Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-мәтін  Ырыс пен берекет



Pdf көрінісі
бет74/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   185
null

3-мәтін 
Ырыс пен берекет 
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан қырып, табыс тауыпты. Үйіне 
дуниені канша үйсе, ол согұрлым кеми береді екен. Байлығынын берекесі болмапты. Бегайдардын 
үйлі-баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде бес-алты ешкісі болады. Бірақ тұрмысы күннен 
күнге гүлдене береді. Бір күні Бегайдар көршісінен: 

Әй, көршім, 
СЕНІҢ
бала-шаган бар. Мал дегенде бес-алты тоқал ешкің гана бар. Бірақ отбасың 
берскелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол ақша табамын. Бірақ 
берекесі жоқ. Сыры неде? - деп сұрады. 
Көршісі: 
- Қаратаудың басында мың жасаган данышпан бар. Содан ақыл сұра, - деп жауап берді. Беғайдар 
ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап- шалдығып қеле жатып, бір лашыкқа тап болды. 
ішіне кірсе, шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татқаннан кейін 
шалга жағдайын баяндады. Шал: 

Балам. данышпанға бара жатсаң, менің аманагымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп отыр. 
Соны қандай адамға берсем болады? - деді. Бегайдар: 

Жарайды. ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, ден аттанып кетті. Тағы да ұзақжол 
жүріп. шаршап-шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде бәйтерекке тіл бітіп: 

Әй, Беғайдар, данышпанга барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ бұтақтарым 
жеміс бермейді. Сыры неде екен? - деді. Бегайдар онын да аманатын арқалап, жолға шығады. Бір қүні 
әрең дегенде данышпанға жетті. Данышпан: 

Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? - деді. Бегайдар: 

Терлеп-тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірак берекесі болмайды. Көршімнін бес-
алты ешкісі, көп бала-шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Соның сырын іздеп жүрмін. Жолда 
шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолыктым. Олардың да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- 
білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап: 

Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алаканына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні 
акылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен байтеректің түбінде ат басындай алтын көмілген. 
Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - 
деді. 
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды казып алды. Оны қыздың 
қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы түрақтайды. Осылайша. әйелі 
екеуі барша мұратына жетіпті. 
7. «Үйдің берекесі әйелдІң алақанына жасырылған» сейлемінің магынасы 
A) Әйел - үйлестіруші, үйдің кұты 
B) Әйел - сыншы, бағалаушы 
C) Әйел - әдемі, сұлу 
Д) Әйел - үйретуші, тәлімгер
Е) Әйел - қорғаушы, бақылаушы 
8. Қыздын ата-анасына берілген нәрсе 
A) Күміс 
B) Жеміс ағашы 
C) Мал-мүлік 
Д) Бес-алты ешкі
Е) Қалыңмал 
9. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Данышнан ақылы 
2. Көршісінің кеңесі 
3. Бәйтеректің өтініші 
4. Лашыктағы әңгіме 
A) 4, 1,2,3 
B) 2, 3,4,1 
C) 3, 4, 1,2
Д)2, 4,3, 1 
Е) 1,2,3,4 
10. Бәйтеректің жеміс бермеуінің сыры 
A) Суғатапшы болғандықтан 
B) Ауа райы колайсыз болғандыктан 
C) Түбіндегі алтын өсірмегендіктен
Д) Ағаш кәрі болғандықтан 
Е) Тамыры теріңде болғандықтан 


87474320427 
82
11. Көрші үндің берекесінің сыры 
A) Мол табысында 
B) Ақылды әйелінде 
C) Бес-алты ешкісінде 
Д) Қоңырқай тұрмысында
Е) Бала-шағасында 
12. Әңгіменің түйіні 
A) Ерте түрган әйелдің бір ісі артық. 
B) Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. 
C) Еңбексіз талқан мал есепсіз кетеді. 
Д) Ырыс алды - мнтымақ 
Е) Ерте тұрған еркектің ырысы артық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет