамның адамдардың 
бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болғандығы; 6) қоғамның тарихи 
дамып отыратындығы. Осы принципті мәселелер жиналып келіп қоғамның 
толық анықтамасын бере алады.. Қоғамның әлеуметтік жүйесі адамдардан 
тұрмайды, олардың қарым-қатынасынан тұрады.
Сол себепті пән ретінде әлеуметтанудың негізгі зерттейтін мәселесі 
саналы түрдегі әлеуметтік әрекет болып саналады. 2. Француз ғалымы Огюст 
Конт алғашқылардың бірі болып қоғамды организм, жүйе ретінде қарастырып, 
ол жүйенің тұтас, бӛлінбейтін сипатын, оның бӛліктерінің ӛзара 
байланыстылығы мен ықпалдастығын атап кӛрсеткен болатын. Бұл қағидадан 
«жүйе» деген ұғымды айқындап алған жӛн. 
Жүйе дегеніміз ӛзара бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста болатын, 
тәртіптелген және тұрақтылықты құрайтын, бірінің ӛзгерісі екіншісінің немесе 
басқаларының ӛзгерісіне әкелетін кӛптеген элементтердің тұтас жиынтығы. Ал 
әлеуметтік жүйе деп әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде ӛзара 
қарым-қатынас пен байланыста, ӛзара ықпалдастықта болып, тұтастықты 
қамтамасыз ететін әлеуметтік элементтердің жиынтығын айтамыз. Енді 
қоғамның әлеуметтік жүйесінің негізгі элементтерін не құрайды деген мәселе 
туады. Олар: адамдар, әлеуметтік топтар мен ұйымдар, әлеуметтік 
қауымдастықтар мен институттар, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, 
әлеуметтік ықпалдастық, әлеуметтік нормалар мен ережелер және т.б. 
Әлеуметтік жүйенің негізгі элементтерінің ішінде әлеуметтік нормалар мен 
ережелердің орны бӛлек, оларды бар әлеуметтік әрекетті реттеп, жүйелеп, 
біріктіріп және тұтастырып отыратын «әлеуметтік дирижерлар» деуге болады. 
Ал әлеуметтік нормалар мен ережелер конституция, заңдар, қаулы-қарарлар, 
әдет-ғұрыптар мен салт-саналарды және т.б. қамтидыЖекелеген адамдар және 
адам топтарының қызметі басшылыққа алатын әлеуметтік нормалар мен 
ережелер, солардың негізінде болатын байланыстар, қарым-қатынастар және 
ӛзара ықпалдасу сияқты әлеуметтік жүйенің басты элементтеріне де арнайы 
тоқтай кетейік. Бұл адамдар арасындағы аса маңызды әлеуметтік 
әрекеттестіктің мәнін айқындай түседі. 


105 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет