Оқу жылының басындағы тексеру бақылауы
Химиядан 10-сыныпқа арналған тест тапсырмалары 2-нұсқа
1. А+ВС=АС+В жалпы сызбанұсқасындағы реакция типі:
A) айырылу B) қосылу C) алмасу D) орынбасу E) бейтараптану
2. Ерітінділері мен балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар
A) бейэлектролиттер B) өршіткілер C) электролиттер D) индикаторлар E) спирттер
3. Кальций карбидінің формуласы : A) NaF B) HF C) Са2С D) Na3P E) PH3
4. Сутегі бойынша тығыздығы 1 болатын сутектің аллотропиялық түр өзгерісінің салыстырмалы молекулалық массасы: A) 6 B) 5 C) 4 D) 3 E) 2
5. Берілген: H2O, NaCl, MgO, LiOH, H2SO4. Күкірт (ІV) оксидімен әрекеттесетін заттар саны:
A) 4 B) 2 C) 5 D) 1 E) 3
6. Тұздың құрамындағы нитрат ионды анықтау үшін қолданады:
A) күкіртті қышқылы, мыс жаңқасы B) күкірт қышқылы, мыс жаңқасы
C) күкірт қышқылы, темір жаңқасы D) күкіртті қышқылы, темір жаңқасы E) күірт қышқылы, мыс (ІІ) оксиді
7. Шынының құрамы: A) СаО, AL2O3, SiO2 B) СаО, AL2O3, 2 SiO2 C) Na2O, СаО, 2 SiO2 D) Na2O, СаО, 6 SiO2 E) Na2О, СаО, SiO2
8.ZnSO4 + NaOH → теңдеуі бойынша, қысқартылған иондық теңдеуіндегі иондар саны: A) 5 B) 6 C) 2 D) 4 E) 3
9.Әк суын жиі қолданады: A) CO2 , уақытша кермектікті жоюға B) CO, уақытша кермектікті жоюға
C) уақытша кермектікті жоюғ D) CO,тұрақты кермектікті жоюға E) CO2 , тұрақты кермектікті жоюға
10.Алюминий сульфаты диссоциациялануы нәтижесінде түзілетін катион саны: A)1 B) 3 C) 5 D) 2 E) 4
11. Су молекуласының кеңістіктегі пішіні: A) сызықты B) бұрышты C) призма D) пирамида E) тетраэдр
12.Металл нитраты айырылғанда азот диоксидін бөледі: A) NaNO3 B) Mg(NO3)2 C) Ca(NO3)2 D) Zn(NO3)2 E) AgNO3
13. Судың тұрақты кемектігін кетіру жолы:
A) кальцинирленген соданы қосу B) ас содасын қосу C) әк суын қосу D) тұндыру E) қайнату
14. Сұр шойынның құрамы:
A) 2,4-3,8 % көміртегі, кремний, марганец B) 2,2-3,5 % көміртегі, кремний, марганец
C) 2,4-3,8 % көміртегі, кремний, темір D) 2,2-3,5 % көміртегі, кремний, темір
E) еш жауап дұрыс емес
15. Қара фосфордың қасиеттері
A) жарқырамайды, от алғыш, улы емес B) жарқырайды, от алғыш, улы
C) жарқырайды, от алғыш, улы емес D) жарқырамайды, от алғыш емес, улы емес
E) ешқай жауап дұрыс емес
16. Төменде берілген ерітінділер лакмус қағазын көк түске бояйды : A) NaСl B) NH4Cl C) (NH4)2S D) Na2CO3 E) Nа2SO4
17. Қайтымсыз толық гидролизденетін мырыш тұзы: A) Zn(NO3)2 B) ZnCl2 C) Zn3(PO4)2 D) (CH3COO)2Zn E) ZnS
18. Темір рудасындағы темір оксидінің (Fe3O4) массалық үлесі 75 %. 23,2 г рудадағы темірді толық тотықсыздандыру үшін қ.ж.да қажет сутектің көлемі(л): A) 11,2 л B) 6,72 C) 22,4 D) 44,8 E)1,12
19. Молекулалық массасы 84 болатын этилен қатарындағы көмірсутектің формуласы:
A) бутен B) пентен C) гексен D) гептен E) октен
20. Мұнай айдауының алғашқы өнімі: A) Бензин B) Лигроин C) Керосин D) Мазут E) Газойль
21. Полисахаридке жатады: A) сахароза B) фруктоза C) целлюлоза D) глюкоза E) аққуыз
22. Ағзада май гидролизденгенде түзеді: A) глицерин, олеин қышқылдары B) глицерин, стеарин қышқылдары C) глицерин, амин қышқылдары D) күрделі эфир, стеарин қышқылдары E) күрделі эфир, су
23. Этиленді нақты қолданады: A) синтетикалық талшық алуға B) синтетикалық көксағыз алуға
C) полимер алуға D) пластмасса алуға E) химиялық талшық алуға
24. Көміртектің массалық үлесі 85,7%, ал сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 28 болатын көмірсутектің атауы: A) Бутан B) Бутин C) Бутен D) Бутанол E) Пропан
25. Денатурация дегеніміз: A) көмірсулар құрылысының бұзылуы B) полимерлер құрылысының бұзылуы
C) талшықтар құрылысының бұзылуы D) резеңке құрылысының бұзылуы
E) аққуыз құрылысының бұзылуы
Достарыңызбен бөлісу: |