96
арналған сервис
app.teachermade.com
Сандық жұмыс парақтарын,
тапсырмаларды құруға, әртүрлі
форматтағы жұмыс парақтарын (Google Slides, Docs, PDF және
т. б.) интерактивті парақтарға түрлендіруге арналған қызмет
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Жиынтық бағалау - оқу бағдарламасының бөлімдерін зерделеу
аяқталғаннан кейін және оқу тоқсанының соңында білім алушылардың білімін
игеру деңгейін және дағдыларын қалыптастыруды айқындайтын бағалау.
Үлгерімді ағымдағы бақылау педагогтарға, білім алушыларға және ата-аналарға
белгілі бір кезеңдегі білім алушылардың үлгерімі туралы баллдар мен бағалар
қою арқылы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Егер ФБ оқу процесінде білім алушылардың үлгерімін тексерсе, онда ЖБ
бөлімді / ортақ тақырыпты (БЖБ) және тоқсанды (ТЖБ) зерделеуді аяқтағаннан
кейін білім алушылардың құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған.
Бағалаудың екі түрі де сараланған
тәсілді ескере отырып, педагогтердің көп
деңгейлі тапсырмаларды әзірлеуін қамтиды.
«Білім алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылауды, аралық және
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ
2008 жылғы 18 наурыздағы № 125
бұйрығына сәйкес БЖБ оқу
тапсырмаларының саны
- 2-4-сынып білім алушылары үшін-3-4 оқу тапсырмасы;
- 5-11-сынып білім алушылары үшін-5-6 оқу тапсырмадан аспауы керек.
ЖБ тапсырмасын педагогтер құрастыру кезінде, білім алушылар оларды
орындау кезінде академиялық адалдық қағидатты сақтау маңызды.
БЖБ түрі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба,
эссе, диктант,
презентация, эссе, тестілеу) мен сабақта өткізілетін уақытын
педагог өзі анықтайды.
Педагог өткен бөлімнің, тоқсанның, жартыжылдықтың оқу материалының
мазмұны бойынша оқу бағдарламасына сәйкес
техникалық спецификация
негізінде БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлейді. ЖБ өткізу кезінде педагог
таңдалған оқу материалының оқу бағдарламасы бойынша бөлімнің/ ортақ
тақырыптардың / тоқсанның өткен тақырыптарына сәйкестігін қамтамасыз ету
қажет.
1-сыныпта ЖБ өткізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: