Оқу жылына жас маманның есебі



Дата25.05.2022
өлшемі15.46 Kb.
#458616
түріСабақ
Жас маман Есебі Мыңжасар А.Н.


2020-2021 оқу жылына жас маманның есебі.
Жыл басында тәлімгерім Жунусова Б.К. 2020-2021 оқу жылына арналған бірлесе отырып атқарылатын жұмыс жоспармен таныстырды. Тәлімгеріммен және тағыда басқа тәжірибелі мұғалімдерден бағыт-бағдар, қолдау ала отырып күнтізбелік, сабақ жоспарын, электронды журналды дұрыс толтыруды үйрендім. Өз біліктілігімді, шеберлігімді артыру мақсатында көптеген семинарлар, тренингтер, жас мамандардың кәсіби білімін жетілдіруге арналған вебинарларға қатыстым. Мысалы атап айтатын болсам: «Инновационная деятельность учителя в условиях обновленного содержания образования»; Тренинг «Вовлечение учащихся в процесс активного взаимодействия при дистанционном обучении: продвигающая обратная связь, роль и место диалога в синхронном обучении»; Вебинар-тренинг "Сабақты тиімді жоспарлау"; Семинар «Оқушыларды ынталандыру тәсілдері, оқытудың белсенді әдістері арқылы оқу процесіне тарту» ; Семинар-практикум "Онлайн сабақты тиімді ұйымдастыру"; Вебинар "Оқытудағы саралау әдістері"; "Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау қадамдары. Және тәжірибесі мол мұғалімдердің сабақтарына қатысу арқылы өз білімімді жетілдірудемін,тәжірибе жинақтаудамын. Алдағы уақытта да осы сияқты іс- шараларға қатысып тәжірибемді артырғым келеді. Пән бойынша қашықтық олимпиадаларға, сайыстар мен конкустарға қатыстым: «Алашты ұлықтау- тарихты ұмытпау» атты зияткерлік командалық викторина; Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Халықаралық олимпиада «Perfect Grammar» II орын. Ұжымның қоғамдық өміріндеде белсенді болуға тырыстым.
Қорытындылай келе, педагог болудың қандай қиын, жауапкершілігі мол және де зор ұйымдастырушылық қабілетті талап ететін мамандық екенін тағыда түсіндім. Себебі біз еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеудеміз. А.С.Макаренко айтқандай: «Менімен қатар көптеген ұстаздар жұмыс істеді. Менің көзім жеткені, жоғары оқу орнын үздік, жақсы бітіргенімен, қанша талантты болғанымен, мектепте үлкен тәжірибеден шыңдалып өтпей, ол адам жақсы ұстаз бола алмайды, мен өзім тәжірибелі, білікті ұстаздардан сабақ алғанмын...”. Тәлімгерім, мектеп әкімшілігі мен ұмыждағы тәжірибелі ұстаздар маған педагог ретінде қалыптасу жолында үлкен әсерін тигізуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет