Оқу сауаттылық НҰСҚА



Дата19.04.2024
өлшемі69 Kb.
#499303
модо кітапша 2024 (1)


ОҚУ САУАТТЫЛЫҚ НҰСҚА

Гүл – жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс.Гүлдердің ешкімге зияны жоқ,керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш,көтеріңкі көңіл күй сыйлап,адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие.
Есте жоқ ерте замандарда , яғни көркемсөз өнері дамымаған , хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі.Одан бері қанша ғасыр өтсе де , бұл дәстүр сақталып келеді. Гүлдердің сырына үңіліп көрейік.
Мысалы , қызғалдақ-дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі.
Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп.Шын мәнінде , қызғалдақтың отаны-Қазақстан ! Сакура – Жапонияның символы болып табылатын гүл.Оның гүлдеуі адамның сана – сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді.Раушан гүлінің отаны- Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды.Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді , аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді.Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген .Грекияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады.
Дицентра - Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаниетта жүрекшесі» деп атаса , орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп атайтын көрінеді.Қалай атаса да,әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихтары бар. Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады.Адамдар орхидеяға өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді.Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп.Чарлз Даркиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған болатын.
1.«Раушандар бағы» атауының шыққан жері
А) Персия В) Жапония С) Германия Д) Қазақстан
2. «Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық
А) Раушан В) Сакура С) Қызғалдақ Д)Орхидея
3.Қызғалдақ отаны
А)Германия В)Қазақстан С)Ресей Д)Франция
4.Француздар «Жаниетта жүрекшесі» деп атаған гүл
А) Раушан В) Сакура С)Орхидея Д) Дицентра
5. Жапонияның символы болып табылатын гүл ?
А) Раушан В) Сакура С)Орхидея Д) Дицентра
Бір кездері аттарына ғана анда-санда бір еститін көптеген жемістер бұл уақытта көше-көшеде , тіпті аяқ асты дейтіндей жерлерде де сатылатын болды.Сондай көп сатылатын жемістің бірі банан екенін көріп жүрміз.
Дәрігерлердің айтуынша , бұл жемістің де пайдалы шипалы қасиеттері көп көрінеді.Ол әсіресе сусамыр (қант диабиет) ауруына шалдыққандарға өте пайдалы делінеді. Мұндайда піскен жемістің шипалық әері болатыны анықталды.
Бананда А,В,РР және Е дәрумендері мол болғандықтан оның бас ауруларына , терінің күпсуіне қарсы шипасы бар, көздің көру қасиетіне игі ықпалы мол,қандағы холестерин мөлшерін азайтады, қалқанша бездің қызметін дұрыстайды.Бананның жаңа піскен мәуесі ана сүтін молайтумен қоса , ағзаның қартаю процесін баяулатады.



6. Мәтінге қай тұжырым сәй келеді?
1. Бананның емдік қасиеті көп
2. Бананды жегеннен ана сүті молаяды.
А) Екіншісі дұрыс
В) Біріншісі дұрыс
С) Біріншісі дұрыс
Д) Екеуіде дұрыс
7. Банан қандай ауруларға пайдалы ?
А) Қант диабеті
В) Жүйке ауруы
С) Жүрек ауруы
Д) Остеохондроз
8.Бананың адам ағзасына әсері .
А) Қанды қоюлатады
В) Қартаю процесін тежейді.
С) Көздің көру қасиетін баяулатады
Д) Холестерин мөлшерін артырады
9. Мәтіннің тақырыбы қандай?
А) Жемістердің зияны
В) Бананның қасиеті
С) Шипагерлік қасиеттер
Д) Дәрумендердің тарихы
10. Банан жемісінде қандай дәрумендер мол болады ?
А) А, С,В6 В) Р,К,А С) С,А, Са Д) А,В РР

Қазан айының соңғы күндері.Құстар топ-топ болып тізбектеліп , жылы жаққа қайтып жатқанды .Мен ұлым Қазтайды ертіп , Егіндібұлақ көлінің жағасына келіп, табиғаттың күзгі көрінісін тамашалап тұрғанмын. Аспанда жападан-жалғыз ұшып бара жатқан қоңыр қазға көзім түсті. Ол ауық-ауық аянышты дыбыс шығарып барады.


-Әке ,мынау құс не деп барады ?Неге жалғыз қалған ?-деп сұрады Қазтай.
- Бұл – қоңыр қаз. Жылы жаққа қайтқан өзінің тобынан қалып қойғанға ұқсайды. Енді не істерін білмей жетімсіреп , басына қауіп төнген түрі бар сияқты.
- Әке ,ол басқа құстардың тобына неге қосылмайды?
- Қосылуы қосылар еді - ау , бөтен құстар өзінің тобына ала ма?Осы сәт тыраулаған тырналар сән түзеп , жылы жаққа кетіп бара жатты.Қоңыр қаз сондарынан ілесіп еді,бір-екі тырна бөлініп шығып қазды қуып тастады.Енді біраздан кейін аспанда тізіліп,ақ шатыр құрғандай аққулар тобы өте берді. Қоңыр қаз : «Түбі бір туысың емеспін бе , мені де қосып алыңдар»,- дегендей қаңқ-қаңқ етіп етіп , оларға жанаса беріп еді, бір-екі аққу бөлініп шығып,қазды қуып тастады.
-Әке, мына аққулар да жалғыз қазды тобына қоспады ғой,-деп Қазтай жабырқап ұзақ тұрды.
11. Мәтіндегі оқиға қай аймен байланысты?
А) Маусым В) Наурыз С) Желтоқсан Д) Қазан
12. Қоңыр қаздың жалғыз қалуына себеп болған жағдай?
А) Тұзаққа түсіп қалуы В) Өзге құстарға қосылып кетуіне
С) Тоббынан ажырап қалуы Д) Қайтатын уақытынан жаңылуы
13. Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз?
1. Көл жағасында 2.Жалғыз қалған қоңыр қаз
3. Сән түзеген аққулар 4 Тыраулаған тырналар
А) 3,1,2,4 В) 1,2,4,3 С) 4,2,1,3 Д) 1,2,3,4
14. Әке, мына аққуларда жалғыз қазды тобына қоспады ғой,-деп Қазтай жабырқап ұзақ тұрды.Осы сөйлемнен Қазтайдың қандай сезімде болғанын анықтаңыз.
А) Шыдамсыздық танытты В)Ренішін білдірді
С) Немқұрайлық танытты Д) Бойкүйездікке бой алдырды
15. Әкесі ұлымен бірге қандай көлдің жағасына барып,табиғаттың күзгі көрінісін тамашалады?
А) Белбұлақ В) Егіндібұлақ С) Ақбұлақ Д) Сарыбұлақ




МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НҰСҚА

1. Дүкенге 280 литр сүт әкелінді. Оның 30 литрі балабақшаға жіберілді және 3 литрлік 18 құмыра сүт сатылды. Дүкенде неше литр сүт қалды?
А) 89 л В) 196 л
C) 186 л D) 189 л

2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 9см, ені одан 3см қысқа. Периметрін тап.


А) 18 см В) 15 см
C) 30 см D) 6 см

3. Өрнек түрінде жаз және мәнін тап:


78090 және 10907 сандарының қосындысын а-ға кеміт, мұндағы а = 61900
А) 58997 В) 37097
C) 88997 D) 27097

4.Сәйкес келетін амалдар таңбасын тауып қой.


4 9 7 12 = 84
А) + , – В) :, х
C) + , : D) х, :

5.Цифрмен жазылуын көрсет:


Алты миллион бес жүз жиырма бес мың жүз жетпіс жеті
А) 65250177 В) 502177
C) 65002577 D) 6525177

6.Квадраттың ауданын есептейтін формуланы белгіле.


А) S = a × b В) S = (a + b) × 2
C)a × b × hD) S = 2a × b

7. 65км/сағ жылдамдықпен қозғалған машина 5 сағатта қанша км жол жүреді?


А) 320 В) 335
C) 325 D) 315

8. Сағатпен өрнекте: 3 тәу. 18 сағ


А) 88 В) 78
C) 98 D) 90

9. Жәшіктің ұзындығы 7см, ені 3см, биіктігі 4см. Жәшіктің көлемін тап:
А) 48 В) 84
C) 88 D) 44

10.Автобус 35 км/сағ жылдамдықпен 70 км жүрді. Ол жолда қанша уақыт болған?


А) 4 сағ В) 3 сағ
C) 2 сағ D) 1 сағ

11. 7 санының квадраты неге тең?


А) 16 В) 32
C) 24 D) 49

12. Бір орамда 64 м жіп, екіншісінде біріншіге қарағанда 20 м аз жіп оралған. Екі орамада барлығы неше метр жіп оралған?


А) 64 – 20 В) 64 – (64 – 20)
C) 64 + 20 + 64 D) (64 – 20) + 64

13. Мәні 400-ге тең болатын өрнекті тап.


А) 1000 – 500 + 100 – 100 – 100
В) 900 – 600 + 200 + 100 – 100
C) 600 + 200 – 400 – 100 – 100
D) 300 + 300 – 200 + 200 + 100

14.Көбейтумен алмастыруға болатын амалды белгіле.


А) 5 + 4 + 3 + 1
В) 9 – 9 – 9 + 9
C) 4 + 4 + 4 + 4
D) 8 – 3 + 2 – 3

15. Балалардың велосипедінде 3 доңғалақ бар. Сондай 6 велосипедте барлығы неше доңғалақ бар?


А) 3 × 6 – 18 (д)
В) 6 – 3 = 3 (д)
C) 6 : 3 = 2 (д)
D) 3 + 6 = 9 (д)



Жаратылыстану сауаттылығы

1.Өсімдік әлеміне зиян келтіретін табиғи құбылысты атаңыз:
А) қар В) самал жел С) бұршақ Д) жаңбыр
2. Әр түрге жататын ағзаларды бір біріне зиянын тигізбей, бірігіп , пайдалы тіршілік етуі қалай аталатындығын көрсетіңіз.
А) Симбиоз В) Бәсекелестік С) Тозаңдану Д) Қоректік тізбек
3.Жанғыш пайдалы қазбалардан алынатын энергияның баламалы көздерін атаңдар.
А) Өсімдіктер мен жануарлар энергиясы
В)Тау,тас,құм энергиясы
С)Қара металл энергиясы
Д)Күн,су,жел энергиясы
4.Жыртқыш жануарлар тобына жататын катарды көрсетіңіз
А)кесіртке,жылан.қоңыз,көбелек
В)Қасқыр,аю,түлкі,қарсақ
С)Қоян,елік,бұғы,марал
Д)Тышқан,киік,бұлан,тиін
5.Таза заттарды атап көрсет
А)ауа
В)сүт
С)тұз
Д)нан
6.Температура әсерінен заттың қатты күйден сұйық күйге айналу үдерісі қалай аталады?
А)қайнау
В)еру
С)балқу
Д)кебу
7.Өсімдіктің тіршілік циклі неден басталады?
А)тұқым
В)жеміс
С)гүл
Д)жапырақ
8.Темірдің қасиетін көрсетіңіз
А.жанады
В.шіриді
С.балқиды
Д.ериді

9.Ауаның құрамын ата


А)сутек,мыс,мырыш
В)оттегі,азот,көмірқышқыл газы
С)азот,мырыш
Д)сутек,отек
10.Жүйке жүйесі?
А)ми,жұлын,жүйкелер
В)ми
С)жүйкелер
Д)ес,ақыл
11.Адам айналадағы заттар мен құбылыстарды қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?
А)көру,есту,дәм сезу,иіс сезу,сипап сезу
В)көру
С)иіс сезу,сипап сезу
Д)ұстау,көру,қолдау
12.Өсімдікті қорғау шаралары?
А)Қорық ұйымдастыру
В)Қызыл кітапқа еңгізу
С)Зерттеу
Д)Заңмен қорғау
13.Заттардың қайсысы жанады,қайсысы жанбайды
А)бензин
В)ауа
С)су
Д)өзен құмы
14.Желкенді қайық неліктен су бетімен қозғалады?
А)жердің тартуы
В)қажалу
С)магнетизм
Д)жел
15.Қандай екі обьект өзінің сәулесін шашады?
А)майшам мен ай
В)ай мен айна
С)күн мен майшам
Д)айна мен күн


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет