128
кооперациямен, ұдайы ӛндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең
болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және
бір немесе одан да кӛп ӛз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары
бар ересек жыныс ӛкілі кіреді".
Билік формасына қарай отбасы
патриархалды(күйеуі отбасының
басшысы),
матриархалды(әйелі
басшы),
құрамына
қарай
—
отбасы
нуклеарды(ата-анасы мен балалары),
кеңейтілген(нуклеарды отбасы
және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бӛлінеді. Отбасы пайда
болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен
бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бӛлу тӛртібі бар,
онда кімнің материалдық игілігі кӛп, сол басқарады.
Отбасында билікті
бӛлуге жұбайлар арасындағы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз
билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-
бірін бірдей мӛлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.
Отбасын, қоғамның бір бӛлігі ретінде, социологтар оның қызметін
орындауға қатысты қарастырады.
Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен
оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына
қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты
қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін
әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бӛлуге болады.
Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам
қажеттіліктері мен отбасы
тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы
қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық
жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт ӛте келе қызмет сипаты
қалай ӛзгерсе, иерархия да солай ӛзгереді. Отбасының негізгі қызметтері
ретінде тӛмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық
- тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену),
әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б.
"Отбасы" ұғымы "
неке"
ұғымымен тығыз байланысты. Социологияда
неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау
жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-
біріне және ӛз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін
белгілейтін қатынас формасы.
Некенің тӛмендегідей формалары бар:
моногамия(бір еркек пен бір
әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі
бірден-бір форма) және
полигамия(бір индивид пен бірнеше индивидтің
арасындағы неке).
ҚР Парламентінде неке мен отбасы
туралы жаңа Заңды талқылау
кезінде кӛп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың
хабарлағанындай, әйелдер де кӛп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе
кӛтергеннен кейін, кӛп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.
Некелік серік таңдаудың екі түрі бар:
эндогомия(серіктер бір топтың
ішінде) және
экзогомия( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар
арасында болады).
129
Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық
табиғаты жӛніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да,
құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі кӛзқарас
айтылып жүр:
неке - келісім шарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық.
Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде
неғұрлым кең тараған
тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, олнекеге отыру тәртібін, оның
әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды
заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға
негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режимін
белгілеу мүмкіндігі жазылады.
Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы
мүмкін емес, ӛйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен
міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны ӛз еркімен ӛзгерте алмайды дейді.
Жұбайлардың мүлік режимін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы
келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін
жеткілікті дәлел бола
алмайды, ӛйткені некенің
мақсаты – отбасын құру, бала туу және
Достарыңызбен бөлісу: