Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ әдебиеті» пәні
Қазақ халқының рухани байлығын, бастан кешірген сан алуан кезеңдерін арқау еткен көркем әдебиет әрқашан да өз қызметінен жаңылған емес. Әдебиет ұлт тарихының көркем шежіресі болып сөз өнерінің тот баспас асыл бітімін, жоғалмас құндылығын дәлелдеп келеді. Сонау ежелгі күндерден бастау алып, тарихи кезеңдердің қат-қабат тартысы мен қайшылықтарын бойына сіңіре отырып, бүгінгі таңда да қоғамдық-әлеуметтік өзгерістермен сабақтасып жатқан әдеби үдерісті білу жас ұрпақ үшін ең басты міндет.
Әр пән өмiр, болмыс сырын өзiне тән ерекшелiкпен танытуымен құнды. Мектепте оқытылатын пәндер жүйесiнде орны ерекше болып табылатын әдебиет адамның өмiрге деген көзқарасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – білім берудің басым мақсаттарының бірі. Оның нәтижесі оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістерді білім беру үдерісіне оңтайлы енгізу мектеп пен ұстар қауымына қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.
Қазақ әдебиетін жаңаша оқыту – шынайы ұлттық патриотизмді қалыптастырып, рухани болмысымыз бен идеялық мұратты орнықтырудың бірден-бір тұжырымы. Пәнді оқыту барысында шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынуы тиіс.
5-9-сыныптардың білім мазмұнына қазақ әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылып, олардың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суретін, қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса мән берілген. Қазақ әдебиетін оқыту оқушылардың өзіндік ой толғамын айту, шығармашылықпен жұмыс істеу білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Оқу бағдарламасында пәнді оқытудың мақсаты: ұлттық фольклор мұралары арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және өз халқының тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалай алатын, ұлттық әдеби мұраны терең игеріп, сол негізде еліне қызмет ете алатын, танымы жоғары, бiлiмі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениеттi қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру деп айқындалып, оқыту міндеттері:
-
әдеби көркем туынды арқылы оқушының ұлттық танымын қалыптастыру, әдебиеттiң көркемөнердегi мән-маңызын таныту;
-
көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;
-
оқушылардың әдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;
-
көркем шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін және көркемдік-бейнелілік құрылымын талдай білуге үйрету;
-
қазақ әдебиеті тарихындағы қоғамдық-саяси мәселелерді, ұлттық сананы оятуға әсер еткен көркем туындыларды меңгерту;
-
әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;
-
оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;
-
көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға баулу;
-
әдеби пәндер жүйесіне тән білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту, өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру, оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;
-
өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы түсініктерін тереңдету деп көрсетілген.
Қазiргi кезде пәндi оқытуға көп мiндеттер жүктеледi. Себебi, ғылым мен техниканың iлгерлеуi, түрлi ақпарат көздерiнiң молаюы, бiлiм беру жүйесiнiң түрленуi, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершiлiк жүктейдi. Әдебиет пәнiн оқыту мұғалiмнен жан-жақты жауапкершiлiктi, дайындықты қажет етедi. Сабақты түрлендiрiп, әдiс-тәсiлдi үнемi жетiлдiрiп отыру-оқушының үлгерiмiн, танымын жақсартып, қызығушылығын арттырады. Оқушыға білім бере отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру қазiргi оқытудың басты талабы болып табылады. Оқушының сыни тұрғыда ойлауын дамыту оның танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға ықпал етеді.
Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:
«Қазақ тілімен»: көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді табуға бағыт беріледі; сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады;
«Қазақстан тарихымен»: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста болатындығын түсінуіне; тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады;
Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;
«Музыка» пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге жағдай жасайды.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек. Мұғалім оқушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Жүйелі жүргізілген сапалы оқыту барысында оқушылар шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, берілген тақырыптарға ойтолғау, эссе, сыни мақала, т.б. жаза білуге үйренеді.
Оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей белгіленген: 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
Оқыту орыс тілінде емес мектептердегі «Орыс тілі» пәні
Русский язык в казахстанском обществе занимает достойное место. Задача школы - сохранить и совершенствовать уровень владения учащимися данным языком как средством межнационального общения. Конечным результатом обучения на всех уровнях школьного образования должны стать реальные умения учащихся применять язык в естественном процессе общения соответственно «Общеевропейским компетенциям владения иностранным языком: изучение, преподавание, оценка».
В 2014-2015 учебном году в 5-7 классах определяется уровень А2: понимание отдельных предложений и часто встречающхеся выражений, связанных с основными сферами жизни (например, основные сведения о себе и членах своей семьи, покупках, устройстве на работу и т.п.); умение выполнить задачи, связанные с простым обменом информации на знакомые или бытовые темы; умение в простых выражениях рассказать о себе, своих родных и близких, описать основные аспекты повседневной жизни; в 8-9 классах - уровень В2: понимание основных идей четких сообщений, сделанных на литературном языке на разные темы, типично возникающие на работе, учебе, досуге и т.д.; умение общаться в большинстве ситуаций, которые могут возникнуть во время пребывания в стране изучаемого языка; умение составить связное сообщение на известные или особо интересующие темы; умение описать впечатления, события, надежды, стремления, изложить и обосновать свое мнение и планы на будущее. При этом базовый уровень подразделяется на 3 подуровня: в 5 классе необходимо освоить 1 подуровень (А2 – А2.2); в 6 классе - 2 подуровень (А2 – А2.2.1 и А2.2.2) базового уровня; в 7 классе – 3 подуровень (А 2+) базового уровня.; в 8 классе - 1 подуровень (В1 – В.1 и В. 1.2) среднего уровня; в 9 классе русским 2 подуровень (В1 + --- В .1 +) среднего уровня.
Основная цель обучения предмету «Русский язык» в школах с казахским, уйгурским, узбекским, таджикским языками обучения: формирование коммуникативной компетенции учащихся путем использования языкового и речевого материала в контексте общения, умения пользоваться русской речью при параллельном владении родным и английским языками; воспитание на основе тематического содержания речевого материала языковой личности, придерживающейся активной гражданской позиции, ориентирующейся на нравственно-духовные ценности казахстанского общества, проявляющей толерантное отношение к другим культурам, готовой к сохранению и приумножению природного богатства, ведущей и пропагандирующей здоровый образ жизни, стремящейся к созидательному труду, обладающей технологической культурой. Важным аспектом формирования личности школьников на уроках русского языка должно стать претворение национальной идеи «Мәңгілік Ел».
Соответственно предложенному в государственном общеобязательном стандарте образования Республики Казахстан в школах с казахским, узбекским, уйгурским, таджикским языками обучения предмет «Русский язык» изучается в 5 – 9 классах по 2 часа в неделю. Объем учебной нагрузки в каждом классе за учебный год по предмету «Русский язык» составляет 68 часов.
При обучении русскому языку планирование уроков строится на тематической основе, что обеспечивает планомерную подготовку учащихся к диалогическому общению и продуцированию монологического высказывания как единицы общения через обогащение словарного запаса, грамматического строя речи, представление стилистического варьирования средств при передаче одной и той же мысли в разных ситуациях. Наряду с перечисленными стратегическими задачами, направленными на формирование и совершенствование речевой и коммуникативной компетенций, совершенствуется уровень орфографической и пунктуационной грамотности. Итоговой формой работы, показывающей результат интегрированных умений, должно быть сочинение в рамках программного тематического минимума.
Языковая компетенция. К завершению уровня основного среднего образования учащиеся должны владеть грамматически правильной речью, достаточным словарным запасом, орфографической и пунктуационной грамотностью. Систематическая работа по орфографии и пунктуации в 5-9 классах должна осуществляться как на уроках, так и по индивидуальной программе с каждым учащимся.
Речевая компетенция проверяется через умения аудирования, чтения, говорения, письма. На основе текстов совершенствуются данные навыки. Достигаемый уровень по аудированию – комплексное восприятие формы и содержания высказывания; по чтению – быстрое извлечение информации из текста, по говорению – умение оформить мысль в цельное высказывание соответственно орфоэпическим, грамматико-стилистическим и лексико-стилистическим нормам; по письму – выражение мысли в графической форме соответственно орфографическим, пунктуационным, грамматико-стилистическим и лексико-стилистическим нормам.
Уровень коммуникативной компетенции выявляется на основе умений учитывать статус собеседника, обстановку общения, соблюдать правила речевого этикета, вступать свободно в коммуникативный процесс в рамках заданного тематического минимума, использовать оптимальные средства русского языка при решении задач общения.
Этнокультуроведческая компетенция учащихся определяется умением свободно применять в речи пословицы и поговорки, цитировать высказывания известных личностей, уместно приводить сведения из истории и культуры страны изучаемого языка при обосновании своих идей.
Соотношение часов на изучение материала и письменные работы. Объем письменных работ.
Формами письменной работы в 5-9 классах являются диктант, изложение, в 5-6 классах – сочинение-описание/сочинение-повествование/сочинение-рассуждение, с 7 класса можно включить сочинение-эссе. В каждой четверти проводится в среднем 1 диктант (в первой четверти допускается 2 диктанта), 1 изложение или 1 сочинение. Сочинения-эссе могут быть классными и домашними.
Объем письменных работ для 5 класса: текст контрольного диктанта содержит 50/60 слов; словарный диктант состоит из 10-15 слов; текст для подробного изложения включает 60-80 слов; текст для сжатого изложения увеличивается до 90-140 слов.
Объем письменных работ для 6 класса: текст контрольного диктанта содержит 60/70 слов; словарный диктант состоит из 15-20 слов; текст для подробного изложения включает 80-100 слов; текст для сжатого изложения увеличивается до 110-150 слов.
Объем письменных работ для 7 класса: текст контрольного диктанта содержит 70/90 слов; словарный диктант состоит из 20-25 слов; текст для подробного изложения включает 100-120 слов; текст для сжатого изложения увеличивается до 130-150 слов; примерный объем сочинения – 0,5 -1 страница (180-350 слов).
Объем письменных работ для 8 класса: текст контрольного диктанта содержит 80-90 слов; словарный диктант состоит из 25-30 слов; текст для подробного изложения включает 120 - 140 слов; текст для сжатого изложения увеличивается до 150-200 слов; примерный объем сочинения – 1-1,5 страницы (300-400 слов).
Объем письменных работ для 9 класса: текст контрольного диктанта содержит 90-100 слов; словарный диктант состоит из 30-35 слов; текст для подробного изложения включает 140-160 слов; текст для сжатого изложения увеличивается до 170-220 слов; примерный объем сочинения – 1,0-1,5 страницы (350-500 слов).
В целях совершенствования качества оценивания и получения объективных результатов обучения предлагается система параметров оценивания, которые могут варьироваться учителем в соответствии с содержанием конкретного урока.
Параметры оценивания текущих и итоговых учебных достижений
Параметры оценивания диктанта с грамматическим заданием:
-
орфографическая грамотность;
-
пунктуационная грамотность;
-
морфологический анализ слов;
-
синтаксический анализ предложения.
Параметры оценивания лексических навыков говорения через аудирование и чтение:
-
соблюдение орфоэпических норм при чтении;
-
определение стиля прочитанного текста по основным признакам;
-
выделение из текста ключевых слов по микротемам и приведение к ним синонимов, антонимов;
-
правильное орфографическое оформление слов по теме;
-
владение достаточным количеством слов по микротеме и определение их стилистических оттенков.
Параметры оценивания грамматических навыков говорения:
-
выделение грамматических основ ключевых предложений текста и определение способов выражения сказуемого;
-
владение разными способами распространения, осложнения и усложнения грамматической основы предложения;
-
правильная расстановка знаков препинания и орфографическая грамотность на письме;
-
приведение синонимических конструкций к заданному предложению, определение их стилистических оттенков;
-
стилистическая трансформация текста (перевод из разговорного стиля в художественный.
Параметры оценивания умений диалогического общения:
-
количество реплик, выданное одним учащимся;
-
соотношение инициативных и реактивных реплик одного учащегося;
-
информативность реплик учащегося, разнообразие речевых намерений в его репликах;
-
соблюдение правил русского речевого этикета (учет статуса собеседника, типа взаимоотношения с собеседником, соответствие лексико-грамматических средств обстановке общения);
-
естественность реплик (уместная неполнота, эмоциональность, интонация, темп, наличие/отсутствие неоправданных пауз).
Параметры оценивания знаний и умений по монологической речи:
-
знание языковых особенностей текста-повествования, текста-описания, текста- рассуждения;
-
умение доказать, что высказывание является текстом;
-
умение определять тип текста (описание, повествование, рассуждение, один из комбинированных типов);
-
умение обосновать стилистическую принадлежность текста (в 8-9 классах).
Параметры оценивания итоговых учебных достижений (продуцирование устного и письменного монологического высказывания)
Параметры оценивания устного высказывания:
1) Информативность:
а) объем текста(количество слов);
б) количество микротем (пункты содержания);
в) развернутость микротем;
г) логичность (связь частей, законченность).
2) Языковая правильность в области:
а) лексики;
б) грамматики (морфология, синтаксис);
в) соблюдение орфоэпических норм;
г) беглость речи.
Параметры оценивания письменного высказывания:
1) Информативность:
а) объем текста(количество слов);
б) количество микротем (пункты содержания);
в) развернутость микротем и умение устанавливать контакт с собеседником, разнообразие коммуникативных регистров речи (в устной и письменной речи);
г) логичность (связь частей, законченность).
2) Языковая правильность в области:
а) лексики;
б) грамматики (морфология, синтаксис).
Оқыту орыс тілінде емес мектептердегі «Орыс әдебиеті» пәні
Изучение русской литературы в школах с нерусским языком обучения направлено на достижение следующих целей – приобщение к русской литературе с целью овладения системой знаний, умений и навыков по учебному предмету и освоение через художественный мир русской литературы представлений о мире, способствующих успешной социальной адаптации учащихся и раскрытия русско-казахских литературных связей.
Курс литературы предусматривает изучение творчества как корифеев русской литературы, так и современных казахстанских писателей-билингвов. Творческий путь писателя рассматривается в рамках монографических тем.
Цель литературного образования определяет его задачи:
-
развитие способности к полноценному восприятию литературных произведений в контексте духовных ценностей;
-
поддерживание интереса к чтению, формирование духовной и интеллектуальной потребности читать;
-
развитие глубокого понимания художественных произведений различного уровня сложности;
-
развитие чувства языка, умений и навыков связной речи;
-
сохранение и обогащение опыта разнообразных читательских переживаний, развитие эмоциональной культуры читателя-учащегося.
Предмет «Русская литература» должен быть направлен на формирование коммуникативных навыков учащихся, чтобы учащиеся могли в любой стандартной и нестандартной ситуации высказать собственную точку зрения, доказать и обосновать при необходимости, умело вести диалог в условиях межкультурной коммуникации. Важным компонентом в обучении русской литературе должна быть ориентация на формирование функциональной грамотности личности, одним из ее компонентов является грамотность чтения. Результаты участия 15-летних учащихся казахстанских школ в международных сравнительных исследованиях PISA свидетельствуют о недостаточном уровне сформированности грамотности чтения (в 2009 г. 59 место из 65 стран-участниц, в 2012 г. 63 место из 65 стран - участниц).
В связи с этим при обучении русской литературе необходимо усилить работу по формированию данного компонента функциональной грамотности как необходимого навыка использования знаний и умений для решения широкого диапазона жизненных задач в различных сферах человеческой деятельности, также в межличностном общении и социальных отношениях.
Изучение русской литературы должно быть направлено на формирование духовно-нравственных качеств и патриотических чувств учащихся, формирование казахстанского патриотизма и стремления воплотить в жизнь общенациональную идею «Mәнгілік ел», развитие толерантности и умения общаться в условиях межэтнической и межкультурной коммуникации.
Согласно Национального плана действий по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-2016 годы при обучении предмета «Русская литература» необходимо усилить работу по развитию речи учащихся при изучении и анализе художественного произведения, написании сочинений, эссе и изложений.
Важной особенностью литературного образования является включение в его содержание регионального компонента: для изучения предлагаются произведения русских писателей Казахстана. Например:
- 7 класс: Повесть М.Кабанбаева «Арстан, я и виолончель»;
- 8 класс: отрывок из романа А.Алимжанова «Гонец», стихотворение О.Сулейменова «Волчата»;
- 9 класс: отрывки из романа Ю.Домбровского «Хранитель древностей».
Базовое содержание предмета составляют шедевры русской классики, произведения, которые отличает художественно-идейные достоинства, нравственно-эстетические ценности и стилевое мастерство писателя. Содержание литературного образования структурировано так, чтобы последовательно, не перегружая, ввести учащегося в художественный мир литературы.
При изучении литературы предусматривается организация самостоятельного (внеклассного) чтения учащихся. Для внеклассного чтения предлагаются произведения авторов, объединенных общей темой, жанром, проблемой.
Объем учебной нагрузки по учебному предмету составляет:
5 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение - 27 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 3 часа;
6 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа;
7 класс – 34 часа, из них на: чтение – 26 часов, развитие речи – 4 часа, внеклассное чтение – 4 часа;
8 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 27 часов, внеклассное чение – 3 часа, развитие речи – 4 часа;
9 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа.
Шетел тілі
Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2, А2+ деңгейлеріне сәйкестендірілген:
5-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1»);
6-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1.1»);
7-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1»);
8-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1»);
9-сынып – А2+ («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2»).
Негізгі орта білім беру деңгейінде шетел тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2 қалыптасу алдындағы деңгейге сәйкес мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
Оқыту міндеттері:
-
жаңа тілдік құралдарды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық) және шеттілдік қарым-қатынас жасауда оларды қолдануды меңгеру;
-
коммуникативтік біліктіліктерді сөйлеу әрекетінің төрт түрінде – тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым шетел тіліндегі қарым-қатынаста жүзеге асыру;
-
оқушыларға үйреніп отырған тілі негізінде сол елдің мәдениетіне, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына қатыстыру;
-
шеттілді мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін және оның мәдениетін таныстыра білу шеберлігін қалыптастыру;
-
ақпаратты қабылдау кезінде тілдік құралдардың жетіспеушілігі жағдайында бейімделу шеберлігін қалыптастыру;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оқушыларға түсінікті тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып жалпы және арнайы іскерліктерді қалыптастыру мен жетілдіру;
-
қазіргі заман жағдайында оқушылар шетел тілінің орнын, болашақ маман иесі ретінде аңғаруы, өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау және тілдік коммуникативтік дамуын өзіндік бағалау стратегиясын меңгерту;
-
алынған жалпы оқыту іскерліктерін, дағдылар және біліктерін оқу-танымдық құзыреттіліктерді дамытуға кіріктірілетін оқу және іс-тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында қолдану;
-
ұлттық өзіндік сана сезімді, әртүрлі қоғамдастық адамдарының арасындағы өзара түсіністікке ұмтылысты және өзге мәдениет белгілеріне толеранттық қарым-қатынасты дамыту.
Берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу іс-әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктив әрекеттен репродуктив-нәтижелі әрекетке, кейіннен нәтижелі әрекетке қарай дамиды.
5-7-сыныптарда айтылым дағдыларын (диалогтік және монолог сөз) дамыту үшін нәтижелі жаттығуларды, яғни берілген репликалармен диалог құру, үлгі-диалогтарды дыбыстау қолданылады. Жаттығулар шығармашылық сипатта болуы мүмкін. Монолог сөз дағдыларын дамытуда тірек сөздер, жоспар, логикалық сызба, ассоциациядан тұратын нәтижелі, репродуктив жаттығулар, т.б. қолданылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін жаттығуларды алдымен жазбаша, кейін ауызша түрде орындауға болады.
5-7-сыныптарда «Шетел тілі» оқу пәнін игертуде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіледі:
-
шетел тілін меңгерудің мотивациясын қалыптастыру және «Шетел тілі» пәнін білім беру бағытында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;
-
«Шетел тілі» оқу құралдары арқылы өзін көрсету мүмкіндігін сезіну;
-
тұтастай жеке сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;
-
мәдениеаралық және этникааралық қарым-қатынаста коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.
8-9-сыныптарда (А2 оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениетаралық құзыреттерінің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл кезеңде үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құру қабілетін қалыптастыру қажет.
Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады. Көптілді мектептерде ағылшын тілін тереңдете оқыту көзделген.
5-7-сыныптарда лексикалық минимумды қалыптастыру, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша бастапқы терминологиялық сөздікті әзірлеу ұсынылады.
8-9-сыныптарда лексикалық минимум артады, ағылшын тілінде оқытылатын оқу пәні курсының көлемі кеңейеді.
Шетел тілі сабақтарында оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру болып табылады:
-
оқушылар бойында шетел тілінің қазіргі адам өмірінде және көпмәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет тілін қолдануда мәдениетаралық қарым-қатынаста басқа халықтар әлемі мен мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;
-
азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениеттерді меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;
-
коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігіндегі деңгейіне қарай ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әр түрлі үлгіде тілді таратушымен қарым-қатынаста қабілеттілігі мен дайындығын, коммуникативтік шешімдер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес барынша кең көлемде сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды тепе-тең пайдалану;
-
ағылшын тілді елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қатынасын қалыптастыруды жалғастыру;
-
ауызша және жазбаша қатынаста шетел тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шетел тілі пән мұғалімдеріне ұсынылатыны:
-
оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);
-
сипаттау дағдысын қалыптастыру үшін ақпараттармен жұмыс жасау, шетел тілінде сипаттама беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау;
-
оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеуге үйрету.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Шетел тілі» пәні бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:
5, 6, 7, 8, 9-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына әрбір сыныпта 68 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |