Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата10.10.2023
өлшемі0.78 Mb.
#480311
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
panshina-pedagogikalyk

1.4.4-бөліміне 1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Əр елдердің бір пəн бойынша емтихандарының құрылымы мен 
мазмұнының ерекшеліктерін көрсетейік. 
A-level емтиханын тапсыруға ағылшын мектеп оқушылары орташа 
алғанда 9-10 сағатқа дейін уақыт жұмсайды. Емтихан жұмысы əдетте 
бір нұсқада əзірленіп, бірнеше бөліктен тұрады, оларды орындау бары-
сында түрлі білімдер мен дағдыларды көрсету қажет. 
<...> Биология бойынша емтихан міндетті тақырыптар мен таңдап 
алынған тақырыптар ды қамтиды. 
Емтихан пəндік жəне жалпы білім алу дағдыларының келесі 
түрлерін меңгеруді тексереді: 
A. Білу жəне түсіну 
биологиялық деректерді, терминдерді, ұстанымдарды, түсініктер 
мен өзара қарым-қатынастарды; 
– эксперименттік əдістемелерді; 
– қоғам өмірінде, сондай-ақ экономика мен технологияда зама-
науи биологияны пайдалану сүрақтарын (мысалы, қоршаған орта 
мəселелерін шешу үшін). 
Б. Биологиялық білімді: 
гипотезаларды ұсынуда, эксперименттерді жоспарлауда жəне 
өткізуде, нəтижелерді түсіндіруде; 
– эксперименттердің нəтижелерімен бірге сандық жəне сапалық 
ақпаратты өңдеуде жəне талдауда; 
– қорытындылар шығаруда; …
– мəселелерді шешуде (əлеуметтік, экологиялық, экономикалық, 
технологиялық жəне т.б.) пайдаланады. 
В. Эксперименттік жəне тəжірибелік əдістемелерді пайдаланудағы 
нақтылық, соның ішінде байқау нақтылығы мен нəтижелерді жазу 
нақтылығы. 
Г. Биологиялық ақпаратты келіскен жəне дəйекті етіп жазбаша, кес-
телер, диаграммалар, суреттер түрінде баяндау. 
Емтихан 5 бөліктен тұрды. Барлық тапсырмалар жазбаша жауап-
ты талап етеді. Олардың ішінде қысқаша жауап беретін, толық жауап 
беретін жəне эссе жазу қажет болған тапсырмалар да болды. Барлық 
тапсырмаларда қысқаша сұрақтары болды, əрқайсысының соңында 
оның орындалуына неше ұпай берілетіні хабарланды (1-ден бастап 30-
ға дейін). 
<...> Бакалавр дипломын алу үшін француз студенттері тапсыратын 
емтихандар ағылшын емтихандарынан мөлшері бойынша да өткізу 
уақыты бойынша да айтарлықтай өзгешеленеді. Биология бойынша 


92
жазбаша емтиханға ... 3 сағат берілген. Ұсынылған екі нұсқадан студент 
біреуін таңдап алуы керек. Əрбір нұсқа екі бөліктен тұрады, олардың 
ішінде еркін жауап беретін бес тапсырма болады. Бірінші бөлігінде 
негізгі биологиялық материалды білуге жəне түсінуге арналған бірнеше 
қысқаша сұрақтары бар бір тапсырма болды. Екінші бөлігінде түрлі 
құжаттарда (диаграммаларды, кестелер мен графикаларды пайдалана 
отырып, эксперименттерді сипаттау) берілген ақпаратты түсіндіруге 
арналған қысқаша сұрақтары бар 4 тапсырма енгізілді. ...
<...> Неміс Аbitur емтиханының мысалы ретінде Баден-Вюртемберг 
жерінің гимназия түлектеріне биология пəні бойынша 1992 жылы 
əзірленген емтиханды қарастырайық. Емтихан жұмысы алты бөліктен 
тұратын бір нұсқадан тұрды. <...>. Əр бөлігінде 5-6 сұрақтан болды, 
оларға оқушылар биологиялық материал бойынша білімдерін жəне 
түрлі биологиялық нысандар кестелерін түсіндіре отырып, суреттей 
алу дағдыларын көрсетіп, биологиялық есептерді шешу, эксперимент-
тер нəтижелерін түсіндіру жəне басқа да іскерліктерін көрсетіп, жазба-
ша жауап берулері тиіс болатын. Барлығы жұмыста 31 тапсырма бол-
ды. Бүкіл емтиханға 4 сағат 30 минут берілді. 
Екінші турда жапондық мектеп оқушылары тапсыратын емти-
хан мысалы ретінде 1991 жылғы елдің ең беделді университеттерінің 
бірі – Токио Университетіне түсу емтиханын алуға болады. Емтихан 
жұмысы бір нұсқадан тұрды. Ол бес тапсырмасы бар үш бөліктен 
тұрады (барлығы 15 тапсырма), олардың көбіне қысқаша жəне толық 
(70-100 сөзге дейін) жазбаша жауап беру қажет болды. Емтиханға 2 
сағат 30 минут берілді. Əрбір бөлікке биологияның бір бөлімінен тап-
сырма енгізілді. Барлық тапсырмалар кейбір теориялық материалды, 
тəжірибелік жағдайды немесе экспериментті сипаттаудан басталды. 
Талапкерлер берілген біріктірілген ақпаратты талдау негізінде бейта-
ныс жағдайда өз білімдерін пайдалану іскерлігін көрсетуге тиіс бол-
ды. 
<...> 1990 жылғы биология бойынша америкалық емтихан екі 
бөліктен тұрады, оларға форматы бойынша əртүрлі тапсырмалар 
енеді: бірінші бөлігінде тек жауапты немесе сəйкестікті таңдайтын 
тапсырмалар, екінші бөлікте – еркін жауап беретін тапсырмалар. 
Оқушылардың оқу жетістіктерін жауапты немесе сəйкестікті таңдайтын 
тапсырманың көмегімен бағалау, өлшем сенімділігін қамтамасыз 
ету үшін тапсырмалардың біршама көп мөлшері қажет екені белгілі. 
Осыған байланысты биология бойынша емтихан жұмысының бірінші 
бөлігінде бұндай тапсырмалар саны 120, олардың 20-сы сəйкестікті 
табуға арналған тапсырмалар. Мазмұны бойынша олар биологияның 
бүкіл мектеп курсын қамтиды. Екінші бөлігінде барлығы теориялық 


93
материалды білуге жəне түсінуге арналған, сондай-ақ эксперименттік 
деректерді талдауға жəне түсіндіруге арналған төрт тапсырма. ... 124 
тапсырманы орындауға бір жарым сағат берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет